Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

AMANAT : Қызылордада ауыл әкімдерінің диалог платформасының қорытындысы таныстырылды

AMANAT : Қызылордада ауыл әкімдерінің диалог платформасының қорытындысы таныстырылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы алаңында Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, сондай-ақ Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов қатысты.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай диалог-платформаның мазмұны мен негізгі бағыттары, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы ақпарат берді. 

«Бұл платформа - ауылдарды дамыту, ауыл әкімдері институтының жұмысын жетілдіру, ауылдық жерлердегі өмір сапасын арттыру, ауыл әкімдерінің өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды жүйелі ілгерілетуге бағытталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты жұмыстың негізгі 5 бағытын атады және Үкіметтен бастап, ауыл әкімдеріне дейін осы бағыттарды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді», - деді Жандос Базартай. 

Филиал төрағасы Президент атап өткен партияның «Әкімдер мектебі» жобасына тоқталып өтті. 

«Әкімдер мектебі» жобасы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылды. Бұл оқу курстарына өңірдегі 146 барлық ауылдық округтері  қатысып білімін жетілдірді. Оқыту экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтыды. Бүгінде ауыл әкімдері ауыл халқының табысын арттыру бағытында алған білімін қолдануда деп толық есептейміз», - деді.

Төраға Президент айтқан әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігін күшейту мәселесі бағытында партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды атады. 

«Мемлекет басшысы Үкімет әкімдердің сайлау алдындағы бағдарламасының экономикалық бөлігіне қойылатын талаптарды айқындауыды тапсырды. Яғни, әкімдердің сайлауалды бағдарламалары аймақтың даму жоспарымен үйлесімін табуы керектігін айтты. Бұл өз кезегінде әкімдердің есептілігін күшейтеді және  әкімдік қызметке өз үміткерлерін ұсынған партиялардың жауапкершілігін арттырады деді. Осы жерде атап өту керек, өңірімізде 146 ауылдық округ және 3 аудан әкімі «AMANAT» партиясынан сайланған. Олардың сайлауалды бағдарламалары партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасымен үйлесімін тауып отырса, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасы  аймақтың даму жоспарына сай, (қала аудандарда дәл солай) және сайлау алдында халықтың талап - тілегі негізінде дайындалып жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар  «AMANAT» партиясы атынан ұсынылып, сайланған әкімдердің сайлауалды бағдарламасының орындалуына партиялық бақылау жасалып, олардың есебі тыңдалып тұрады», – деді филиал төрағасы.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында партия филиалы төрағасы Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін «Ауыл аманаты» жобасына  600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінетіндігіне де ерекше тоқталып өтті.

«Ел Президенті ауылда ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытудың ерекшелігіне тоқталып, бұл жұмысты белсенді түрде қолға алу қажет екенін жеткізді. Ауылды дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының әлеуетін кеңінен пайдалану керектігін айтты.  Осы тұста ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған «AMANAT»  партиясының «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отырғандығына тоқталып, 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінетіндігін айтып қуантты. Шынында бұл «Ауыл аманаты» жобасы кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен қолдау. Жоба аясында елімізде екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 2 мыңға жуығы біздің өңірге тиесілі. Алда  қаржының қажетті жобаға бөлінуі мен мақсатты игерілуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұған жоба авторы ретінде «AMANAT» партиясы да бақылау жүргізетін болады», - деді Жандос Базартай.

Баспасөз конференциясы барысында спикерлер Мемлекет басшысының төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыру бағытында айтқан ұсынысын қолдап, өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.

Мәселен, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, цифрлық қызметтерді енгізу бағытындағы жоспарлармен бөліссе, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов Президенттің «Салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидаты барлық ауыл әкімдері үшін ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға немесе өзгеде мәселелерін шешуіне үлкен қолдау екенін жеткізді. 

Брифинг қорытындысында спикерлар БАқ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, Астанада өткен диалог-платформада ұсынылған тәсілдер мен шешімдерді жергілікті жерде жүзеге асыруға дайын екенін айтты. Партия филиалы партия атынан сайланған әкімдерге консультативтік-әдістемелік қолдау көрсетіп, бастамалардың орындалуына  ықпал етпек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 22:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары