Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Әр ата ана баламен бірге ойнап, ортақ ісімен айналысу қажет дефектолог

Әр ата ана баламен бірге ойнап, ортақ ісімен айналысу қажет дефектолог

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әсіресе, жетім балалар мен ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, әлеуметтендіруге, жетілуіне атсалысуды міндетіне алған «Dara» қайырымдылық қоры қазір инклюзия бойынша 8 түрлі бағытты қамтыған. Соның ішінде Алматы облысының Білім басқармасына қарасты Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «№6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына тоқталмақпыз.

Жалпы, еліміздің облыс пен аудан орталықтарында 51 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті іске қосылған. Бүгінгі күнге дейін 25 800 мүмкүндігі шектеулі балаға қызмет көрсетуде. Бұл дегеніміз – арнайы білім беру ұйымы, яғни онда кез келген ерекше бала мен оның отбасы дефектолог, психолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, физиотерапевт, массажист секілді мамандардың көмегіне жүгіне алады. Сөйтіп, ерекше қажеттіліктері бар балалар өз қатарластарынан қалмай, жалпы білім беру үдерісіне ілесуіне мүмкіндік туады.

Мекеме басшысы Алма Сандыбаеваның айтуынша, әр циклда 45-50 шақты бала ем алады. Ондағы нейропсихологтар, дефектологтар, логопедтер, сурдопедагог, АДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог секілді мамандар баладағы дамуының тежелуі, сөйлеу, оқу, мінез-құлқы мен есту-көру қабілеттерінің бұзылу деңгейін анықтап, қатарына қосуға тырысады.

– Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін өз ішімізде қысқартып ППТК дейміз.  ППТК – дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балаларға жан-жақты диагностика және түзету жұмысын жүргізетін арнайы мекеме. 2020-2025 жылдар аралығында ерекшелігі бар 582 бала түзету көмегін алып, білімін жетілдірді. Оның ішінде үш айдан тұратын әр циклда 45-50 шақты бала қабылданады.

Бұл мекемеде балалар білімін жетілдіріп, мектеп бағдарламасы бойынша ілгерілеуге мүмкіндік алады. Ол өз ойын жеткізіп қана қоймай, ортада өзін ұстауды үйренеді. Тіпті балаларымыздың кейбірі кейін мектепке барып, оқу озаты атанғаны да бар. Оған қоса, біз балаға ғана емес, оның әке-шешесіне де барынша көмектесеміз. Мәселен, әлеуметтік педагог отбасы жағдайына байланысты әңгіме жүргізіп, аптасына бір рет психологиялық кеңес беріледі, – дейді Алма Сандыбаева.

Дефектолог маман Махаббат Мұратқызы қазір балалардың дамуына әсер ететін негізгі қиындық гаджетке тәуелділік деп санайды.

– Баланың дұрыс дамуына тек гаджетке тәуелділік емес, тірі қарым-қатынастың аздығы, қозғалыстың жетіспеушілігі және күйзеліс әсер етеді. Мәселен әр ата-ана баланы жылы үйде, өзінің үйренген ортасында бірге ойнап, ортақ ісімен айналысып, оның дербестігін қолдай отырып, оған көмектесе алады, – деді дефектолог Махаббат Мұратқызы.

Мекемеге екі айдан бері қызын әкеліп жүрген ана аз уақыт болса да, баласының жетістігі барын сөз етті.

Оның айтуынша, дәрігерлер 4 жасар қызына сөйлеу тілінің тежелуі диагнозын қойған.

– Бірде балабақшаға барып жүрген қызым үйге жылап келді. Сөйтсем, қызым дұрыс сөйлей алмаған соң өзге балалар ойнамай кеткен. Тіпті өз араларында «Мынау сөйлей алмайды, онымен ойнамаймын» деп айтатын болған. Содан осы орталыққа келдік. Әуелгі кезде сөздерді құрай алмайтынбыз, қазір тақпақты жаттайтын болдық. Аз уақыттың ішінде жақсы нәтиже көріп отырмыз, – деді Әсел Сәрсенаева.

Сонымен қатар ол қызының жергілікті жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленгенін айтты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 21:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары