Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Арыс қаласында жаңа Келешек мектебі ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласында жаңа Келешек мектебі ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығы мен жүктемені азайтып, оқушылар мен ата-аналардың көптен күткен мәселесін шешті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мектеп директоры Талғат Сағатұлының айтуынша, жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген.

«Жаңа №2 “Келешек мектебінің” ашылуы Арыс қаласындағы үш білім ошағында қордаланған негізгі мәселені толық шешті. Бұған дейін Нұрсая мөлтек ауданындағы И.Журба атындағы мектепте, Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепте 1100-ден аса оқушының шоғырлануына байланысты айтарлықтай қиындықтар туындап келген болатын. Сонымен қатар Онтам мөлтек ауданындағы “Ынтымақ” шағын жинақты мектебінің жабылуы да қосымша жүктеме тудырды. Жаңа мектептің іске қосылуы осы үш ұйымдағы орын тапшылығын жойып, оқу процесін тұрақтандырды. Оқушылар кең әрі жарық кабинеттерге орналастырылды, мұғалімдердің жүктемесі жеңілдеді, ең бастысы — балалардың білім алу жағдайы едәуір жақсарды. Бұл — Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан “Келешек мектептері” бағдарламасының нақты нәтижесі. Жаңа білім ордасы қаламыздағы білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр», – деді мектеп директоры Талғат Сағатұлы.

Мектеп мұғалімдер мен оқушылар үшін мүмкіндіктерге толы. Қазіргі таңда 600 орындық мектепте 515 оқушы білім алып, 49 мұғалім еңбек етуде. Олардың 30-ы – ауысу тәртібімен келген педагогтар. Білім ордасы толық жабдықталған 56 оқу кабинетіне ие. Оның ішінде: 15 бастауыш сынып кабинеті, робототехника, STEM зертханасы, сенсорлы бөлме, хореография, логопед, психолог, әлеуметтік педагог кабинеттері мен 30 оқушыға арналған кітапхана, қыздарға аспаздық, ұлдарға шеберханасы бар. Сондай-ақ, физика, химия, биология, тарих, география, тіл және информатика кабинеттері толықтай заманауи стандарттарға сай жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Білім ордасында спорт және қосымша инфрақұрылым жағы да жабдықталған. Мектепте: 170 орындық асхана, 130 орындық АКТ залы, екі спорт залы (бастауыш және жоғары сыныптарға бөлек), футбол, волейбол, теннис, баскетбол алаңдары мен АӘД арналған арнайы орын, бастауыш оқушыларға арналған ойын алаңдары бар.

Айта кетейік, Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 29 «Келешек мектебінің» құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде өткен жылы – 13, биыл 10-нан аса  мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, жоспар толық орындалмақ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 02:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары