Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өткенде мектепте жұмыс істеп келе жатқанына қырық жылдай уақыт болған Бауыржан Мағазұлы есімді ағаймен аз-кем сөйлесіп қалдық. Оқушыларға қатысты әр мәселенің басын бір шалған қазақ тілі пәнінің мұғалімі бір кезде: «Қазіргі ұрпақ тым ұсақталып кетті. Өте нәзік. Жаны да, тәні де әлсіз. Сәл нәрсеге бола морт сынып, кішкене қара жұмысқа жұмсасаң, қиналып қалады», деді. Нені меңзеп тұр екен деп, әңгімеге тарттық. Сөйтсек бірер күн бұрын мектеп маңына ағаш көшетін егу үшін 10–11 сыныптың ұлдарына жер қаздырған екен. Ертесіне «күректен қолымыз ойылып, жара шығып кетті» деп жартысына жуығы сабаққа келмей қалыпты.

«Қазір байқайсыз ба, ұлдарымыз физиоло­гиялық тұрғыдан әлсіз. Күш-қуаты мықты, еңселі, иықты, қолдары қарулы жігіттер аз. Қара жұмысқа қауқарсыз, әлжуаз ұрпақ көбей­ді. Ер азамат, әке, қарапайым мұғалім ретінде осы мәселе соңғы кезде қатты алаңдатып жүр. Ертең мына түрімен олар қалай Отан қорғап, әскер сапында тұрады?». Мұғалімнің шарасыз сұрағы бізді де ойлантып тастады.

Әрине, еш жерде ұлдар  «табиғатынан әлсіз болып бара жатыр» деген нақты биологиялық дәлелденген тұжырым жоқ. Алайда телефонға телмірткен өмір салты мен оның салдары жөнінде БАҚ та, ата-аналар мен дәрігерлер де, ғалымдар да біраздан бері дабыл қағып келеді. Олардың бұл мәселеге қатысты жасаған ортақ пікірі де бар. Қозғалыстың азаюы, технологияға тәуелділік пен гормондық өзгеріс, жалпы қазіргі әлеуметтік орта мен дұрыс тамақтанбаудың кесірі жасөспірімдер арасында физикалық күштің төмендеуіне әкелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр адам күніне кемінде 1 сағат қозғалуы керек деген ұсыныс айтады. Бірақ бұл ұсынысты нақты өмірде орындап жатқан ешкім жоқ. Әсіресе көп уақытын телефон мен компьютерде өткізетін қалалық балалар мен жасөспірімдер күш-қуатты қажет ететін еңбекке бейімделмеген. Дәл осы ұйым ұсынған тағы бір дерек – әлемдегі жасөспірімдердің 80 пайызы жеткілікті физикалық белсенділікпен айналыспайды. Осының өзі олардың төзімділігі мен күшіне тікелей кері әсер етеді.

Медицина мен дене шынықтыру салаларында жиі қолданылатын «гиподинамия» деген ұғым бар. Қарапайым тілмен айтқанда, «көп отырып, аз қозғалу» деген сөз. Бұған спортпен айналыспайтын жеткіншектерді қосыңыз. Осының барлығы жиналып, әлсіз, шаршаңқы, салмағы артық жеткіншектердің санын көбейтіп жатыр. Сол себепті ауыз әдебиетіндегі бала жастан-ақ ерекше күш-қайратымен танылған Алпамыс батыр сынды алыптарды қазір кезіктіре алмайсың.

Күні кеше Алматы қаласында «Жасөспі­рімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Екі күн бойы медицина қызметкерлері, педагогтер мен жастар саясатына жа­уапты мамандар жасөспірімдердің мінез-құлқын бекемдетіп, денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстың өзектілігін сөз етті. «Өз денсаулығына жауапкершілікпен, құрметпен, қамқорлықпен қарайтын ұрпақ қалыптастыру қажет». Модераторлардың ортақ пікірі осыған келіп тоғысады. Іс-шараға қатысқан сенатор Нұртөре Жүсіп те бозбала шақ бұл тек физикалық денсаулықтың емес, құндылықтар, мінез-құлық үлгілері мен өз болашағына деген жауапты көзқарастың қалыптасатын кезеңі екенін айтқан.

«Дәл осы кезең келешек ұрпақтың денсаулық деңгейін айқындайды» деген Сенат депутаты қазіргі таңда цифрлық орта, әлеуметтік желілердің әсері мен ақпараттың қолжетімділігі, оның ішінде әрдайым шынайы әрі қауіпсіз бола бермейтін деректердің салдары күн өткен сайын ауыр болып бара жатқанын да жеткізді.

Әрине, әр жеткіншектің жауапты мінез-құлқын қалыптастыруда негізгі рөлді отбасы, мектеп пен ортасы атқаратыны анық. Алайда ғалымдар дене дамуының ерекшелігі де әр өскелең ұрпақтың тағдырына әсер ететінін айтып, барынша дәлелдеп келеді. Ал қазіргі жасөспірімдердің өмір салты қандай? Бұл мәселеге тек психологиялық емес, ерік-жігер тұрғысынан көз жіберсек ше? Мәселенің мәнісі осындай қарапайым сұрақтардан кейін тығырыққа тіреліп қалады. Өйткені қолының қайраты жоқ қазіргі жеткіншектен ертең қауқарлы, кез келген жауапкершілікке төтеп бере алатын еркек шыға қою екіталай.

...Күнде кешкісін үй маңындағы мектептің жанынан өтіп бара жатып, өзара сөйлесіп тұрған оқушыларды жиі көремін. «Кеше шашымды по-корейский бұйралаттым», «Өткенде жасатқан пирсинг маған ұнамай қалды», «Жаңа шыққан джинсиді киіп көрдің бе?» деген сияқты көбіне нәзік жандарға «тән» ұсақ-түйекті 14–15-тегі бозбалалардың аузынан естігенде... «Бұл ертеңгі ер-азамат айтатын әңгіме ме? Біз осы расымен, ұрпағымызды тым ұсақтатып алған жоқпыз ба?» деп еріксіз ойға қаласың.

Соңғы жаңалықтар

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Спорт • Бүгін, 13:40

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады

Мәдениет • Бүгін, 13:28

Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады

Қоғам • Бүгін, 13:12

Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:02

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:57

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Әлем • Бүгін, 12:52

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

Спорт • Бүгін, 12:42

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

Медицина • Бүгін, 12:37

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:27

Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды

Президент • Бүгін, 12:15

Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті

Спорт • Бүгін, 12:10

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

Әлем • Бүгін, 11:53

Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді

Қоғам • Бүгін, 11:47

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 19:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары