Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

AMANAT партиясының ұйымдастыруымен Tomiris жобасының жаңа легі басталды

AMANAT партиясының ұйымдастыруымен Tomiris жобасының жаңа легі басталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген 60 белсенді әйел «AMANAT» партиясының  Tomiris  әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту жобасы аясындағы оқу курстарын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жобаның ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігі директорының міндетін атқарушы Виктор Франк, сондай-ақ «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы  төрағасының міндетін атқарушы Майра Мұрсахан және басқа да қонақтар қатысты.

Жиынды ашқан партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарында екенін атап өтті.

«Бүгінде әйелдер қоғамдық өмірге белсене араласып қана қоймай, Әділетті Қазақстанның болашағын қалыптастырып отырған негізгі қозғаушы күшке айналды. Олар басшылық лауазымдарда қызмет етіп, қоғамды өзгертуге бағытталған бастамаларды жүзеге асырып келеді. Әйелдердің экономика, саясат және әлеуметтік салалардың дамуына қосқан үлесі айтарлықтай артып отыр. Ең маңыздысы – олар шешім қабылдау үдерісіне қатысып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған оң өзгерістердің бастамашысы болуда. Ел халқының шамамен жартысын (51%) әйелдер құраса, «AMANAT» партиясында олардың үлесі бұдан да жоғары – 62%», – деді ол.

Сондай-ақ Дәулет Кәрібек партияның Әйелдер қанатының тікелей қатысуымен әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң әзірленгенін, партиялық тізімдерге гендерлік квота енгізілгенін және өңірлерде «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары ашылғанын айтты. Сонымен қатар Әйелдер қанатының мүшелері психологиялық қызмет туралы заң жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда.

Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Парламентте және Үкіметте әйелдер үлесін арттырудың маңызына тоқталды.

«Бүгінде елімізде төрт әйел министр бар, ал Мәжілістегі әйелдердің үлесі – 19 пайыз. Ендігі мақсат – бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу. Алдағы уақытта дәл осы  Tomiris  жобасының қатысушылары саясат пен қоғамдық өмірде өз әлеуетін жүзеге асыратын тұлғаларға айналар», – деді ол.

Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігі директорының міндетін атқарушы Виктор Франк   Tomiris  жобасы әйел көшбасшылары үшін тәжірибе мен идеялар алмасатын маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

«Орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін әйелдердің шешім қабылдау, саясат қалыптастыру және қоғамдық үдерістерге тең дәрежеде қатысуы маңызды. Соңғы жылдары Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Осы тұрғыда  Tomiris жобасы әйелдердің әлеуетін ашуға және жаңа кәсіби белестерге жетуіне мүмкіндік береді», – деді ол.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы,  Tomiris жобасының түлегі Майра Мұрсахан бұл бастама әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған бағдарлама әзірленген. Олар Қазақстан мен Германияның белгілі саясаткерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, танымал жаттықтырушылар – Әйгерім Тарбағатаева, Әсел Мұратова, Татьяна Хасанова және басқа да спикерлердің дәрістерін тыңдайды. Биыл жоба түлектерінің жалпы саны 172 адамға жетпек.

Жоба «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Конрад Аденауэр қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары