Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

Армандар орындалады: Галышева спорттағы жеңісті жолы мен алдағы жоспары туралы айтты

Армандар орындалады: Галышева спорттағы жеңісті жолы мен алдағы жоспары туралы айтты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осыдан 12 жыл бұрын Юлия Канаданың немесе Ресейдің құрамасы сапында ойнай алар еді немесе спортпен мүлдем қош айтысуы мүмкін еді. Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінде, әсіресе фристайл-могулде ең көрнекті жетістіктерімен танылған Юлия Галышева 2026 жылы спорттық мансабын аяқтады.

Юлия туған қаласы Өскемен қаласында 5 жасынан бастап спортпен айналыса бастады. Алғашында оны би үйірмесіне берген, бірақ үйренуге құлықты болмағаннан кейін ұстаздары да онымен жұмыс істеуді жөн деп санамаған. Юлияның футболдағы мансабы да басталмай жатып ерте аяқталған. Есесіне фристайл-могул оған ерекше ұнаған. 

Юлия Галышеваның халықаралық жарыстардағы дебюті 2006 жылдың 8 наурызында Ресейде Еуропа кубогы жарыстарында басталды. Онда 13 жасар Юлия ересек спортшылармен жарысып, олардың көпшілігін жеңіп, қорытынды көрсеткіштер тізімінде алғашқы жиырмалыққа енді. Ал 2007 жылы 14 жасында Юлия Италиядағы ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш қатысып, 26 қатысушының ішінде 21 және 22 орындарды иеленді.

Фото: ҰОК

Галышева Еуропа кубогындағы алғашқы жеңісіне 2008 жылы қол жеткізді. 15 жасар Юлия Швейцариядағы ересектер кезеңінде жеке және параллель могулде алтын медаль жеңіп алды. 2008 жылдың желтоқсанынан бері ол ересектер арасындағы әлем кубогына қатысып келді, ал 2010 жылы 17 жасында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына шығып, 11-орын алды.

2010-2011 жылғы маусым Галышеваның есінде үлкен жеңістерімен қалды. Бірінші әлем кубогы кезеңіндегі алтын, жастар арасындағы (20 жасқа дейін) әлем чемпионаты титулы, Алматыдағы қысқы Азия ойындарының екі алтын медалі – бір-ақ жылда жеткен жетістіктер. 2012 жылы Галышева жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын мен қола медаль алды.

2014 жылғы қысқы Олимпиадаға Юлия медаль үміткері ретінде келді. Жүлдеге таласын Галышева әлем кубогы кезеңдеріндегі медальдарымен нығайтты. Оның күшін басқа командалар да байқады. Сол командалар Сочи-2014 қысқы Олимпиадасы кезінде өз спортшыларының медальдық мүмкіндіктеріне қатты алаңдап, Галышеваның 2014 жылғы Олимпиададағы фристайл-могул медалін Қазақстанға әкелуіне кедергі жасау үшін барын салды. 

2014 жылғы қысқы Олимпиадаға Юлия Галышева медальға үміткер ретінде барды. Бұл орнын спортшы әлем кубогы кезеңдеріндегі медальдарымен нығайтқан еді. Юлияның шеберлігін басқа командалар да байқап, әсіресе Сочиде өткен Олимпиадада өз спортшыларының медаль алу мүмкіндіктеріне қатты алаңдаған. Сол себепті олар 2014 жылғы Олимпиададағы фристайл-могул медалін Юлияның Қазақстанға әкетуіне кедергі жасауға тырысқан көрінеді. 

– Сочидегі Олимпиадаға бір ай қалғанда маған Канададан ұсыныс түсті. Олар тіпті маған канадалық паспорт беруге дайын болды. Сосын Ресей де азаматтығын ұсынды. Көріп тұрғандарыңыздай, мен келіспедім. Өзім әрдайым тек Қазақстан үшін, мені өсірген, жетістіктерім үшін қарыздар елім үшін жарыстым. Себебі Қазақстан – менің Отаным, - дейді Юлия Галышева.

Фото: Юлия Галышеваның жеке мұрағатынан

2014 жылғы Олимпиадада төрешілер Юлияны финалға өткізбей, 7-орынға қойды (финалға тек 6 спортшы шыға алады). Сонда спортшы ренжіп, көз жасына ерік беріп, спорттан мүлдем кететінін мәлімдеді. Осылайша Сочи Олимпиадасындағы сәтсіздік әлемдік фристайл спортынан ең дарынды спортшылардың бірінен айыра жаздады. Ал қазақстандық шаңғы фристайлы тарихи жетістіктерінен құр қалар еді. 

Уақыт өте келе, сол даулы Олимпиададағы сәтсіздік ұмытыла бастады, жанкүйерлер де Юлия Галышеваны жарыстарда қайта көрмейтініне көндіккендей еді. Әйтсе де 2014 жылдың желтоқсанында Финляндиядағы Руке курортында параллель могул бойынша әлем кубогында Юлия жеңіске жетті. Кейін белгілі болғандай, Юлия мансабына көп өзгеріс енгізіпті. Жаңа Олимпиада циклінде спортшы ұлттық құрамадан бөлек жаттыға бастаған, бапкер ретінде Елена Круглыхинаның көмегіне жүгінген. 

Бір сұхбатында спортшы сол жылдары құрамадағы жаттығу тәсілі, процесс пен кесте оған толық сәйкес келмегенін айтқан. Ал Елена Круглыхина оның жеке әлеуеті ескерілген жаңа заманауи бағдарлама ұсынған. Бұл Юлияның мансабы мен бүкіл қазақстандық фристайл-могул үшін бетбұрыс кезеңі болды.

2015 жылы құрамадан бөлек дайындалған Юлия Қазақстанның фристайл-могул тарихында алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында медаль алды. 2018 жылғы Олимпиадаға да Елена Круглыхинамен бірге дайындалып, туған еліне жалғыз медальді сыйлады. 2019 жылы Юлия тағы бір арманын орындап, ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Тұтас спорттық мансабында Галышева ересектер арасындағы әлем чемпионаттарынан 4 медаль жеңіп алған – бір алтын (2019 жыл), екі күміс (2017 және 2021 жылдар) және бір қола (2015 жыл). Сондай-ақ жастар арасындағы үш әлем чемпионатынан екі алтын және бір қола медаль иеленді. Дегенмен ең қымбат жетістігі ретінде Юлия 2018 жылғы қысқы Олимпиададағы қола медальды айтады. Әрине, одан да көп медаль алуға мүмкіндігі болды, бірақ сәті түспеді.
2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына дайындық карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп, өте қиын өткен. Сондағы жарыс алдында Юлияның ПТР-тестінен COVID-19 анықталды. Оған қарамастан, спортшы соңғы сәтте Бейжіңге баруға рұқсат алды және екінші іріктеуге үлгерді, бірақ трассаны сынап көруге және климатқа бейімделуге ең маңызды күндерін өткізіп алды. Нәтижесінде тек 11-орынды қанағат тұтты. 

Бейжіңнен кейін Юлия тізесіне ота жасатып, спортқа қайта оралды. Ол қайтадан әлем кубогы кезеңдерінде көш бастап, өзіне де, баршаға да мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеді.
Мансабындағы бесінші Олимпиадасында, 2026 жылы Италияда Юлия Галышева жеке және параллель могулда тиісінше 14 және 13-орындарға ие болды. Қазақстан құрамасының барлық фристайл-могул спортшыларының 2026 жылғы Олимпиадаға дайындығы күрделі болды. 2019 жылдан қазіргі күнге дейін құраманың бас бапкері болып жүрген Елена Круглыхина да бұл Олимпиада өз мансабындағы ең нашар кезең болғанын атап өтті.

– Мен бұл маусымды мансабымдағы ең нашар кезең деп бағалаймын. Әлем кубогының көптеген кезеңі тоқтатылды, техникалық дайындықты бұрынғыдай тез жетілдіру қиын болды. Себебі Қазақстан құрамасының қар үстінде дайындалуына бір ай ғана уақыты бар. Ал біз әдетте жарыс маусымы басталғанда қуып жетеміз. Бірақ осы жолы жарыстардың жиі тоқтатылуына байланысты бәрі басқаша болды, - деп сұхбат берді Елена Круглыхина Kazinform тілшісіне.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қар үстіндегі жаттығу қиындықтарына қарамастан, Қазақстан командасы өз деңгейін көрсетті. Ал Юлия Галышеваның аңызға айналған қазақстандық секіруін – шаңғысын ұстап, алға сальто жасауын (front flip big grab – FG) 2016/17 маусымынан бері ешкім қайталай алған жоқ. Егер қардағы дайындыққа кедергі болмаса, Юлия да, басқа қазақстандық фристайл-могул спортшылары да 2026 жылғы Олимпиадада әлдеқайда жоғары нәтиже көрсететін еді.

– Біз акробатика (секіру) бойынша үздік командалардың біріміз, бірақ жоғары баға алу үшін техникаға көбірек назар аудару қажет. Ал бұл жазда қар үстінде көбірек жаттығу керек деген сөз. Акробатика батутта, судағы трамплинде жаттығылады, бірақ могул техникасын тек қар үстінде жетілдіруге болады, - деп түсіндірді Е. Круглыхина.

Юлия Галышеваның спортшы ретінде жеңген соңғы медальдары – 2026 жылғы Қазақстан чемпионатындағы екі алтын болды. Жарыс 30-31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында өтті. Танымал спортшы жас спортшылармен бірге өз алаңына шығып, өз күшін сынап, болашақ буынды ынталандырды. Бірінші күні жеке могулда жүлде тақтасына Юлиямен бірге Аяулым Әміренова (күміс) және Анастасия Городко (қола) көтерілді. Екінші күні параллель могул финалында Ю. Галышева жергілікті фристайл-могулдың жас жұлдызы Анастасия Городконы жеңді, қола медальді Аяулым Әміренова алды.

– Мен үшін ең маңызды марапат – Олимпиада медалі. Ол тек мен үшін емес, бүкіл Қазақстан үшін де үлкен мәнге ие. Бірақ ешбір медаль оңайлықпен келмейді. Кәсіби спортта спортшы алған әрбір жетістік – үлкен еңбек пен оны қоршаған адамдардың қосқан үлесінің нәтижесі, - деді Юлия Галышева Kazinform тілшісіне берген сұхбатында. 

Өз мансабын қорытындылай келе Юлия ештеңеге өкінбейтінін айтты.

– Мен өз мансабымдағы барлық нәрсеге ризамын – жеңістеріме де, жеңілістеріме де. Қателіктерден сабақ алып, нәтижеге жеттім. Тура осы жолдан қайта өту мүмкіндігі берілсе, ойланбастан келісер ем, - деді Ю.Галышева.

Қазір шетелдегі ұзақ оқу-жаттығу жиындары артта қалған соң, спортшының басқа жұмыстарға да уақыты бар. Юлия әлі де болашақ жоспарын нақтыламағанын айтты.

– Қазір тек демалып алғанды жөн көріп отырмын. Бапкер болу туралы әлі ойланбадым, бірақ командаға көмегім қажет болса, мен одан бас тартпаймын, - деп түйіндеді Юлия Галышева.

Бұдан бұрын 2018 жылғы Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтағаннан кейін спорттық мансабына қатысты сұраққа жауап берген еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Сәуір 2026 18:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see118

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see109

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see103

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see101

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

06 Шілде 2026 22:35see96

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары