Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс келешектің қамы

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарады

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

Armeta AI : Құрылыстағы ақылды сарапшы

Armeta AI : Құрылыстағы ақылды сарапшы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі жылдары әлемде «DeepTech» деп аталатын бағыт ерекше қарқын алып келеді. Бұл ғылыми жаңалықтар мен күрделі технологияларға негізделген инновациялық бағыт. Мұндай стартаптар жасанды интеллект модельдері, биотехнология, роботтехника немесе кванттық есептеулер сияқты салаларға сүйенеді.

Кейінгі кезде «DeepTech» жобалары құрылыс индустриясына да ене бастады. Әлемдегі ең үлкен нарықтардың бірі саналатын бұл салада көптеген жұмыс әлі күнге дейін қолмен атқарылады. Құжаттарды тексеру, жобаларды салыстыру, техникалық талаптарды тексеру сияқты міндеттерге көп уақыт кетеді. Инженерлер кейде күрделі шығармашылық жұмыстан гөрі бірсарынды тексеріске көбірек уақыт жұмсайды.

Осындай мәселені шешуді мақсат еткен жаңа отандық стартап – «Armeta AI». Ком­пания құрылыс жобаларын талдап, инже­нерлердің жұмысын жеңілдететін жасанды интеллект платформасын жасап жатыр. «Digital Business» пен «Astana Hub»-тың бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында «Armeta AI»-дың қалай пайда болғанын, оның құрылыс саласына қандай өзгеріс әкелуі мүмкін екенін және отбасылық стартаптың қалай дамып жатқанынан хабардар болдық. 

Идея қалай туды?

«Armeta AI» тарихы – тәжірибе мен жаңа буын­ның идеясы тоғысқан ерекше мысал. Стартаптың негізін қалағандардың бірі Санжар Рахметжанов өндірістік технология­лар мен инженерия саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Ол ұзақ жыл бойы өнеркәсіптік жоба­ларды дамыту, өндірісті цифрландыру және ірі кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын басқарумен айналысқан. 2012 жылға дейін жалдамалы менеджер ретінде түрлі компанияда қызмет атқарса, кейін жеке кәсіпкерлікке бет бұрған.

Ресей мен Таяу Шығыс елдеріндегі компаниялармен жұмыс істеу арқылы ол құрылыс индустриясының мәселесін жақсы түсіне бас­тайды. Бірақ стартаптың басталуына себеп болған оның ұлы Темірлан Рахметжанов.

«Германиядағы «Constructor University»-де инженер мамандығы бойынша білім алдым. Алғашқы еңбек жолымды да сол елде бастадым. Бірінші курста әкем: «Оқу ақысын мен төлеймін, ал күнделікті шығынынды өзің тап», деді. Содан кейін бір неміс кәсіпкерінің қол астында көмекші болып жұмыс істедім. Оның жылжымайтын мүлікті басқаруға қатысты бірнеше бизнесі бар еді. Төрт жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, біртіндеп өстім, ақырында топ-менеджер деңгейіне дейін жеттім. Германияда өмір сүруге де, жұмыс істеуге де барлық жағдай бар. Соған қарамастан, әкеммен бірге жұмыс істегім келді. Сондықтан елге оралып, ортақ іс­ бастау­ды жөн көрдім», дейді Темірлан.

Сөйтіп, елге оралғаннан кейін ол бірнеше жыл бойы әкесінің жобаларын зерттеп, компанияның ішкі үдерісін мұқият талдайды. Сол кезде инженерлердің көп уақыты бірсарынды жұмысқа кететінін байқайды. Сызбаларды салыстыру,  құжаттар мен техни­калық талаптарды тексеру сияқты жұмыс күн сайын қайталана береді. Ал шын мәнінде инженерлердің басты міндеті – жобалау, талдау және жаңа шешімдер табу.

Темірлан осы мәселені шешу үшін жасанды интеллект қолдануды ұсынады. Әкесі бұл идеяны қолдайды. Осылайша, 2025 жылы әкелі-балалы Рахметжановтар мен олардың серіктесі Нұралы Бақтығалиев бірігіп «Armeta AI» компаниясын құрады.

Қазір қай кезеңде?

«Armeta AI» – құрылыс және жобалау саласына арналған жасанды интеллект платформасы. Оның басты мақсаты – инженерлердің уақытын алатын қайталанатын жұмысты автоматтандыру.

Әлі күнге дейін құрылыс жобасын сараптау үшін жүздеген құжат тексеріледі. Сыз­балар, сметалар, техникалық сипаттамалар, нормативтік талаптар – бәрі бір-бірімен салыс­тырылады. Көп жағдайда бұларды адамдар қолмен тексереді. «Armeta AI» платформасы осы үдерісті едәуір жеңілдетеді.

Нақтырақ айтсақ, платформа әуелі жобалық құжаттардың толықтығын тексереді, сызбаларды талдайды, техникалық талаптарды салыстырады, нормаларға сәйкес келмейтін тұстарды анықтайды, сөйтіп сарап­шыға дайын есеп ұсынады. Қарапайым тілмен айтқанда, жүйе үлкен көлемдегі құжат­тарды бірнеше минут ішінде қарап шы­ғып, маманға тек маңызды ақпаратты ғана көрсетеді. Сарапшы барлық құжатты қай­тадан қолмен тексерудің орнына, жасанды ин­теллект анықтаған мәселелерге назар аударады.

«Біз әдейі көпшілікке кеңінен танылған «LLM» модельдерін қолданудан бас тарттық. Себебі дәл осындай әмбебап модельдер көп жағдайда салалық қателерге жол береді. «ChatGPT» секілді жүйелер тұрмыстық сұрақтан бастап өте күрделі тақырыптарға дейін сан алуан ақпаратпен оқытылады. Бірақ олар құрылыс инженериясының ішкі логикасын, жобалау үдерісінің ерекшелігін, техникалық стандарттар мен нормалардың айырмасын әрдайым дәл ажырата алмайды. Сондықтан жобалау-құрылыс саласына тікелей қатысты деректермен оқытылатын базалық модельдерімізді әзірледік. Бұған қоса, мультиагенттік тәсілді қолданамыз. Яғни бір тапсырманы бір ғана модель емес, бірнеше модель қатар талдайды. Олар бір-бірі­нің жауабын тексеріп, деректерді нақты­лап, ықтимал қателерді түзетеді. Соның нәти­жесінде соңғы қорытынды анағұрлым дәл, сенімді әрі саланың нақты талабына жақын шығады», дейді Санжар Рахметжанов.

Демек, соңғы шешімді бәрібір адам қабылдайды. ЖИ тек көмекші рөл атқарады. Бүгінде компания елімізде мемлекеттік құрылыммен бірге қанатқақты жобаны іске қосып жатыр. Егер бұл тәжірибе сәтті болса, құрылыс жобаларын тексеру уақыты бірне­ше есе қысқаруы мүмкін. Қазір кейбір жобалар­дың сараптамасы бір жылға дейін созылады. «Armeta AI» бұл үдерісті бірнеше күнге дейін қысқартуды мақсат етеді. 

Ендігі меже қандай?

Стартаптың дамуы енді ғана басталып жатыр. Компания алғашқы кезеңде жобаны өз қа­ра­жаты есебінен дамытқан. Кейін америка­лық-қатарлық венчурлық қордан 1 млн доллар инвестиция тартып, жаңа мүмкіндікке жол ашты.

«Armeta AI» командасы қазір 26 адамнан тұрады. Олардың арасында ЖИ-инженерлер, машиналық оқыту мамандары және backend-әзірлеушілер бар.

Компанияның басты орталығы Астанада орналасқан. Сонымен бірге АҚШ-та шағын офисі бар. Ол жерде бірнеше инженер жаңа технологияларды бақылап, тәжірибе жүргізеді.

Компанияда әр серіктестің өз міндеті бар. Темірлан Рахметжанов компанияның бас директоры ретінде өнім бағытына жауап береді. Санжар Рахметжанов бизнесті дамыту мен халықаралық серіктестіктерге жетекшілік етеді. Ал жобаны бірге құрған үшінші серіктес Нұралы Бақтығалиев компанияның технологиялық бағытын басқарады.

«Көпшілік отбасылық бизнесті тәуекелі көп модель деп қабылдайды. Ал мен, керісінше, әкесі мен баласының арасындағы сенім мен ортақ құндылықтар компанияны әлдеқайда берік етеді деп ойлаймын. Мұндай тәжірибе АҚШ-та да, Еуропада да бар. Өзім де сондай кәсіптермен әріптестік орнатып, олардың жылдар бойы қалай орнықты дамығанын көрдім. Шынын айтсам, бұған дейін бір стартапқа қатыстым. Бірақ ол жоба бірге бастаған серіктестердің өзара келіспеушілігі салдарынан тоқтап қалды. Сол тәжірибеден кейін балаларымның есейгенін күтіп, бизнесті солармен бірге құруды жөн санадым. Ортаншы ұлым Арлан да өз бағытын таңдады. Оның «Nozomio» атты стартапы бар. Мен оған сырттай ақыл-кеңесімді беріп отырамын», дейді Санжар Рахметжанов. 

Алдағы уақытта компания бірнеше бағытта дамуды жоспарлап отыр. Біріншісі – еліміздегі мемлекеттік және жеке секторда платформаны кеңінен енгізу. Екіншісі – халықаралық нарыққа шығу. Компания қазірдің өзінде АҚШ, Таяу Шығыс және Орта­лық Азия нарықтарын зерттеп жатыр. Қатарда кеңсе ашылып, алғашқы келіссөз­дер басталған. Сонымен бірге команда Сан-Фран­цискодағы «Alchemist» акселераторының бағдарламасына қатысып, америкалық нарыққа шығуға дайындалып жатыр.

Стартаптың басты мақсаты – құрылыс саласында инженерлердің уақытын үнемдеп, жобаларды тез әрі тиімді іске асыруға көмектесу. Егер бұл технология кеңінен тараса, құрылыс индустриясының жұмыс тәсілі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Ал елімізде басталған «DeepTech» жобаның әлемдік нарыққа шығуы отандық технологиялық экожүйе үшін маңызды жетістік болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

Қоғам • Бүгін, 11:33

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

Қоғам • Бүгін, 11:17

Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 11:10

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қоғам • Бүгін, 11:03

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:59

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 10:41

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

Мереке • Бүгін, 10:28

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:18

Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты

Қоғам • Бүгін, 10:08

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:48

Өңір үні – ұлттық баспасөзде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Белсенді белес басталды

Референдум • Бүгін, 09:35

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see122

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

11 Маусым 2026 10:41see117

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

11 Маусым 2026 16:08see115

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see114

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

12 Маусым 2026 15:17see112

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

12 Маусым 2026 08:25see112

Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс келешектің қамы

11 Маусым 2026 08:17see112

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

12 Маусым 2026 13:25see111

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

12 Маусым 2026 08:21see111

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

11 Маусым 2026 18:16see111

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

12 Маусым 2026 13:39see110

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

11 Маусым 2026 09:57see110

Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарады

11 Маусым 2026 04:03see109

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

11 Маусым 2026 16:07see109

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

11 Маусым 2026 12:31see108

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

11 Маусым 2026 18:17see108

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

11 Маусым 2026 19:20see107

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

12 Маусым 2026 15:33see107

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

12 Маусым 2026 15:20see107

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

12 Маусым 2026 09:21see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары