Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

AMANAT партиясы адамның дамуына және болашаққа сеніммен қарауына нақты мүмкіндік береді

AMANAT партиясы адамның дамуына және болашаққа сеніммен қарауына нақты мүмкіндік береді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл жүйе ел азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, еңбек және білім беру бағытындағы күн сайынғы мәселелерін шешуге арналған. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының нәтижелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бүгінде жүздеген мың ел азаматы партияның бірыңғай сервистік моделімен қамтылып отыр.

Президент азаматтардың қарызға белшеден батуына қатысты мәселеге үнемі назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның түпкі мақсаты – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету екенін мәлімдеді. Осыған байланысты, партия азаматтарға қаржылық қиындықтан шығуға көмектесіп қана қоймай, олардың өз ісін бастауына және жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беретін кешенді жұмысты жолға қойып отыр.  

«Ең бастысы – адамдардың тек қазіргі мәселесін шешу емес, әрбір азамат нақты қолдау көріп, аяққа тұра алатын жүйе қалыптастыру. «AMANAT» партиясының сервистік моделі өз тиімділігін дәлелдеп, Президенттің Әділетті Қазақстанды құру бағытын жүзеге асыруда нақты құралға айналды. Мемлекет басшысының барлық реформасы халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің дамуына бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, партиялық жобалар әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күнге сеніммен қарай алуына жағдай жасау үшін жұмыс істейді», – деді партия Төрағасы.

Ерлан Қошанов партиялық жобалар біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті. Яғни, заңгерлік көмек, оқыту курсы мен жұмыс орындарын құру қадамдары өзара байланысып, бір-бірін толықтырып тұруы қажет. Оның айтуынша, дәл осындай кешенді тәсіл қаржылық қиындықтардың салдарын жоюға ғана емес, сонымен бірге азаматтардың «аяққа тұрып», өз бетінше лайықты өмір сүре алатын уақытқа дейін адамдарға сүйеніш болуға мүмкіндік береді. 

Өз кезегінде, жобалық кеңселердің басшылары жұмыс нәтижесін ұсынып, партияның сервистік моделінің аясын кеңейту бойынша алдағы жоспарды айқындады. «Қарызсыз қоғам» жобасының атқарушы директоры Олжас Ордабаев жыл басынан бері 770 мыңнан астам адамның берешегін реттеуге қатысты нақты көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Еліміздің барлық өңіріндегі адамдар партия филиалдарында қарызды қайта құрылымдау, қарыз бойынша шектеулерді алып тастау, сот және соттан тыс банкроттықтар бойынша тегін көмек ала алады. Сондай-ақ ел азаматтары қаржылық сауаттылық бойынша оқуға қатысу мүмкіндігіне ие. Басты мақсат – бір реттік қолдау көрсету емес, азаматтардың төлем қабілеті толық қалпына келгенге дейін сүйемелдеу.

Жобалық кеңсенің өңірлік саясат жөніндегі талдау орталығының жетекшісі Әнуар Керембаев «Әкімдер мектебі» жобасының алдын ала нәтижелерін ұсынды. Бүгінде сайланған 1800 ауыл әкімі оқудан өтіп, жыл соңына дейін тағы 500 әкім оқуын аяқтайды. Бағдарлама ауылдың экономикалық бағытын анықтауды, инвестициялық жобаларды әзірлеуді, маркетингті, цифрлық құралдарды пайдалануды және тағы басқаны қамтиды. Осы білім негізінде әкімдер кооперативтерді дамыта алады. Оны ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыруға болады. Бүгінде жалпы құны 600 млрд теңгені құрайтын 12,7 мың инвестициялық жоба іріктелді. Осы қадам 490 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтуға және 111 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл – алдағы үш жылға арналған нақты жоспар. Сарапшылардың есебіне сәйкес, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы бөлінген бюджет қаржысының әр теңгесі 1,24 теңге жиынтық экономикалық табыс әкелуі мүмкін. Бұл қаражат өндірістің, салықтың және ауыл тұрғындары табысының өсімі түрінде қайтады.

Өз кезегінде, Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Нұрлан Сақуов партияның үйлестіру кеңесінің жұмысына тоқталды. Бүгінде аталған кеңес микро және шағын бизнеспен өзара байланыстың жаңа арнасына айналды. Кеңес кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін жинауға, жүйелеуге және оны шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды интеллект элементтері бар цифрлық платформа құру жоспарлануда. Сол арқылы кәсіпкерлер өз өтінішін жолдап, тиісті кеңес алып, олардың шешімін қадағалай алады. Осы деректер негізінде іскерлік ахуал индексі қалыптастырылады. Бұл қадам проблемаларды жедел анықтауға және оны шешу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, партия Төрағасы «Қарызсыз қоғам» жобасының call-орталығының жұмысымен танысты. Мұнда күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінде несие мәселесіне, сот дауына немесе қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтар 4 мыңға жуық қоңырау шалады. Call-орталықта 50-ге жуық маман жұмыс істейді. Олардың қатарында заңгерлер, медиаторлар және қаржы кеңесшілері бар. Олар адамдарға қарыздан құтылуға, құжаттарды дайындауға және мәселенің заңды шешімін табуға көмектеседі. Өңірлерде 180 үйлестірушіден тұратын желі азаматтарға жергілікті деңгейде құқықтық көмек көрсетеді. 

Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасына «AMANAT» партиясының үйлестіруімен 11 мемлекеттік орган және 12 коммерциялық банк қатысуда. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін qogamfin.kz онлайн-платформасы әзірленді. Сайт арқылы заңгер кеңесіне жазылуға, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 17:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары