Ақтауда ірі көлемдегі есірткі партиясын тасымалдау әрекеті тоқтатылды
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, ІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жапты.
"Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт килограмнан астам. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді спикер.
Бұл ретте, ведомство есірткінің заңсыз айналымының кез келген фактісіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шара қабылданатынын ескертеді.
Бұған дейін Шымкент – Астана рейсінің ұшақ бортында 7,6 млн теңге қолды болғанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылды
08 Сәуір 2026 23:00
Тәжік ауған шекарасында ірі көлемдегі есірткі партиясы тоқтатылды
10 Ақпан 2026 19:57
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
30 Желтоқсан 2025 12:05
Шекарада 3,9 млрд теңгенің тауарын заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды
03 Тамыз 2026 18:45
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
22 Желтоқсан 2025 11:56
Көрілімдер:113
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 10:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















