Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты: Бір атаның алты ұрпағы өндіріс саласын таңдаған

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты: Бір атаның алты ұрпағы өндіріс саласын таңдаған

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл әулет – бірлігімен ерекшеленген ағайындылардың ұрпағы. Бір кәсіпорында бірінің ізінен бірі ілесіп, металлургия саласының сан түрлі мамандығын меңгеріп, айналасына үлгі болып жүрген азаматтардың үлкен ағалары Көбей Жайғалиұлының өнегесін көріп келе жатыр.

Өзінің отыз төрт жылын өнеркәсіпке арнаған әулеттің үлкені –  жөндеу механикалық цехының инженер технологі. Көбей Жайғалиұлы зауыттағы алғашқы жылдарын мына бір естелігінен басталады.  

 «Мені зауытқа әкелген жолымның өзіндік маңызды кезеңдері болды. «Кәсіптік-техникалық білімдегі кәсіпқойлар мектебін» бітіргеннен кейін біраз уақыт Ақтөбе қаласындағы кәсіптік училище мен институтта тәлімгер рөлін атқардым. Бірақ бір күні мені қалалық комитетке шақырды: «Сіз ол жақта көбірек қажет боласыз. Ел индустриясын көтеру керек» деді. Сөйтіп, маған жолдама беріп, бағытты – Ақтөбе ферроқорытпа зауытына нұсқады. Осылайша, киелі кәсіпорынға табан тіредім. Өз жолын таңдаған әрбір адамның тарихында кітаптармен ғана емес, тұлғалармен қаланған іргетас болады. Бізге, кәсіптік-техникалық білім берудегі өндірістік оқыту шеберлерінің – металдарды кесу арқылы өңдеу технологтарының түлектері үшін бұл орын мәңгілікке «Кәсіпқойлар мектебі» болып қалды. Біз оны арамызда осылай тайтынбыз, өйткені біздің оқытушыларымыз аты аңызға айналған Днепропетровск инженерлік мектебінің нағыз «атланттары», сондай-ақ индустрияның жүрегі – Қарағанды және Теміртау мектептерінің өкілдері еді. Міне, мен сол оқу ордасынан білім жинап келген бозбала жігіт едім».   

Кезінде Көбей Жайғалиұлын Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механикалық цехына Ақтөбе қалалық партия комитеті мен комсомол комитетінің жолдамасымен алған болатын. Әйтсе де кейіпкеріміз бірден бағы жанған  маман болып кетпеді. Сол кездегі тәртіп бойынша сынақтан өту керек болып, алдымен алты ай станокпен жұмыс істеген. Ол кездегі қатаң тәртіппен жүретін басшыларының «Нәтижеңді көрсет, сосын шешім қабылдаймыз» деген талабын қабылдайды. Жас маман алты ай бойы оқыған білімі мен жұмысқа деген қырағылын, лайықты екенін көрсетіп, қабілетін дәлелдеп шығады.

 – Мені жөндеу-механикалық «отбасына» цех басшылары – Анатолий Голышев пен Виктор Селезнев қабылдады. Қазір марқұм болған дана адамдар менің басты тәлімгерлерім болды. Қасымда әрқашан цехтың мақтанышы болған адамдар жүрді, – деп еске алды. – Станокшылар ағайынды Букатовтар және Холостенколар, тәжірибелі шебер фрезерлеуші Бондаревский, құрметті атай Волненко ұстаздарымды жиі айтамын. Сондай-ақ, осы ұжымның еңбекті ұйымдастыру және мөлшерлеу инженер-нормалаушысы Наталья Погребнаяны да еске алмауға болмайды. Оның кәсібилігі біздің еңбегімізді дұрыс бағалауға көмектесті. Станоктағы жарты жылдық сынақтан өткен соң механикалық учаскенің ауысым шебері болып қабылдандым. Өнеркәсіп дауылды 90-шы жылдардың өзгерістерінен өтіп жатқан дәуірлер тоғысында алда мені қызыққа толы еңбек майданы күтіп тұрды. Біз кез келген тапшылыққа қарамастан, істі және тәртіпті сақтадық. Әрбір өндірістік сынақ менің жеке «даналық шынығуым» болды. Ферроқорытпа зауытында Голышев пен Селезневтің тәлімгерлігімен, адал жолдастардың қолдауымен және Сергей Качарава, Темірбай Мамырбаев пен Жұмашев Бауыржанның және сол кездегі өндірістің басты механигі Владимир Петрович Прокоповичтің  жетекшілігімен, бағыт бағдарымен, машина бөлшектерін жасау технологиясы туралы бірегей білімінің арқасында үлкен мектептен өтіп, цехтың инженер - технологіне дейін өстім.

Бүгінде Көбей Мұқановтың зауыттағы 34 жылдық жолы – іске адалдықтың тарихы. Адал еңбегі үшін басшылық тарапынан бірнеше рет марапатталды. Компания атынан да, зауыт әкімшілігінен де бірқатар алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары бар қызметкер. Ерекше кәсібилігі мен компанияға деген адалдығының арқасында корпоративттік «ERG-ге адалдығы үшін» төсбелгісін иеленіп, 2025 жылы зауыттың Құрмет тақтасына енген. Бөлшектер мен құрастырылым ісінде темірдің әр бөлшегіне жан бітірген, цех жұмыстарында әр түйіннің маңызын көрсете білген азамат осындай қарапайым еңбегімен бауырларына үлгі болып, олардың да зауытқа келулеріне ықпал етті.

Ал Көбей Жайғалиұлының аға-інілерінің ұлдары өздері бір төбе. Соның бірі – Жайғалиев Данияр Асанұлы. Ол – осы жөндеу-механикалық цехында құю учаскесінің қолдан құю қалыпшысы (формовщик ручной формовки летейного участка). Зауытта 2004 жылдан бер жұмыс істеп келеді. Даниярдың еңбек өтілі – 22 жыл. Оның шеберлігі кәсіпорын тарапынан мойындалып, 2022 жылы оның да суреті зауыттың Құрмет тақтасында ілінген.

Жайғалиев Медет Асанұлы – 2020 жылдан бері «ERG Recycling» ЖШС стратегиялық маңызды объектісі – қордаланған қалдықтарды өңдеу учаскесінде КиГИС бригадасын басқарады. Жалпы еңбек өтілі – 6 жыл. Ерекше еңбегі мен өзіне тән құндылықтарының арқасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша «ERG Новаторы» құрмет грамотасымен марапатталған. Інісі Артур Сұлтанәліұлының да зауытта еңбек етіп келе жатқанына 10 жылдан асты. Кәсіпорын жабдықтарының тоқтаусыз жұмыс істеуінде жөндеуші слесарь Артурдың да үлесі зор.

Көбей Мұқановтың тағы бір ағасы Үсеннің ұлы Жайғалиев Қобыланды – қолдан құю қалыпшысы (формовщик ручной формовки летейного участка). Жиырма жылдан аса еңбек өтілі қалыптасқан жігіт те ағаларының жолымен үздік қызметкер қатарынан көрініп жүр. Байқасақ, ағайындылар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының атақты жөндеу механикалық, энергиямен қамту цехында және басқада маңызды цех-бөлімшелерінде сап түзеген. Осы жөндеу механикалық цехында кезінде токарь болып жұмыс істеген, бүгінде өмірден өткен інісі Қыдырғалидың ұлы Жайғалиев Ержан – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты энергия цехының слесарі, кәсіпорынның газ жабдықтарын сенімді пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз етеді. Мұнда келгеніне 4 жылдың төңірегі болса да, өнегелі әулеттің ізін жалғап келе жатыр. 

Жайғалиевтер әулетінің алдыңғы буыны бауырларын кәсіпорынға жетелеп қана қоймай, оларға тәлімгер болды. Жөндеу-механикалық цехында олардың отбасылық тандемі бүтін бір қызметтің бір қолдан шығуына сеп болғандай. Тұрақтылық, тәртіп пен жауапкершілік – ағайындыларды абырой биігіне шығарған, зауыттың бетке ұстар тұлғаларына айналдырған асыл қасиеттері.

 Жайғали әкемізден тараған қай ұрпақты алсақ та, өз кезеңінде Ақтөбенің Ойыл, Қараой өңірінде, әсіресе өмірден өтіп кеткен ағалары Асан мен Үсен еліне беделді жүргізуші, директор орынбасары сынды қызметте жүрген. Заманында тоқтаусыз еңбек еткен әкелердің ұлдары бүгінде міне, лайықты, азамат атына сын келтірмей, бір-бір үйдің тірегіне айналған. Балқытылған металл ортасында туыстық қатынасты үзбеген әулет – бәріне үлгі. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тынысы Көбей Мұқанов сынды адамдарымен толығып тұрады. Зауыттың ауласына дем беріп, өндіріс ошағының тарихынан сыр шертер аға буынның бары қуантады.

Өзі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Көбей Жайғалиұлы әкесінің де, «әке» ретіндегі өзінің де аманатын арқалап, бауырлары мен балаларына қамқор болған жанашыр жан. Сөзге емес, іске шебер Көбей Жайғалиұлы қазір  зейнеттік жасқа таяп қалды. Алайда зауытта әлі ағайындылардың ізі жоғалмай, әріптес бауырлардың қатары көбейеді деген сенімдеміз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 10:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары