Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Түркологиялық конгресте тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері талқыланды

Түркологиялық конгресте тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың  туғанына 100 жыл толуына арналған «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті  мәселелері» атты  түркологиялық конгресстің пленарлық отырысы өтті, - деп хабарлады Aykin.kz

 Конгреске белгілі қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық ғалымдар, жазушылар қатысып, сондай-ақ шетелдік оның ішінде Түркия, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның жетекші ғалымдары өз баяндамаларында шараның бүкіл түркі елдеріне ортақ екенін мәлімдеп, ғылыми зерттеулерімен бөлісті.

Конгресте арнайы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізді. Президент өз құттықтауында: «Шора Сарыбаев – тіл ғылымын дамытуға, оның тарихын терең зерттеуге айрықша еңбек сіңірген ғибратты ғалым. Ол ана тіліміздің көкжиегін кеңейтіп, ғылыми дамуына зор үлес қосты. Белгілі академик қазақ тілінің аймақтық сөздігін құрастыру мақсатында арнайы экспедициялар ұйымдастырып, іргелі зерттеулер жүргізді. Қазақ және түркі тілдерінің диалектологиялық атласын жасауға белсене атсалысты, тіл білімінің библиографиясын әзірледі. Ғалымның еңбек жолын отандық ғылымға деген адалдықтың озық үлгісі деуге болады».

Ауқымды іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев және «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Шора Шамғалиұлының ғылыми еңбектері тек қазақ тілінің ғана емес, жалпы түркі тілдерінің тарихын, диалектілік байлығын танытуға зор үлес қосқанын айтты.

"Ол өз мектебін қалыптастырып, кейінгі буын тілтанушы ғалымдарға бағыт-бағдар берді. Бүгінгі конгресс – сол ұлы дәстүрдің жалғасы, ғылымдағы сабақтастықтың көрінісі", - деді ол. 

Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ш.Сарыбаевтың қазақ тілі тарихы мен диалектологиясын, лексикологиясы мен лексикографиясын, тәжірибелік лексикографияны, терминология мен грамматиканы зерттеуге қосқан үлесі зор. Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында іргелі зерттеулер жүргізе жүріп, ғылыми кадрлар даярлау ісіне де белсене араласты. Көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ғылыми мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұстаз атанды» деді құттықтау сөзінде. 

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды басқосу жайында ойын білдірді.

– Академик Ш. Сарыбаев – бүкіл еңбек жолын қазақ тіл білімінің түрлі саласында терең зерттеулер жүргізген көрнекті ғалым. Ол тек ғылыммен шектелмей, ұлттық мәдениет пен қоғамдық өмірге де белсене араласты. Ғалымның білім мен руханиятты ұштастырған жан-жақты тұлғасы кейінгі буынға әрдайым үлгі болары сөзсіз, – деді ол. 

Конгресс аясында академик Шора Сарыбаевтың ғылыми мұрасы мен қазақ диалектологиясының өзекті мәселелері талқыланып, түркі тілдері мен алтаистикадағы салыстырмалы-тарихи зерттеулерге назар аударылды. Қазақ тілінің тарихы, лексикологиясы мен лексикографиясының жаңа қырлары, сондай-ақ антропоөзектік бағыттағы лингвистикалық ізденістер қарастырылды. Терминологияның өзекті мәселелері мен ұлттық тіл корпусын әзірлеу тәжірибесі де күн тәртібінде талқыланды. Сонымен қатар тіл білімін білім беру жүйесінде дамытуға арналған бағдарламалар мен әдістемелік инновациялар қарастырылды. Конгрестің секциялық мәжілістері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын табады.

Айтулы шарада академик Ш.Сарыбаевтың ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған жаңа еңбектер: ғалымның толық шығармалар жинағы, библиографиялық көрсеткіш, тіл оқыту әдістемесіне арналған еңбектер мен тұлғалық қырын ашатын басылымдар таныстырылып, ғалымның 100 жылдығына арналған түркологиялық конгресс материалдары жарық көрді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see126

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see124

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see123

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see120

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see119

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see118

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see116

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see116

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see115

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see114

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see113

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see113

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see113

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see113

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see109

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see108

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары