Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ақшаны ақылмен сақтайтындар

Ақшаны ақылмен сақтайтындар

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақша жинаудың әдісін тапқандар ұтып тұр.

Отандастарымыз банк депозиттерінде биыл 26,1  трлн теңге жинаған. Бұл былтырғы жинақтан 2 трлнға жуық көп. Халық тарапынан теңгеге сенім зор. Салымшылардың басым бөлігі жиған-тергенін ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді. Жыл басынан бері депозиттегі қаржы сомасы 3 трлн теңгеден астам өскен. Тіпті құнды қағаздарға ақша салып, акция сатып алатындар да жетерлік.

Бүгінде көпшілік әр теңгенің қадірін тереңірек түсіне бастады. Күнделікті тұтынудан үнемдеуге, қысқамерзімді мақсаттан ұзақмерзім­ді тұрақтылыққа бет бұрды. Мысалы, былтыр банктегі халық салымының көлемі 24,5 трлн теңгеге жетті. Бұл жай цифр емес, ел санасындағы өзгерістің көрінісі. Сарапшылар халықтың қаржылық сауатының артқанын айтады. Демек, ақша жинау мәдениеті қалыптасып жатыр. Тұрғындар көбіне мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттерін қолданады. Соның ішінде ең тиімдісі жинақ салымы дейді экономистер. Жылдық мөлшерлемесі 20 пайыздан асады. Бірақ ақшаңызды қалаған уақытта шешіп ала алмайсыз. Яғни банк сізден белгілі бір мерзімге дейін қарыз алады. Сол аралықта депозитке тиіспей, келісім-шарт аяқталғанша күтсеңіз, жоғары табыс аласыз.

Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:

- Бүкіл жұмыртқаны бір себепке сақтама дейді ғой. Сол сияқты бөліп-бөліп сақтаған дұрыс. Егер шетелдік валютамен сақтасаңыз пайыздық мөлшері аз болады, бірақ сіз девалвациядан сақтайсыз. Ал егер ақшаны ауыстырып алмай ары қарай пайдаланам десеңіз қысқа мерзімді 3 не 6 айлық пайыздық мөлшерлемесі жоғары теңгемен сақтаған дұрыс. Не болмаса облегация алтын не құнды қағаздарға салған дұрыс. Бірақ мұның тәукелділігі жоғары болады.

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылған 25 жыл ішінде халықтың жинағы қарыштап өскен. Мәселен,  1999 жылы жеке азаматтардың депозиттері небәрі 53 миллиард теңге болса, былтырғы жыл бұл көрсеткіш 24 триллион теңгеге жетіп, 460 есе артқан. Кейінгі төрт жылда қазақстандықтардың отандық банктердегі ақшасы үш есе өсті. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, қазір депозиттерде 24  трлн теңгеден астам жинақ жатыр. Бұл ақшаның 80 пайызға жуығы теңгемен сақталса, қалғаны шетелдік валютаға тиесілі.

Жеке азаматтардың жинағы

1999 жылы - ₸53 миллиард

2024 жылы - ₸24 триллион.

Марат Қайырленов, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Қазір жиғанын шашпай, ептеп жинайтындар көбейген. Бәрі бірден депозитке ақша жинайды деп айта алмаймыз. Себебі құнды қағаздар сатып алатындар да көп. Көзін тапса, ол да тәп-тәуір табыс әкелетін салым. Тағы айта кетерлігі, бүгінде банктер цифрлақ шешімдерді батыл қабылдап, мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Бұл да азаматтардың таңдауына мүмкіндік береді. 

Соңғы жылдары халық табысы жоғары қаржы құралдарына көбірек қызығушылық танытқан. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының зерттеуі осыны көрсетіп отыр. Айталық, 25 жыл ішінде депозиттер бойынша кепілдік көлемі 100 есе ұлғайған. 1999 жылы ол 200 мың теңгеден басталса, бүгінде теңгедегі жинақ салымдарға – 20 млн теңге, ал шетел валютасындағы салымдарға 5 млн теңге көлемінде кепілдік беріліп отыр. Бұл өзгерістер халықтың ұзақ мерзімді жинақтарға сенімін арттырып, банктердің тұрақты ресурс базасын қалыптастыруға жағдай жасады.

Айнұр Қуатқызы Айдос Амангелдинов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 17:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары