Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Құрсақ ана құрлық аса ма?

Құрсақ ана құрлық аса ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Дәрігерлердің айтуынша, олардың 45 пайызы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі арқылы ата-ана бола алады. Ал қалғандары үшін таңдау тым шектеулі: не бала асырап алады, не суррогат ананың көмегіне жүгінеді. Соңғы жылдары қоғам назарын ерекше аударған жайт – дәл осы суррогат ана қызметінің шетел азаматтары тарапынан сұранысқа ие болуы. Яғни, қазақ әйелдерінің жатырына салынған үміт өз еліне емес, өзге жұрттың ұрпағына айналып жатқандай.

Денсаулық сақтау министрлігінің мә­ліметінше, Қазақстанда суррогат ана қызметтерін жүргізу бағ­дар­ла­ма­сы мен ережелері заңнамамен рет­тел­ген. Суррогат ана болу қосалқы реп­ро­дуктивті технологиялар әдіс­терінің бірі ретінде «Халық ден­сау­лы­ғы және ден­саулық сақтау жүйесі ту­ралы» жә­не «Неке және отбасы ту­ралы» ко­дек­с­­терм­ен реттеледі. Ко­дек­стің 9-та­­рауы, 54-бабының, 1-тар­мағына сәй­­кес, суррогат ана қыз­меттерін қол­­­­­­данудың негізгі ере­желері, талап­тары мен шарттары көр­сетілген. Оған сәйкес, суррогат ана болу шарты Қа­зақстан Рес­пуб­ли­­­касының азаматтық заң­нама­сы­ның талаптары сақтала оты­­рып, жаз­­баша нысанда жасалады және мін­детті түрде нотариатта куә­лан­дыру­ға жатады. 

«Суррогат ана болу шартын ме­ди­циналық ұйымдардың мамандары жа­самайды. Тиісінше, медицина қыз­­меткерлері шарттың мазмұны мен та­лаптары, оның ішінде екі тарап­­тың құқықтары мен міндеттері үшін жауап­ты болмайды. Сонымен қатар сур­рогат ана саласында қосымша қыз­меттер көрсетуді жүзеге асыратын агент­тіктердің қызметі медициналық қыз­меттерге жатпайды және Ден­сау­лық сақтау министрлігінің құзыретіне кірмейді», – дейді жауапты ведмоство.

«Суррогат ана» әйелдердің негізгі кәсібі емес

Сәйкесінше, суррогат ана қыз­ме­тін қойылатын талап­тар­дың қатаңдығына қарамастан, еліміз­де құрсақ ана болуға құштар әйелдер өте көп. Желіде мұндай қызмет ұсы­на­тын агенттіктердің жарна­масынан көз сүрінеді. Солардың бірі – «Бола­шақ» суррогат ана орталығы. Кеңсесі Астана, Алматы, Шымкент қала­ларын­да бар. Сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, агенттік суррогат аналарды ден­саулық жағдайы бойынша қатаң іріктеуден өткізеді және эмбрион жа­тырға салынып, бала аман-есен дү­ниеге келгенге дейін барлық про­цес­ті қадағалайды.

– Мен университетте оқытушы бо­лып жүрген кезде кандидаттық зерт­теу жаздым. Сол уақытта Қазақ­станда суррогат анамен қарым-қат­ынас жасаудың әлі де жүйелі емес екендігін анықтадым. Көптеген ме­дициналық орталықтар суррогат ана мен отбасы арасында дұрыс келісім шарт жасап бере алмайды. Сәйке­сін­ше, кейін екі тарапта мәселе туындаса, шешуі де қиын. Мен осы проблеманы зерттеп қана қоймай, іс-жүзінде сур­ро­гат аналарға көмек көрсету үшін жауап­керлігі шектеулі серіктестік құ­рып, барлық құжаттарды заң жүзін­де Денсаулық сақтау министрлігі ар­қылы реттедім. Осылайша, 2008 жы­лы суррогат аналарға толықтай бағыт көрсететін орталық құрдық, – дейді «Болашақ» суррогат ана орталығының негізін қалаушы Дамира Шоқанқызы. 

Оның айтуынша, қазақ қоғамы сур­рогат анамен әлі де дұрыс қарым-қатынас орнатпаған. Аналарды кі­нә­лап қарайды. Қоғам суррогат ана­лар­ды ер азаматпен физикалық байла­ныс­­та болып, кейін өз қаны­нан жа­ра­тылған баланы оның отба­сына са­та­ды деп ойлайды. Олар сур­рогат ана болудың жауапкершілігі мен қиын­ды­ғы көп жұмыс екенін түсін­бейді.

– Суррогат ана қызметіне аймақ­тар­да 6 миллион теңге төлесе, Астана мен Алматы қаласында 7-8 миллион тең­ге төлейді. Ал аяғы ауыр кезде ана­ға ай сайын 200-400 мың теңге ара­лығында еңбекақы беріледі. Шетелден суррогат ана қызметіне сұраныс көп деп айта алмаймын. Айталық, біздің орталыққа мұндай ұсыныс тек жарты жылда бір рет қана келеді. Қазақстанда суррогат ана қызметі заңды болған­ды­қ­тан, көбіне шетелге көшіп кеткен отан­дастарымыз хабарласады. Олар Қа­зақстаннан кетіп, басқа елдің аза­маттарына үйленсе де, балаларының осын­да дүниеге келгенін қалайды, – дей­ді Дамира Шоқанқызы. 

Айта кету керек, денсаулығы жақ­сы, 34 жасқа дейінгі әйелдер ғана сур­­­рогат ана бола алады. Заң бойынша ол баланы дүниеге әкелгенде 35 жасқа тол­мауы керек. Сонымен қатар сур­ро­гат ана болуға дейін дені сау бір баланы табиғи жолмен өмірге әкелген болуы міндетті. Ешқашан түсік жаса­маған болуға тиіс. 

– Біз суррогат ана болған барлық әйел­мен байланыстамыз. Бірі баспа­на­ға қаражат жинап, ипотекаға алу үшін ал­ғашқы жарнасын құйып, өзіне үй са­тып алады, енді бірі қарыздарын жа­бады. Барлық әйелдің білімі бар, көп­шілігі негізгі жұмысымен қатар сур­ро­гат ана қызметін қатар алып жүр. Әйел­дің қанша рет суррогат ана болуы оның денсаулық жағдайына бай­ла­нысты, ал еліміздің заңнамасы бойын­ша ешқандай шектеу жоқ. Бір­ақ біздің орталықта табиғи жолмен бо­санған көп­балалы аналарды 6 рет­тен артық қа­былда­маймыз, – Дамира Шоқанқызы. 

Иә, суррогат ана болуға кез келген әйел еріккеннен бармайды. Тоғыз ай бойы өз тәнінде біреудің баласын кө­теру оңай емес. Себебі жүктілік – өмір­ге қауіп төндіретін сәттердің бірі. Ал босанған соң бауыр басып қалған сә­биден бас тарту және сол сәттерді ұмыту психологиялық тұрғыдан да ауыр. Бірақ әйел отбасын асырау үшін, жақсы өмірге ұмтылу үшін осы қадамға барады. Ең қызығы, суррогат аналардың көбі жалғызбасты аналар екен.

– Мен суррогат ана қызметін до­сым арқылы білдім. Өзім жалғызбасты ана­мын. Үш бала тәрбиелеп отырмын. Алған 6 миллионым көп ақша емес шы­ғар. Бірақ осы сумманы пәтерімнің ал­ғашқы жарнасына салып, қарыз­дарымнан құтылдым. Бірақ бала­ларым суррогат ана болғанымнан ха­барсыз. Оларға «бауырларың шеті­неп кетті» деп айттым, – дейді есімін атамауын өтінген кейіпкеріміз. 

«Ақша табамын» деп алданған

Соңғы уақытта Қазақстандағы суррогат ана қызметіне шет­ел­дік азаматтардың жиі жүгінетіні ту­ралы ақпарат тарады. Бұл сұранысты не туғызуда? Біріншіден, Қазақстанда суррогат ана қызметі заңдастырылған. Екіншіден, бағасы көршілес елдерге қа­рағанда төмен. Үшіншіден, меди­ци­налық қызмет сапасы – жоғары. Бұл факторлар елімізді «құрсақ туриз­мінің» орталығына айналдырып отыр. Дегенмен ақша бар жерде алаяқтардың да жүретіні анық. Жақында бір топ ана шетелдік тапсырыс берушілердің күмәнді әрекеті туралы айтып, дабыл қақты. Олардың пікірінше, 8 миллион теңге үшін шетел азаматының бала­сын заңсыз, ешқандай келісімшартсыз көтерген. Баланы босанған соң, туу туралы куәлігінде келіншектің аты-жөні жазылып кетіпті. Ендігі қор­қы­ны­шы шетел асып кеткен сәбиге бір жағдай болса, анасы ретінде бұл ке­лін­шек жауап беру керек. Олар бұл жағ­дай балаларды трансплантология мақ­сатында өсіруге арналған нарық­тың түрі болуы мүмкін деп шошып отыр. 

– Мен Instagram желісінен сондай жар­наманы көрдім. Мұндай жарна­ма­лар TikTok-та да көп. Хабарластым. Содан кейін WhatsApp-та жеке чат ашылды. Маған бірден өздері көрсет­кен мекенжай бойынша репродукто­ло­гия саласына маманданған жеке­мен­шік медициналық орталыққа келу ұсы­нылды. Сол жерде тексеруден өт­уім керек еді. Барлық тексерулерден өт­кен соң, маған эмбрионды Қазақ­станда емес, Қытайда салдыру ұсы­ныл­ды, – дейді суррогат ана Әсия Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында.

Осылайша, Әсияны Қытайға апарып, эмбрион салады. Кү­мән­дісі, ол қай қалаға барғанын, қай медициналық орталыққа жүгінгенін біл­мейді. Себебі көліктің терезелері жа­бық болған. Ал эмбрионды салдыру процедурасынан кейін бір апта бойы Ресейден, Өзбекстаннан және Қыр­ғызстаннан келген басқа пациент­термен бірге сол медициналық орта­лық­тарда болған. Босанғанға дейін Алматыда арнайы коттеджде тұрған. Кейін қытайлық ерлі-зайыпты Әсия­ға баладан бас тарту бойынша хат тол­тырып алыпты. Заңгерлер бұл прцес­тердің суррогат ана қызметіне мүл­дем қайшы екенін айтуда. Себебі туу туралы куәлікке тапсырыс беруші ерлі-зайыптының аты-жөні жазы­лады. Әсияның қолындағы құжат­тар­дың заңдық күші жоқ, жалған болып шықты. Міне, салада осындай кереғар дүниелер де орын алуда. Ресей осы үшін бірнеше жыл бұрын суррогат ана қызметін шетелдіктерге көрсетуден бас тарту туралы мәселе көтерді. Ал Ита­­лияда суррогат аналық қызметтің бар­лық түрлері 2004 жылдан бері тыйым салынған, сонымен қатар Ита­­лия азаматтарының шетелде сур­рогатқа жүгінуі де заңмен жазаланады. Франция, Германия, Түркия елдерінде де суррогат ана қызметі заңмен тыйыл­ған. 

Ал біздің елімізде заң өзі рұқсат бе­ріп тұрған соң құрсақ аналардың да саны артқан. Осы уақытқа дейін сур­рогат ананың құрсағынан 20 мың­нан астам бала дүниеге келіпті. Бірақ құр­сақ ананың қызметі дін өкілдері мен кейбір ғалымдардың арасында әлі де дау туғызып келеді. Мамандар балаға құрсақ анасынан генетикалық ақау­лардың берілу мүмкіндігін жоққа шы­ғармайды. Сонымен бірге, бала­ның психологиялық бейімделуі де мә­селе ретінде қарастырылады. Егер ол өзін анасының емес, басқа әйелдің дүниеге әкелгенін білсе, бұл оны тол­ғандыруы, психикасына кері әсер етуі мүмкін деп есептейді мамандар. Оған қоса, кейбір аналардың тоғыз ай кө­тер­ген «баласын» туғаннан кейін оны биологиялық әке-шешелеріне бергісі келмей қалу оқиғалары да кездескен.

– Мен дәрігер ретінде суррогат ана қызметіне қарсымын. Сол үшін экоор­талықтан жұмыстан шықтым. Себебі сурогат ананы экоорталықтар ақша табу үшін тенденцияға айнал­ды­рып жіберді. Балалы болуды ар­ман­даған отбасы қолдарынан келген бар­лық мүмкіндікті пайдаланады. Экоор­талықтар осындай отбасыларға суррогат ана арқылы бала сыйлап, ақша тауып отыр, – дейді астаналық дә­рігер Үміт Өтегенова.

Сөз басында, Қазақстанда сур­рогат ана қызметінің бағасы төмен екенін айттық. Сол үшін де бұл ба­ғыттағы медициналық туризм да­мы­ған. ranking.kz ақпарат орта­лы­ғы­ның мәлімдеуінше, «Суррогат ана» бағдарламасы бойынша міндетті және қосымша қызметтер құны шамамен 9,8 млн теңгеден 15,5 млн теңгеге дейін. Ұлттық банктің биылғы ақпан айын­дағы бағамы бойынша бұл сома 21,8 мың АҚШ долларынан 34,4 мың АҚШ долларына дейін жетеді. Алын­ған мәліметтерді басқа елдердегі сур­рогат аналық бағдарламалардың құ­ны­мен салыстырайық. Ашық көздер­ден алынған ақпаратқа қарағанда, ең жоғары бағаларды мұндай бағдар­ла­маларға тыйым салынбаған Еуропа ел­дерінде табуға болады. Мысалы, Че­хияда «Суррогат ана» бағдарламасы ерлі-зайыптыларға – 65–85 мың АҚШ доллары, Бельгияда – 54–65 мың АҚШ доллары, Данияда 50-60 мың АҚШ долларын құрайды. Ал ең жақын көршіміз Ресейде мұндай бағ­дарламалардың бағасы еуропалық­тар­мен шамалас: 60 мың АҚШ дол­ларына дейін барады.

Көктем ҚАРҚЫН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 06:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары