Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала

Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Биыл елімізде дана Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Ақынның туған жері Семей өңірімен қоса республиканың әр аймағында ұлы ойшылдың мерейтойы тойланды. Шымкент қаласы да солардың қатарынан қалмай біраз іс-шараны республика деңгейінде ұйымдастырды. Оның ішінде «Абай әлемі» мен «Абай оқулары» байқауларын айтып өтуге болады. Мегаполисте Абай Құнанбайұлы атында үлкен саябақ бар. Сол саялы мекен төрінен 2009 жылы «Хакім Абай» деп аталатын музей ашылған.

Ұлы тұлғаның туған күнінде осы саябақта салтанатты іс-шара өтіп, «Абай әлемі» рес­публикалық конкурсы қоры­тындыланған еді. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, ұлы ақын қалдырған мұра халқымыздың мәңгілік рухани азығы екенін мәлімдеді. Биыл жыл басынан бері хакім Абайға арналған бұдан басқа да көптеген рухани кеш пен мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Әсіресе мектептерде өткен мәдени-танымдық кештерде оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқып, әуезді әндерін орындап, шығармашылығынан сахналық көріністер қойды. Осынау мазмұнды іс-шаралардың мақсаты қазақтың бас ақынының мол мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, сондай-а­қ мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру болды. Ақын құрметіне орай өткен ауқымды рухани кештің бірі ретінде «Желсіз түнде жарық ай» атты түнгі кітапхана іс-шарасын айта кеткен жөн. Аталған поэтикалық кеште Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Абай әлемі» атты мазмұны терең театр­лық қойылым қойды. Сонымен бірге осы іс-шарада еліміздің оңтүстігі мен республикаға белгілі ақын-жазушылар қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшылы Абай шығарма­лары хақында ойларын ортаға салды. Қаламгерлер сол кеште әлем елдерінің ішінде ағылшындар Шекспирді, немістер Гетені, орыстар Пушкинді қалай бағаласа, қазақ халқының да Абайға деген құрметі өлшеусіз екенін, сондықтан ол әрдайым әлемдік ұлы классиктердің қатарында тұратынын мәлімдеді. Абай Құнанбайұлының шығармаларының құндылығы сол, оны оқыған адам тек әдеби тілдің шұрайлылығына, поэзияның сұлу сөзіне ғашық болып қана қоймай, сонымен бірге өзіне мол рухани азық та алады. Ақынның адамгершілік, ар-ұят, имандылық тақырыбына қалам тербеген шығармалары арқылы оқыр­ман өзін-өзі тәрбиелейді. Себебі онда руханияттың мөлдір бұлақтай таза асыл құндылықтары жинақталған деген ой өрбітті қаламгерлер.

Ақынның мерейтойы аясында Шымкентке мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Абай облысы әкімдігінің өкілдері ресми іссапармен келіп кеткен жайы бар. Абайдың кіндік қаны тамған сонау Семей жерінен келген құрметті делегация Шымкенттегі бірнеше мәдени іс-шараның куәсі болды. Соның ішінде Абай атындағы саябақтың дәл алдында тұрған ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Одан бөлек, ұлы тұлғаның баласы Тұрағұлдың да белгітасының алды гүл шоқтарына толды. Осы тұста айта кеткен жөн, Шығыс Қазақстан өңірі ақынның туған жері, ұрпағының өсіп-өнген аймағы ретінде қаншалықты маңызды болса, Құнанбай әулетінің кейінгі тағдырында үлкен рөл ойнаған Шымкенттің де тарихта өзіндік ізі қалды. Өйткені ақынның ұлы Тұрағұл бір кездері кеңестік империяның қуғын-сүргін салдарынан осы шаһарды өзіне қоныс еткен.

Жалпы, бұл туралы Абай шығар­машылығы мен оның бүкіл өмірін тереңнен зерттеп жүрген жас ғалым, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ресми өкілі Әзімхан Исабек былай деп ой толғайды:

«Абай атамыздың 180 жылдығы мерекесі аясында Тұрағұл атамызға да белгітас қойылып, игі іс жасалды. Себебі Тұрағұл Абайұлы Алаштың зиялысы, ақынның аяулы перзенті. Ол кісінің тағдыр жолы өте ауыр болған. Олай дейтініміз өткен ғасырдың отызыншы жылдары Абайдың әулеті қуғын-сүргінге душар болып, атақонысынан жер аударылады. Солардың арасында Тұрағұл да сол заманның зауалына ұшырап, бар мүлкі тәркіленіп осы Шымкент жаққа күштеп көшірілді. Бұл қалада Тұрағұл атамыздың қызы Мәкен апамыз тұрған. Ол кейін оңтүстіктің жігітіне тұрмысқа шығады. Апамыздың жұбайы кезінде құқық қорғау органы саласында қызмет атқарған екен. Тұрағұл Абайұлы 1934 жылы дүние салады. Осы Шымкентке жерленеді. Абайтанушылар зерттей келе оның сүйегі қазіргі Химфарм зауытының астында қалып қойды деген тұжырым жасайды. Кейін біз 2021 жылы  қайта іздестіру жұмыстарын бастап, атамыздың жатқан жеріне ең болмаса белгітас орнатайық деген оймен университет жанындағы Мұхтартану ғылыми зерттеу орталығында үлкен басқосу ұйымдастырған болатынбыз. Сол кезде зауыттан бізге Абай ұрпақтарының қайда жерленгені жайлы тасқа қашап жазылған мәрмәр тас табылғанын хабар­лады. Соңынан білгеніміздей бұл мәрмәртасты жасатқан Мәкен апамыздың өзі екен. Артынша құнды жәдігерді Мұхтартану орталығына әкеліп қойдық. Содан бері ұлы Абаймен қоса Тұрағұл атамыздың да өмір тарихын зерттеуді жалғастырып келеміз».

Жас ғалымның айтуынша, Мәкен апамыз 2000 жылдардың басында Астана қаласында дүниеден озған. Оның артында қалған қызы Сәуле апамыздың көзі тірі екен. Шымкенттің абайтанушы ғалымдары апамызбен арадағы байланысты үзбей келеді. Мұхтартану орталығындағы мәрмәртасты көргенде «анамның көзі еді» деп қатты көңілі босап көз жасына ерік беріпті. Сөйтіп, осы істің басы-қасында жүрген барша азаматқа өзінің ақ тілегі мен батасын арнапты.

Зерттеуші Ә.Исабектің мәлім­де­уінше, мәрмәртас 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай жасалған. Сол уақытта белгілі режиссер Сергей Азимов Тұрағұл атамыз бен Мәкен апамыз туралы деректі фильм түсірген. Осы режисерлік жұмыс Абай ұрпақтарының қайда жерленгені туралы мәліметтер қамтыған мәрмәртастың жасалуына түрткі болған. Содан кейін ол ескерткіш тақта ретінде химфарм зауытының қабырғасына ілінген. Алайда уақыт өте келе естелік белгі ұмыт қалады. Арада жылдар өткен соң ғана зауыт басшылығы университетке жәдігерді аманат ретінде тапсырады. Мәрмәртастың құндылығы сол, бұған дейін жұмбақ болып келген Абай Құнанбайұлы әулетінің ішіндегі кейбір жандардың қайда жерленгені нақты белгілі болды. Одан өзге Тұрағұл атамыздың сүйегі зауыттың астында қалып қоймағаны, қабірі сол кәсіпорын маңында екені анықталды. «Бұл абай­танушылардың бұған дейін айтып келген бұрынғы болжамдарын түгелдей жоққа шығарды» дейді жас ғалым.

Өз кезегінде қала әкімдігі, тиісті сала басшылары Абай мұрасын зерттеу, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру бағытындағы рухани һәм мәдени әрі педагогикалық бастамалар ұлы ақын мерейтойы аясынан тыс кезде де тұрақты түрде жалғасын табатынын жеткізді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары