Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
ArtLine Khazakhstan командасы GT2 European Series чемпионатында екі алтын жүлде алды

ArtLine Khazakhstan командасы GT2 European Series чемпионатында екі алтын жүлде алды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандық ArtLine Khazakhstan командасы  Бельгиядағы әйгілі Spa-Francorchamps автодромында өткен GT2 European Series чемпионатының үшінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

GT2 European Series үшінші кезеңінің бірінші жарысында команданың көшбасшысы әрі пилоты Шота Абхазава абсолюттік есепте қола жүлдеге ие болып, GT2 Masters класында жеңіске жетті.
Осылайша, ол командаға GT2 Еуропа сериясының бірінші жарысында алғашқы подиум мен алғашқы жеңісті сыйлады.

Бесінші орыннан жарысты бастаған Шота Абхазава алғашқы бұрылыстың өзінде қарсыластарының тартысын тиімді пайдаланып, шеберлігі арқылы бірден екі пилотты басып озды.

Одан кейін қазақстандық спортшы қарсыластарынан едәуір алға ұзап, үшінші орынды жарыс соңына дейін сенімді сақтап қалды. Бұл нәтиже оған GT2 Masters класында да айқын жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Жарыстан кейін Шота Абхазава өз әсерімен бөлісті:

«Бұл керемет жарыс болды. Жарыс жағдайы өте қиын еді – көліктің ішіндегі температура саунадан да жоғары болған шығар. Соған қарамастан, бұл – менің ең сүйікті автодромым», – деді қазақстандық жеңімпаз.

Жарыс қорытындысы бойынша, ArtLine Khazakhstan командасының қоржынына абсолюттік есептегі қола жүлде, сондай-ақ GT2 Masters класындағы жеңісі үшін жеке және командалық есептерде екі алтын жүлде түсті.

Ал 25-27 маусым аралығында ArtLine Khazakhstan командасы қайтадан Spa-Francorchamps автодромына шығып, Lamborghini Super Trofeo Europe Еуропалық сериясының үшінші кезеңіне қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары