Ақмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ақмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Зеренді ауданының Бірлестік ауылындағы "Qazaq Kaolin" кәсіпорны – облысымызға инвестиция тарту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың кезекті нәтижесі.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды

Ақмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды
© Photo : Ақмола облысының әкімдігі
"Кәсіпорын ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрды. Бүгінде бұл мәселе өз шешімін тапты: инвестордың келуі нәтижесінде өндіріс қайта жанданып, жаңа серпін алды. Осындай бірлескен жобалардың арқасында өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары құрылып, экономика қарқынды дамып келеді", – деді облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды

Ақмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды
© Photo : Ақмола облысының әкімдігі
Алғашқы кезеңде кәсіпорында шамамен 90 жұмыс орны ашылады, ал орташа жалақы көлемі 650 мың теңгені құрайды.
Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдерді, оның ішінде керамикалық плитка мен өзге де құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізатты шығаруды жоспарлап отыр.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды

Ақмола облысында каолинді байыту фабрикасы ашылды
© Photo : Ақмола облысының әкімдігі
Нысанның ашылу салтанатына қатысушыларға байытылған каолиннің алғашқы өнеркәсіптік партиясын өндіру процесі көрсетілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 19:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















