Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Үкіметтің басым міндеттерінің бірі – халықты сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы бағытты жүзеге асыру және Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт ашылды.

Нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді.

Фото: Үкімет

Ауданы 150 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат бір ауысымда 25 келуге арналған. Медициналық пунктті пайдалануға беру ауылдың 300-ден астам тұрғынын сапалы және уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Құрылыс кезінде инклюзивтілікке, қимыл-қозғалысы шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінді.

Фото: Үкімет

Медициналық нысанның ашылуы ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартады.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 5 нысан пайдалануға берілді, алтауының құрылысы жалғасып жатыр.

Фото: Үкімет

Қайтарылған активтер қаражатын пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары бүкіл ел бойынша жүргізілуде. 2024-2025 жылдар аралығында денсаулық сақтау нысандарын салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 144,2 млрд теңге бөлінді. Инфрақұрылымды ауқымды жаңарту ауыл тұрғындарын қалаға бармай-ақ сапалы медициналық қызметтер мен тексерулерге қолжетімділікпен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 620 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылы 392 нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылға қосымша 188 нысанды салу жоспарланған.

Фото: Үкімет

Заманауи ауданаралық ауруханалар мен МСАК желісін дамыту ұлт денсаулығының көрсеткіштерін тікелей жақсартты. Осылайша, онкологиялық ауруларды ерте анықтау 3,5%-ға өсіп, 32,6% болды, ал 60%-дан астамы бастапқы сатысында диагноз қойылады. 23-і аудандық ауруханаларда орналасқан 83 инсульт орталығының жұмысы тромболиз үлесін 6%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жаңа мамандандырылған орталықтардың ашылуы балаларға оңалту көмегінің қолжетімділігін едәуір арттырды.

Медицина инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізді, көрсеткіш 2024 жылдың қорытындысы бойынша 74,2 жасқа ұзарған.

Айта кетелік Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға заңсыз активтер есебінен 21,5 млрд теңге бөлінген еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see125

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see124

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see116

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары