Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

AMANAT партиясы Абай облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

AMANAT партиясы Абай облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сонымен қатар облыста «Бақты-Аягөз» бағытындағы теміржол құрылысы басталып, Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынуда. Мұның бәрі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын және тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын кезең-кезеңімен жүйелі жүзеге асырудың нақты нәтижелері.

Бүгін Семей қаласында «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезектен тыс XIII конференциясы өтті. Іс-шара барысында бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қанат Әділбай ашық дауыс беру арқылы партияның өңірлік филиалының жаңа төрағасы лауазымына сайланды. «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев оған жаңа қызметінде табыс тілеп, оның мол тәжірибесі мен өңірдің тыныс-тіршілігін жіті білуі партия жұмысына тың серпін береріне сенім білдірді.

Партия Хатшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы шешімі жай ғана әкімшілік қадам емес, тарихи әділдікті қалпына келтіру және өңір тұрғындарының көп жылдан бергі арманын орындау екенін атап өтті. Бұл қадам инфрақұрылым мен әлеуметтік саладан бастап, адами капиталға дейінгі өңір дамуына қуатты серпін берді. Мәселен, үш жылда облыс бюджеті екі есе өсіп, 500 млрд теңгеге жетті.

«AMANAT» партиясы – ел Президентінің саяси тірегі. Осы орайда, партияның сайлауалды бағдарламасы еліміздегі әрбір отбасының тұрмысын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған. Партия халықтың мүддесін қорғап, әлеуметтік әділдік пен Қазақстанның жан-жақты даму қағидаттарын сақтап келеді. Біздің міндетіміз – нақты нәтижелерге қол жеткізе отырып, жергілікті жерлерде Мемлекет басшысының реформаларын адал жүзеге асыру», – деді ол.

Сонымен қатар Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері билік пен халық арасындағы алтын көпір болып қала береді. Тек осы жылдың өзінде Абай облысының тұрғындарынан 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың жартысынан көбісі оң шешімін тапты. Бұл – «AMANAT» партиясы тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуге нақты көмек көрсетіп жатқанының жарқын көрінісі. Бұған қоса, Ержан Жылқыбаев партия жұмысы есеппен емес, тұрғындар сезінетін нақты нәтижелермен өлшенуі керек екенін атап өтті. Ол аймақта қатаң бақылауды қажет ететін нысандар бар екенін еске салды. Мәселен, 2023 жылдан бері Жарма ауданы Сұлусары ауылында, сондай-ақ Көкпекті ауданына қарасты бес ауылда сот процесінің ұзаққа созылуына байланысты, сумен жабдықтау құрылысы аяқталмай келеді. Партия Хатшысы атап өткендей, осы мәселені партия жіті қадағалауы керек, ал жергілікті жерлерде нақты әрі жауапты жұмыс жүргізілуге тиіс. Осыған байланысты, Ержан Жылқыбаев партиялық тәртіптің маңызына назар аударды. Биыл жүргізілген ішкі тексеру жұмысының қорытындысы бойынша, немқұрайлы әрі тапсырмаларға формалды түрде қараған 11 мәслихат депутатының мандаты кері қайтарылып, тағы 26 депутатқа сөгіс жарияланды.

Сондай-ақ конференция барысында Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірде партиялық жобалар аясында атқарылған жұмыс туралы баяндады. Ол бұған дейін филиал төрағасы қызметін атқарған болатын. Мәселен, 2025 жылы тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында Абай облысының 20 мыңға жуық тұрғыны оқытылды. Сондай-ақ берешекті реттеу мәселесі бойынша нақты көмек көрсетілді. Бұған қоса, өңірде үш жылға жетер-жетпес уақыт аралығында «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыс аясында 550 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Партиялық бақылау жұмысы аясында сайлауалды бағдарламаға енгізілген нысандарға 300-ге жуық тексеру жүргізілді. Партиялық бақылау жұмысы пайда болған мәселелерді анықтап қана қоймай, оларды шешуге де мүмкіндік береді. Мәслихат депутаттарының қадағалауымен Водный кентінде 600 орындық, Аягөз ауданында 300 орындық мектептер ашылды. Бұл – партияның сайлауалды уәделерінің орындаулы мен тұрғындар өміріндегі оң өзгерістердің нақты мысалы», – деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Абай облысында 30 мыңға жуық адамды біріктіріп отырған 140-қа жуық бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 18:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары