Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматыда шағын бизнестің салығы 3% ға дейін төмендетілді

Алматыда шағын бизнестің салығы 3% ға дейін төмендетілді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында қабылданып отыр. Кодекске сай базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген, деп жазады Egemen.kz.

Фото: freepik.com

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаевтың айтуынша, мөлшерлемені 3% деңгейінде сақтау кәсіпкерлерге түсетін қосымша жүктемені азайтады. 

Бүгінде Алматыдағы шағын бизнес субъектілерінің басым бөлігі 3% мөлшерлемемен қолданыстағы жеңілдетілген режимде жұмыс істейді. Егер мөлшерлеме артса, компаниялардың қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етуі ықтимал.

Салық саласындағы өзгерістердің бірі – B2C сегменті. Бұл санатқа үй маңындағы дүкендер, қызмет көрсету орталықтары, сұлулық салондары, жөндеу шеберханалары және халыққа бағытталған өзге де кәсіпорындар енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, жалпыға бірдей тәртіппен жұмыс істейтін бизнес АСР қолданатын компаниялардан алынған тауарлар мен қызметтерді шығыс ретінде есептемейді. Бұл серіктестік тізбектерінің қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан мөлшерлемені 3% деңгейінде сақтау шешімі Алматының шағын және микробизнесінің бәсекеге қабілеттілігін қорғауға бағытталған.

Депутаттар бастаманы қолдай отырып, салық мөлшерлемесін төмендету қала бюджетінің кіріс бөлігіне ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов бұл мәселе депутаттармен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментімен егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.

«Біздің міндетіміз – салық базасын кеңейту, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау. Барлық тәуекел ескерілгеннен кейін мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету ұсынысы енгізілді. Бұл – 200 мың алматылық кәсіпкердің тағдырына қатысты мәселе. Бюджет шығындары бойынша тәуекелдердің өтелетініне сенімдіміз. Қабылданған шешім бизнестің көлеңкеден шығуына, кәсіпкерліктің жандануына және компаниялардың басқа өңірлерге тіркелуінің алдын алуға ықпал етеді. Жалпы алғанда, бір жыл ішінде салық базасының азаймай, керісінше ұлғаюын күтеміз. Сонымен қатар келесі жылы республикалық бюджетке 490 млрд теңге көлемінде қомақты қаражат беру жоспарланған (биыл – 250 млрд). Соған қарамастан, біз алматылық кәсіпкерлерді қолдау жөнінде шешім қабылдадық», деді қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары