Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ақтөбеде 250 ескерткішке мониторинг жасалып, біреуі алынды

Ақтөбеде 250 ескерткішке мониторинг жасалып, біреуі алынды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ескерткіш пен мүсінді рұқсатсыз орнататындар әлі бар

Ақтөбе облысында мемлекеттік қорғауға алынған 800-ден астам ескерткіш бар. Инспекторлар оның 250-ін биыл қарап, жағдайына мониторинг жасауы тиіс.

Кейін бүлінгенін, бұзылғанын, талапқа сай келмейтінін тіркеп, жергілікті әкімдікке хабар береді. Ал жергілікті әкімдік өз кезегінде кем-кетігін жөндеуі керек.

— Биыл мамандар 250 ескерткішті қарады. Соның ішінде 58-і Ақтөбе қаласындағы ескерткіштер. Негізі ескерткіш бес түрге бөлінеді. Олар: археология, ансамбль, қала құрылысы, киелі нысан және монумент. Қаладағы барлық ескерткіш қаралып, мамандар фото, видео түсіреді. Әктеу, сырлау қажет болса жазып, жергілікті әкімдікке жібереді. Аудандарда да бар жұмыс дәл осылай жүргізіледі, — деді Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры Фархад Досмұратов. 

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Оның айтуынша, биыл республикалық комиссияға заңсыз орнатылған төрт ескерткіштің тізімі берілді. Ескерткіштер Ойыл, Хромтау және Байғанин аудандарында орналасқан.

— Байғанинде Елтоқ атаға, Ойылда Отар Қлипановқа, Хромтауда Әйтеке би, Саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бар. Отар Қлипановқа арналған ескерткіш-бюст шаруаның ауласында тұр еді. Оны алдырып тастады. Ал Елтоқ атаның ескерткіші қорым жанында болған соң сақталды. Сонымен бірге Хромтаудағы Әйтеке би мен Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш сол күйі қалды. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш дегенімін шағын архитектуралық мүсін ретінде сақталып отыр, — деді Фархад Досмұратов.

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының мамандары жергілікті БАҚ материалдарына да талдау жасап отырады. Бұл жолы олар № 14 орта мектеп ауласында ашылған Хиуаз Доспанованың ескерткіш-бюсті заңсыз орнатылғанын анықтады.

Мұнда да еш құжат жоқ, тіркелмеді. Кейін орталық мамандары мектеп әкімшілігіне ресми хат жолдады әрі рұқсатсыз орнатылған бюсті дереу алып тастау туралы ұсынысты Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жолдады.

Хатта бұл ҚР «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңына, Монументтік өнер құрылысын орнату қағидасына сай келмейтін жазылған. 

Әрі Әкімшілік құқықбұзу туралы кодекстің 145-бабына сәйкес рұқсатсыз орнатылған обьектілер заңдастырылмайды, жауапты тұрғаларға әкімшілік жаза қарастырылған.

Яғни жеке тұлғаға 10, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 50, орта кәсіпкерлік субьектілеріне 100, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 250 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

— Қазір кез келген жерге, кез келген адамның ескерткіш, ескерткіш-бюстін қоюына болмайды. Ұсқынсыз болса, орнынан алдырады, тізімнен шығарылады. Дегенмен комиссия қалдыру туралы шешім де қабылдай алады. Қоладан жасалса, келбетті болса, сақталады. Соңғы жылдары Ақтөбе қаласындағы ескерткіштердің жағдайы жақсы деп айтуға болады. Жергілікті әкімдік күндіз де, түнде де қарады, — деді Фархад Досмұратов.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Вандализм — ескерткіштің жауы

Ескерткішті сындыратын да, бүлдіретін де — адамдар. Вандализмге тосқауыл болатын жалғыз жол бейнебақылау камерасы болғанымен, әзірге қаладағы ескерткіштерің бір де біріне орнатылмаған.

Тек көше, жақын маңдағы нысандардың сыртқы камералары ғана бүлдірген мен сырдырғанның кім екенін анықтауға мүмкіндік береді.

— Ақтөбе қаласындағы ескерткіштерді тоқсан сайын қарап, мониторинг жүргіземіз. Вандализмнің тыйылмай тұрғанын көрдік. Сол маңға велосипед теребі, доп ойнайды, сөйтіп гранит тастарын түсіріп, қиратып тастайды. Жарықшамдардың тогын үзіп, сындырады. Орындықтардың ағашын сындырады немесе бұрандарын бұрап, босатып кетеді. Доп та, велосипед те тиіп, бүлдіреді. Сонымен бірге ауа райына байланысты гранит тастары желімінен ажырап, түсіп қалады. Көп ескірткіштегі проблемасы осы. Қайта-қайта айтып, акт жасап, бірқатарына жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге екі көше қиылысында тұрған ескерткіш-бюстер жыл мезгілі ауысқанда шаң-тозаңға көміліп, балшыққа батып тұрады. Бұл да дұрыс емес, — деді Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бөлімінің меңгерушісі Абат Алпысбаев.

Оның айтуынша, ескерткіштерді орнату жұмысы көбіне күн суықта бітіп, ашылады. Бірнеше жыл өткеннен кейін жер отырып, баспалдағы, тұғырдағы гранит тастары түседі.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Ал оны жөндегенде тастардың түсі өзгеріп, әртүрлі кейіпке енеді.

— Адам жүрген жерде — ескерткіш тозады. Бірақ біз оны қорғай аламыз. Кез келген адам бүлдіріп, сындырып жатқанды тоқтатса, арнайы органдарға хабарын берсе, барған кезде қоқысты жинап, күтім жасаса, сызғанды өшірсе сақталады. Ескерткіштер маңына міндетті түрде бейнебақылау камерасы керек. Ал бізде ондай жоқ, — деді Абат Алпысбаев.

Қазіргі кезде елімізде ескерткіш қою ережесі өзге. Алдымен облыстық, кейін республикалық арнайы комиссияда қаралады. Ереже бойынша ескерткіш қойылатын тұлғаның мерейтойы болуы тиіс.

Қазіргі кезде ақтөбеліктерден Өтеу Құдайбергенов, Ақтан батырға ескерткіш орнату ұсынысы берілген. Бірақ ұсыныс әзірге қаралып жатқан жоқ.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Далалықтағы қорғандарға да қорған керек

Қала, аудан, ауылдағы ғана емес, далалықтағы қорған, қорымдарға да қорған керек. Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы жыл сайын бір қорғанда қазба жұмысын жүргізіп келеді.

Мәселен биыл Ақтөбе қаласы Бекқұл баба ауылы маңында Жамбыл-1 қорғанында қазба жұмысы жүргізілді. Қазіргі кезде шаруа ол жерде картоп, қарбыз, қауын егін отыр.

Қорған жойылып кетпес үшін археологиялық қазба жұмысы жүргізді. Нәтижесінде табылған дүние музейге жіберіледі, ғылыми есебі дайындалады, ал адам сүйегі өзге аумаққа қайта жерленеді.

— Ақтөбеде 872 ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған. Жергілікті әкімдіктің жер бөлімінде арнайы карта болса ескерткіштің қай жерде тұрғанын көріп отыруға болады. Былтыр бір шаруа мал қора салып жатты. Жанында төмпешік тұрды. Соны айтқан кезде иесі «неге картада көрініп тұрмайды» деп жеңістік бермеді. Талап бойынша жер иесі ескеркішке тиіспейді, қазбайды, аумақты тегістеп тастамайды. Негізі заңда кез келген адам территорияға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек. Қорытындысын берген кезде бар немесе жоқ деп жазып береді. Болса орнын көрсетеді. Ірі құрылыс кезінде талап орындалады. Әсіресе газ, су құбырын тарту жұмыстары кезінде талап міндетті түрде сақталады. Өзге ұсақ құрылыста түсіндіру қиын болған соң толық карта жасалмақ, — деді Фархад Досмұратов.

Ескерткіштердің базасын жасақтау үшін картография жоспары бекітілді. Қазір Қарғалы, Мәртөк, Ойыл, Қобда, Мұғалжар, Темір мен Хромтау аудандары қамтылды.

Жеті аудандағы археологиялық ескерткіштердің саны белгілі. Келер жылы Алға ауданы зерттеледі.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Қалпына келтіру жұмысы жалғасады

Ақтөбе облысында Мәтіғұл кешені қалпына келтірілді, қазір Досжан ишандағы жұмыс жалғасып жатыр. Досжан ишандағы жұмыс 2019 жылы басталғанымен, негізгі шаруа 2022 жылы қолға алынды.

— Досжан ишан мешіті қалпына келтіріп жатыр. Бір жақ қабырғасында, 15 шаршы метр болатын жарда ою-өрнек бар. Мамандар таяуда келіп, қайта қарады. Сол қабырғаны сақтап, реставарция жүргізеді. Ал келер жылы үйі мен азан шақыратын мұнарасын қалпына келтіреміз. Мұнда жұмыс 2026 жылы аяқталады, — деді Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры.

Сонымен бірге Ақтөбе облысында Едіге жалы қорымында зерттеу жүргізілді. Алғашында кесене салу туралы жоспар болғанымен, кейін қорымнан 25 жастағы жігіттің сүйегі табылып, бәрі өзгерді.

Енді табылған сүйекті қайта жерлеп, жан-жағы ғана қоршалады. Сонымен бірге Оймауыт ауылындағы Жұмағали ишан мешітінде төбесі жабылады. Бұл келер жылдың жұмысы.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Еске салсақ, Түркістан облысындағы археологиялық ескерткіштер де мақта алқабының астында бүлініп жатыр. Бұл туралы археолог айтты. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары