Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әр қадамы болашаққа бағытталған қор

Әр қадамы болашаққа бағытталған қор

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қор білім беру нысандарын дамыту, аутизм спектрі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және экологиялық жобаларды жүйелі іске асыру арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді ұзақмерзімді тәсілмен шешуге басымдық берді. Жыл қорытындысы отандық қайырымдылықтың бірреттік көмектен тұрақты даму стратегиясына бет бұрғанын көрсетті. 2025 жылы қор қызмет аясын кеңейтіп, экология бағытында жаңа бастамалар арқылы әлеуметтік жауапкершіліктің жаңа деңгейіне көтерілді.

Білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бір қадам

Елорда іргесіндегі Қосшы қаласы үшін биылғы жыл жаңа қоғамдық кеңіс­тік­тің ашылуымен есте қалды. Ұзақ уақыт бойы жетіспей келген комьюнити ор­та­лы­ғы қала тұрғындарын жасына қарамай бір ортаға тоғыстырған маңызды алаңға ай­­­­налды. Құны 20 млн доллар болатын бұл жоба қысқа уақыт ішінде-ақ Қосшы­ның әлеуметтік өміріндегі тартымды жерге айналып, түрлі үйірмелер мен мә­дени-білім беру шараларын біріктірді.

Сонымен қатар Қор Ұлытау облысы Жез­қазған қаласында Оқушылар са­райы­ның құрылысын бастады. 2026 жылы ашы­латын бұл орталық робот техникасы, IT, өнер және спорт бағыттары бойынша ба­лалардың қабілетін дамытуға бағыт­тал­ған заманауи кеңістік болмақ.

Қордың бас директоры Айнұр Кәрі­бозова­ның айтуынша, бұл бастамалардың түпкі мәні ұзақмерзімді нәтижеде. «Біз тек ғи­марат тұрғызып жатқан жоқпыз. Ба­ла­ның қай қалада, қай өңірде өмір сүретініне қа­рамастан сапалы білім алып, өз әлеуетін да­мытуына мүмкіндік беретін орта қа­лып­тастырып жатырмыз. Қосшы мен Жез­қаз­ғандағы жобалар жеке қайырымдылықтың өңір­лерді дамытуға бағытталған мемле­кет­тік бастамаларды қалай толықтыра ала­тынын көрсетеді», – деді ол.

Қолжетімді баспана: «Баламекен» жобасы

Биыл Астанада жүзеге асқан маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі  «Баламе­кен» жобасы болды. Болат Өтемұратов Қоры баспанаға зәру қазақстандықтарға қол­дау көрсетіп, қала әкімдігіне жалпы құ­ны 10,5 млрд теңгені құрайтын 500 пә­тер­ді тапсырды. Жаңа қоныс иелерінің қа­тарында дәрігерлер, мұғалімдер, құт­қарушылар және бюджет саласында еңбек етіп жүрген өзге де мамандар бар.

Берілген пәтерлер елорданың зама­науи тұрғын үй кешендерінде орналасқан, жайлылық деңгейі жоғары. Үйлер жылдам лифтілермен, бет-әлпетті тану жүйесімен жабдықталған, жерасты автотұрақтары мен балалар ойнайтын кең аулалар қарас­тырылған. Бұл – жай ғана баспана емес, қауіп­сіз әрі сапалы өмір сүруге арналған орта.

Ерте қолдаудан ересек өмірге дейін

Қор қызметіндегі өзекті бағыттардың бірі – «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағ­дарламасы. Бүгінде осы жоба аясында жұ­мыс істейтін «Асыл Мирас» аутизм ор­та­лықтары еліміздің 12 қаласында бала­лар­ға тегін көмек көрсетіп келеді. 2015 жыл­дан бері мұнда 17 мыңға жуық бала қол­дау алып, бағдарламаға 16 млн доллар ба­ғытталған. Орталықтарда заманауи ха­лықаралық әдістерге сүйенген кешенді кө­мек көрсетіліп, соңғы он жылда Қордың қол­дауымен 300-ден астам маман даяр­ланды.

Қор кадр даярлау ісін жоғары оқу орын­дарымен де жүйелі түрде жалғас­ты­рып келеді. Үшінші жыл қатарынан Nar­xoz университетімен бірлескен арнайы май­нор бағдарламасы арқылы 242 студент ау­тизм спектріндегі балалармен жұмыс іс­­теуге дайындықтан өтті, олардың бірқа­та­­ры «Асыл Мирас» орталықтарында ең­­­бек жолын бастады. Бұл – Қор сарапта­ма­­сының академиялық ортаға сәтті енге­нін көрсететін нақты нәтиже.

Бағдарламаның маңызы халықаралық дең­гейде де мойындалды. 2025 жылы Қа­зақ­стандағы Америка Сауда палатасы Қор­ды денсаулық сақтау саласына қосқан үле­сі үшін марапаттаса, аутизм туралы ақ­­­­параттандыру айына арналған ауқымды нау­қаны EUROBAK Awards 2025 сыйлы­ғы­на ие болды.

Сонымен бірге «Асыл Мирас» орта­лық­тары қоғам назарын аудартқан кеңіс­тікке айналып келеді. Биыл әлемдік тен­­нис жұлдыздары Карен Хачанов, Фа­биан Марожан және Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина орталық жұмысына қол­дау білдірді.

Ал 2026 жылдан бастап Қор аутизм спектрінің бұзылысы бар ересектерге ар­нал­ған еңбек дағдыларын дамыту жоба­сын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бас­тама инклюзияны балалық шақпен шек­­­темей, аутизмі бар адамдардың ересек өмір­де өз орнын табуына жол ашуды көз­дейді.

Арал теңізі табанының экожүйесін жақсарту

Биыл Болат Өтемұратов Қоры эколо­гия бағытындағы жұмысын нақты іске ұлас­тырып, Арал теңізінің құрғаған таба­нын қалпына келтіруге арналған ұзақ­мер­зімді жобаны бастады. Ғылыми негізге сүйен­ген бұл бастама Берклидегі Кали­фор­­ния университеті, Халықаралық Арал­­ды құтқару Қоры және Қорқыт ата атын­­дағы Қызылорда университетімен бір­­лесіп жүзеге асырылуда.

Пилоттық кезеңде Берклидегі Кали­фор­ния университеті әзірленген E-seed тех­­нологиясы сыналуда. Дрондар арқылы био­логиялық ыдырайтын капсулаларға са­лынған тұқым себу кең аумақты қысқа мер­зімде қамтып, өсімдіктердің жерсіну мүм­­кіндігін арттыруға бағытталған. Бұл жо­­ба экожүйені қалпына келтірумен қа­тар, Арал маңындағы тұзды дауылдарды азай­тып, өңір халқының өмір сапасын жақ­­сартуға ықпал етуді көздейді.

«Аз и Я»-ның 50 жылдығы

Биыл Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» ең­бегінің 50 жылдығына арналған халық­ара­лық ғылыми конференция Алматыда өтті. Narxoz университетінде ұйым­дас­ты­рыл­ған «Түркі славистикасының тууы» ат­ты VII конференция Қазақстан мен шет­елден келген ғалымдар мәдениет қай­раткерлерін тоғыстырды.

Іс-шара барысында Болат Өтемұра­тов Қорының қолдауымен жарық көрген «Аз и Я» кітабының жаңа басылымы та­­ныс­­тырыл­ды. Сонымен қатар журна­лис­ти­ка са­ла­сындағы Олжас Сүлейменов атын­да­ғы халықаралық сыйлық табыс­та­лып, ой еркіндігі мен мәдениетаралық диа­логты да­мытуға қосылған үлес атап өтіл­ді.

Қордың жаңа стратегиясы

Биыл Қор үшін маңызды кезең бастал­ды. Қамқоршылық кеңестің Қорытынды отырысында 2026–2030 жылдарға арнал­ған жаңа даму стратегиясы таныстырылды. Бұл құжат алдағы бес жылда Қордың қай бағыт­тарға басымдық беретінін ғана емес, оның Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі рөлін қалай күшейтуді көз­дей­ті­нін де айқындайды. Негізгі мақ­сат – әлеу­меттік әсері дәлелденген баста­ма­лар­ды кеңейтіп, оларды халықаралық әріп­тес­тік арқылы жаңа деңгейге шығару.

Соңғы он жылда Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мә­де­ниет пен инфрақұрылым салаларында ірі жобаларды жүзеге асырып, елдегі қайы­­рымдылықтың жаңа стандартын қа­лып­тас­тырды. Жаңа стратегия осы тә­жірибені жи­нақтап қана қоймай, бірреттік жоба­лар­дан тұрақты даму институттарын қа­лып­тастыруға көшуге бағытталған. Соны­мен қатар Қор өз бастамаларын тал­қылау мен қолдауға халықаралық сарап­шыларды кеңінен тартуды көздеп отыр.

Қор үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақ­саттары жай шартты бағдар емес. Қа­зір Қор жүзеге асырып отырған жобалар 17 жаһандық мақсаттың кемінде 14-імен үн­деседі. Олардың қатарында сапалы бі­лім, денсаулық сақтау, тұрақты инфра­құры­­лым, теңсіздікті азайту және серік­тес­­тікті дамыту бар. Мұндай ауқым Қор­дың халық­ара­лық беделін арттырып қана қоймай, Қа­зақстанның жаһандық орнық­ты даму күн тәртібіндегі орнын да айқын­дай түседі.

Болат Өтемұратов Қоры бүгінде Сол­түс­тік Американың жетекші қайырым­ды­лық ұйымдарын біріктіретін Council on Foundations қауымдастығының және Азия­дағы ірі қайырымдылық желілерінің мү­шесі атанды. Қазір Еуропадағы ең ірі фи­лантропиялық бірлестіктердің бірі – Philea ұйымына қосылу мәселесі қарас­тырылып жатыр. Бұл Қордың аутизм және өзге де әлеуметтік бағыттағы жо­ба­ларын әлем­дік қауымдастыққа кеңінен танытуға жол ашады.

2025 жылы Қор Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен жоғары дең­гейдегі кездесуде Аутизмді қолдау жаһан­дық коалициясының құрылтайшы мүшесі болды. Бұл коалиция Қатар Қоры және Autism Speaks ұйымының бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен құ­ры­лып, аутизмге қатысты халықаралық сая­­сат пен тәжірибені біріктіруді мақсат етеді.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарманның айтуынша, қоғамның сұранысы да, жауапкершілігі де өзгеріп келеді. «Біз инклюзияға деген көзқарастың біртіндеп қалыпты құбылысқа айналып келе жатқанын, сапалы білім мен эколо­гия мәселесіне қызығушылықтың артқа­нын кө­ріп отырмыз. Қор бұл өзгерістерге дайын. Біз тиімді жобаларды кеңейтіп, жаңа әрі батыл бастамаларды іске қосу ар­­қылы осы сұранысқа жауап береміз», – де­ді ол.

Әмина МҰХАНБЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары