Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

AMANAT : Арғымақпен атажұртқа жеткен ерлікті құрметтеу ұлттық рухтың көрінісі

AMANAT : Арғымақпен атажұртқа жеткен ерлікті құрметтеу ұлттық рухтың көрінісі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар бұл сапарды қазақтың көшпелі болмысын, ұлттық бірегейлігін паш еткен ерекше бастама ретінде бағалады.

Өз сөзінде Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бұл сапардың екі ел арасын жалғаған алтын көпірге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, партия алдағы уақытта да осындай достық пен бауырластықты бекемдей түсетін бастамаларды қолдауға дайын.

«Қуатбек пен Жайна сапарының ерекшелігі – олардың 74 күнде 2500 шақырымдық жолды ат үстінде жүріп келуінде. Мұндай жолды еңсеру әркімнің қолынан келе бермейді. Осылайша Қытайдағы бауырларымыз үлкен ерлік жасап, атажұртқа келді. Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара сенімге негізделген қарым-қатынасының арқасында екі ел арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Соның нәтижесінде «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясының ынтымақтастығы да нығая түсті. Сондықтан да біз екі елдің арасын дәнекерлейтін осындай игі бастамаларды әрқашан қолдаймыз», - деді ол.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қызығы мен машақаты қатар жүрген бұл сапардың рухани маңызын атап өтіп, әлемнің әр түкпіріндегі қазақтар тәуелсіз Қазақстанда бас қосып, ұлттық бірлігімізді нығайта берсін деген ізгі тілегін білдірді.

Кездесу барысында Қуатбек пен Жайнаның Қытайдан Қазақстанға дейінгі сапарының арнайы бейнесюжеті көрсетілді. Видео арқылы қатысушылар ат үстіндегі күндердегі қиындықтарды, дала мен тау беткейлерін, сондай-ақ жұптың бірін-бірі қолдаған сәттерін тамашалады. Бұл бейне олардың физикалық төзімділігімен қатар, рухани беріктігін де көрсетті.

Кешегі бабалар жүріп өткен жолмен, ұлттық киім киіп, тұлпар мінген жас жұбайлар ел есіне батыр бабалардың ерлігін, көшпенді қазақтың кең пейіл болмысын салды. Бұл сапар – ұлттың тамыры тереңде жатқан рухын оятқан оқиға болды. Саяхатшылар ұзақ жолдағы қиындықты елдің ыстық ықыласы мен мейірімі жеңілдеткенін айтады. Жолай әр өңірдің тұрғындары көмек көрсетіп, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды ұсынған. 

«Ат үстінде өткізген әр күн – рухани сынақ әрі қазақы дәстүрді дәріптеудің мектебі болды. Жол бойы қонақжайлық танытқан елге алғыс айтамын», – деді Қуанбек Түсіпханұлы. 

Жайна Еркінқызының айтуынша, бұл саяхат – ұлт рухын көтеру, ата-баба жолын ұлықтау және жылқыны қолға үйреткен қазақтың дара мәдениетін дәріптеу жолындағы бірегей сапар. 

«Сапарға шығу – бір сәттік шешім емес, көп жылдық арманымыз еді. Қазақтың рухын ат үстінде сезінгіміз келді. Әр атылған таң – ұлттық санаға тағзым. Басты мақсатымыз – Астананың төріне жетіп, ата-бабамыздың ізі қалған Арқаның жеріне тағзым ету болды», – деді ол.

Сонымен қатар жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері өз ойын ортаға салып, Қуатбек пен Жайнаға ізгі тілектерін жолдады. 

«AMANAT» партиясы рухани және мәдени құндылықтарды жаңғырту бағытындағы бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Мәселен, партия халықаралық «Ұлы дала жорығы» жобасын іске асырып, көшпенділер мұрасын дәріптеу ісіне атсалысуда. Сондай-ақ Мәжілістегі партия фракциясы әзірлеген жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі арнайы заң қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары