Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Алтын құрсақ аналарға айрықша құрмет

Алтын құрсақ аналарға айрықша құрмет

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бала – отбасының ғана емес, елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі. Демек, жас ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсіп, сапалы білім алып, алаңсыз өмір сүруіне тұтас қоғам жауапты. Ал дүниеге көп нәресте әкеліп, оларды тәрбиелеп, қатарға қосып отырған ақ жаулықты аналардың еңбегін ерлікке балауға болады. Осы еңбекті мемлекет «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» сияқты жоғары марапаттар арқылы бағалап, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, алты бала тәрбиелеген аналар «Күміс алқа», жеті және одан да көп баласы бар аналар «Алтын алқа» мемлекеттік наградасына ұсынылады. Алайда марапат бала санына ғана қарап емес, ана мен оның балаларының жағдайы, отбасының әлеуметтік ахуалы, заң талаптарын сақтауы сияқты бірқатар талап ескеріледі.

Тақырыпқа қатысты сауалымызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ана мен баланы қорғау басқармасының басшысы Гүлмира Жәкенқызына қойып көрдік.

– Қай салада болсын елге еңбе­гі сіңген азаматтарға берілетін мем­лекеттік марапат нағыз лайықты адам­дарға табысталуы керек. Сол секіл­ді наградталатын аналар да «Ал­тын алқа» мен «Күміс алқаға» сай болуға тиіс. Марапатқа ұсынылатын ана­лар­ды анықтауға Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министр­лігі тіке­лей араласпайды. Біз Прези­дент Жар­лығы шыққаннан кейін ғана тиісті жәрдемақыны тағайындай­мыз. Құ­жаттарды комиссия қарап, оң шешім қабылдаған жағдайда Пре­зидент Жарлығы шығады. Одан әрі Әлеуметтік кодекске сәйкес, наградталған анаға ай сайынғы өмір бойғы жәрдемақы төленеді. Яғни ана зейнетке шыққаннан кейін де, балалары есейген соң да бұл төлем тоқтатылмайды, – деп жауап берді Гүлмира Жәкенқызы.

Мемлекеттік марапатқа ұсынылу үшін ауылда немесе қалада тұратын ана алдымен жергілікті әкімдікке жүгі­неді. «Алтын алқа» жетінші бала дүниеге келген сәт­те бірден табысталмайды. Заң талап­тарына сәйкес, бала бір жас­қа тол­ғаннан кейін ғана ана тиісті құжат­тарын жинап, марапатқа ұсынылады.

Құжаттарды жергілікті әкімдік қабылдап, белгіленген тәртіппен қарайды. Одан кейін облыс әкімдігі Президент Әкімшілігіне ұсыныс жолдайды. Құжаттарды Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия қарап, Президентке наградтау туралы ұсыныс енгізеді.

Бұл үдеріс те кейінгі жылдары ба­рынша жеңілдетіліп келеді. Мем­лекеттік органдардың ақпараттық жүйелері «Электрондық үкімет» платформасы арқылы өзара интеграцияланып, марапатталған аналарға жәрдемақыны проактивті түрде тағайындау мүмкіндігі пайда болды.

– Мемлекеттік марапаттарды ұсыну үдерісін жылдамдату мақ­сатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері «Электрон­дық үкімет» платформасы арқылы біріктірілді. Министрлік жүйесі де осы жүйеге интеграцияланған. Нәтижесінде, қазір мемлекеттік наградамен мара­патталған ананың мобильді телефонына СМС хабарлама жіберіледі. Онда мемлекеттік награда туралы Президент Жарлығы шыққаны және ана келісім берген жағдайда жәрдемақының проактивті түрде тағайындалатыны көрсетіледі. Егер наградталған ана үш күн ішінде хабарламаға «иә» деп жауап беріп, банк шотын нақтыласа, жәрдемақы сол күннен бастап тағайындалады. Ал награданың өзі Президент Жарлығынан кейін жергілікті әкімдік өкілдері тарапынан салтанатты түрде табысталады. Заңнамаға сәйкес, бұл рәсімге екі айға жуық уақыт кетуі мүмкін. Бірақ қазіргі жүйе бойынша жәрдемақы ресми марапаттау рәсіміне дейін-ақ төлене бастайды, – дейді Г.Жәкенқызы.

Марапатқа ұсынылатын аналар­дың жинайтын құжаттары туралы Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақы­лау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Айбатыров айтып берді.

– «Алтын алқа» және «Күміс алқа» бел­гілерін алу үшін алдымен ана­ның және балаларының туу туралы куәліктері, анасы мен кәмелетке толған балаларының сотталмағаны туралы анықтамалары, ананың неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі сұралады. Сонымен қатар ананың қолмен жазылған өмірбаяны, жұмыс орнынан анықтама, мінездеме және басқа да құжаттар қажет. «Мем­ле­кеттік наградалар туралы» заңға сәйкес, «Алтын алқаға» ұсынылу үшін ананың жетінші баласы бір жасқа толған кезде отбасының басқа балалары аман болуы керек. «Күміс алқаға» қойылатын талап та осындай. Былтыр Сарыарқа ауданында 21 ана «Күміс алқа», 94 әйел «Алтын алқа» иегері атанды, – дейді Н.Айбатыров.

Бұл ретте заңнамада көрсетілген «отбасының басқа балалары аман болуы керек» деген талаптың да өзіндік ерекшелігі бар. Егер бала ел мүддесін қорғау кезінде немесе қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапса, сондай-ақ азаматтық борышын орындау, адам өмірін немесе материалдық құндылықтарды құтқару, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде қай­тыс болса, мұндай жағдайлар еске­ріледі. Сондай-ақ дүлей апаттан қаза болған, қызмет барысында жарақат немесе сырқат салдарынан өмірден өткен, хабар-ошарсыз кеткен балалар да заңда көзделген тәртіппен қаралады.

Мемлекеттік марапаттың бас­ты мәні – көпбалалы ананың еңбе­гін мойындап, оның қоғамдағы мәрте­бесін арттыру ғана емес, отбасына әлеуметтік қолдау көрсету. «Күміс алқа» иегерлеріне ай сайын 27 680 теңге, ал «Алтын алқа» иегерлеріне, сондай-ақ бұрын «Батыр ана» атағын алған және I, II дәре­желі «Ана даңқы» ордендерімен наград­талған көпбалалы аналарға 32 005 теңге мөлшерінде өмір бойғы жәрдемақы төленеді.

Бұдан бөлек, наградталған аналар көпбалалы отбасыларға арналған өзге де әлеуметтік төлемдерді алуға құ­қылы. Мәселен, төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы­ларға бала санына қарай ай сайын жәрдемақы төленеді. Баланың тууына байланысты біржолғы төлем және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төлемдер де заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі. Яғни мемлекеттік наградаға ие бол­ған анаға төленетін жәрдемақы өзге әлеу­меттік төлемдерді алмастыр­майды, керісінше олармен қатар беріледі.

Көпбалалы аналарға көрсетілетін қолдау мұнымен шектелмейді. Мемлекеттік наградаға ие болған әйелдер мемлекеттік тұрғын үй қоры­нан тұрғын үй алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған баспананы бі­рінші кезекте алуға құқылы. Сонымен қатар олар салықтар мен мемлекеттік баждың жекелеген түрлерін төлеуден босатылады.

Бес және одан да көп бала туған немесе асырап алған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйел­дерге 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығы беріледі. Бұдан бөлек, көпбалалы аналардың арасында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастағандар да бар. Кей өңірлерде әкімдіктер өз құзыреті шеңберінде көпбалалы отбасыларға қосымша қолдау көрсетіп келеді. Әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек, бірқатар қоғамдық және мәдени нысандарға жеңілдікпен немесе тегін бару мүмкіндігі де қарастырылған.

Көпбалалы ана мәртебе­сі тек әлеуметтік төлемдер мен жеңіл­діктер арқылы өлшенбейді. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» – ең алдымен, ана еңбегіне берілген мемлекеттік баға. Бірнеше баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, олардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, білім алып, қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасау – үлкен еңбек.

Бүгінде жүздеген мың ананың мемлекеттік марапатқа ие болуы – елдегі отбасы институтына көр­се­тіліп отырған қолдаудың бір көрі­нісі. Мемлекет тарапынан бері­ле­тін жәрдемақы мен әлеумет­тік жеңіл­діктер көпбалалы отбасылар­дың тұр­мысын жеңілдетуге бағыттал­са, ана­ның еңбегін бағалау қоғамның рухани құндылықтарына да тікелей әсер етеді.

Көпбалалы аналарға қолдау көрсету – тек әлеуметтік саясаттың міндеті емес, ұрпақ тәр­биесіне салынған инвестиция. Өйткені елдің демографиялық өсімі ғана емес, оның болашағы да бүгінгі отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға байланысты. Ал сол балаларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған алтын құрсақ аналарға көрсетілген құрмет пен қамқорлық – баянды болашаққа жасалған маңызды қадам.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары