Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Ақтөбеде әлі де 18 кәсіпорын жұмысы тоқтап тұр

Ақтөбеде әлі де 18 кәсіпорын жұмысы тоқтап тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков өңірлік коммуникациялар қызметінде жылды қорытындылап, биылғы жоспарды айтты. Былтыр Ақтөбеде экономикасына 1,2 трлн теңге, биыл қаңтар айында 88 млрд теңге инвестиция тартылды. Соған қарамастан өңірде әлі күнге дейін 18 кәсіпорынның қызметі тоқтап тұр. Оның 6-ы Ақтөбе қаласында, 12-сі аудандарда.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Бұл кәсіпорындар сүт өнімдерін өндіру, өнеркәсіп, сауда, көкөніс өсіру, сондай-ақ құбырлар мен фитингтер өндіру сияқты түрлі салаларда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта 6 кәсіпорын сатылды, 2 кәсіпорын меншік иелерінің басқаруында қалды. Қалған кәсіпорындарға инвесторларды немесе сатып алушыларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Атап айтқанда Ақтөбе қаласындағы құбыр мен фитинг шығаратын зауыт сатылды. Зауыттың жаңа иесі батыс өңіріндегі көпір құрылысына қажетті материал шығаруды жоспарлап отыр. Ал шыны талшықты құбырлар өндірісін сатып алған серіктестік нысанды жалға беруді жоспарланып қойған. Орталықтағы сауда үйі жұмысын тоқтатқан соң сатылып, бүгінде жалға берілген. Сонымен бірге Ақтөбе қаласында қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай сатылып кетті. Жаңа иесі оны қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Тоқыма бұйымдарын шығаратын «Едеми» ЖШС-і де жобаны жандандырмақ. Ал «АНДИ» ЖШС-нің тауарлы сүт фермасын сатып алушы әлі табылмады.

- Алға ауданындағы «Ақтөбе Drilling Service» ЖШС-не тиесілі көбікті бетон блоктарын өндіру зауытын «Алға Холдинг» ЖШС 90 млн теңгеге сатып алды. Жаңа иелері төсеніш өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Ал «Индустрия қаптамасы» ЖШС полипропилен қаптарын өндіру цехын 162 млн теңгеге сату немесе айына 2 млн теңгеге жалға беруді жоспарлаған. Бұл ауданда «Аққұс» ЖШС-нің құс еті өндірісі деп тоқтап тұр. Жоба туралы ұсыныс ҚР Өзбекстандағы Елшілігіне және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға жолданды. Мәртөк ауданында «Дияр Холдинг» ЖШС-не тиесілі қой терісінен тон өнімдерін шығаратын цех ғимараты сатылды. «Zan Asia» ЖШС бұл жерде машина жасау зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал «Алғабас» ЖШС-нің сүт өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісіне әлі де инвестор немесе сатып алушы іздестіріліп жатыр. Сонымен бірге бұл ауданда «Optima Capital» ЖШС иленген былғары өндірісі тоқтап тұр. Экспорттық тауар өндірісіне шетелдік инвестор іздестіріліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Хромтау ауданындағы «Еуразиялық жоба 2» ЖШС-не тиесілі элеватор кешені тоқтап тұр. Кешен сот арқылы екінші деңгейлі банк меншігіне өткен. Банк 850 млн теңгеге сатуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге Қарғалы ауданындағы «Бадамша никель зауыты» ЖШС-нің кобальт-никель кендері, Шалқар ауданындағы «ЖБИ-30» ЖШС-нің темірбетон бұйымдары өндірісіне сатып алушы табылмады. Ал Темір ауданындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Жақсымай» өндірістік базасы, Мұғалжар ауданындағы «Октябрь» өндірістік базасын ғимараттарымен бірге сату жоспарланды. Бұл жұмысты компания мен Ақтөбе облысының әкімдігі бірге қолға алған. Қазіргі уақытта инвесторларды белсенді іздеу, сондай-ақ сатылған бірқатар кәсіпорынның жұмысын қайта жандандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Көбі инфрақұрылым тартуды немесе қаржылай қолдау көрсетуді сұрайды.

Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбе облысында 19 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұрғаны туралы жазылды. Арада екі жыл өткенде Әйтеке би ауданындағы катодты мыс пен мыс концентратын өндіру зауыты ғана қайта іске қосылған. Былтыр мұнда қазба және өндіру жұмыстары басталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 03:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары