Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Ақтөбе облысында 11 дәрігерлік пункт салынды

Ақтөбе облысында 11 дәрігерлік пункт салынды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбе облысында биыл қайтарылған активтерден түскен қаражатқа 11 дәрігерлік пункт салынды, деп хабарлайды 24KZ. Солардың бірі Нұра ауылында бой көтерді. Былтыр көктемде елдімекенді түгел су шайып, бірқатар нысан бүлінген еді.

Медбике Ғалиягүл Шәріп дәрігерлік пункттің ашылуын асыға күтіп жүр. Ол тұрғындарды қабылдау жыл бойы үй-үйді аралауға мәжбүр болған. Былтырғы су тасқынынан ескі Нұра елді мекені түгел қирады. Жаңа орынға көшкенде әуелі баспаналар, мектеп және балабақшаларға басымдық берілді. Ал фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы кейінге қалдырылған. 

Ғалиягүл Шәріп, медбике:

- Тұмаудың кезінде өте қиын. Қазіргі таңда тұмау өршіп тұр. Бізді басқа мекемеге кіргізбейді ғой. Мектепке кіргізбейді. Көп мектептің балаларын үйден аралап қараймыз. Мекеменің ашылуын күтіп отырмыз.

Табиғи апаттан кейін жаңа Нұрада 63 үй салынды. Биыл 4 отбасы баспана тұрғызып қоныс аударған. 700-ге жуық тұрғыны бар шалғайдағы елді мекенде бір дәрігер мен үш кіші медициналық қызметкер болуы тиіс. Жаңа ғимаратта олар күніне 40 адамды қабылдай алады.

Жасұлан Сламғалиев, Нұра ауылының тұрғыны:

- Әзірге аудан орталығына барып көмек алып жатырмыз. Баламыз да, өзіміз де ашылуын тағатсыздана күтіп отырмыз. Біздер қазір, өздеріңіз көргеніңіздей, жол мәселесі. Барып келудің өзі, мысалы, уақытты талап етеді.

Биыл Ақтөбе облысында 11 медициналық мекеме салынды. Құрылысқа қайтарылған активтер қаражаты есебінен 1,7 млрд теңге бөлінді. Дәрігерлік пункттер «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында шалғай елді мекендерде тұрғызылды. 

Аслан Жарасбаев, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- 11 медициналық пункттің жетеуі қабылданды және осы алдағы аптада екеуін қабылдаймыз. Жылдың соңында екеуін қабылдап, жалпы 11 нысанды толығымен аяқтаймыз.

Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуын төрт бірдей елді мекен халқы күтіп отыр. Нұра ауылынан бөлек, бұл медициналық мекеме Белшер, Дүкен, Мамыр елді мекені тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Боблатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары