Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Асанәлі Әшімов. Сол түн мені қатты есейтіп жіберді! Әкемді сағындым, шешеме жаным ашыды

Асанәлі Әшімов. Сол түн мені қатты есейтіп жіберді! Әкемді сағындым, шешеме жаным ашыды

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Асқарәлі екеуміз мектепке бір шалбар мен бір тонды кезектесіп киеміз. Олардың өзі ескі. Мен түске дейін оқыдым. Сабақ біте салысымен ештеңеге қарамастан, екі өкпемді қолыма ұстап үйге қарай жүгіретінмін. Артық ойын деген жоқ. Өйткені киім ауыстырып үлгеруіміз керек, Асқарәлі сабақтан кешікпеуі қажет. Үстімізде шалбар мен тон болғанымен, сабаққа жалаң аяқ баратынбыз.

Біз ғана емес, ол уақытта ауылдағы көп баланың аяқ киімі жоқ болатын. Бәтеңкені қыста ғана киеміз, көктем, жаз, күз бойы жалаң аяқпыз. Аяғың қап-қара күс, жарылып кеткені соншалық – табаныңнан тікен де өтпейді. Нақты есімде жоқ, алтыншы немесе жетінші сыныпта оқитын кезім еді. Күздің соңғы күндерінің бірі болатын. Аяқ киім киетін шақ жақындап қалған. Сол күні етігімді аядым ба, білмеймін, "бүгін қар жаумайтын сияқты, жалаң аяқ баруға болады" дедім де, мектепке тартып кеттім. Қырсыққанда сол күні қар жауып кетті. Жауғанда да қалың болып басып қалды.

Жалаң аяқ балалардың бірін атасы, бірін апасы, енді бірін әкесі, тағы бірін шешесі әкетіп жатты. Мен жалғыз қалдым, іздеп келетін ешкім болмады. Ол уақытта шешем Новосібірге қарағай кесуге кеткен. Алтынкүл шешемнің мені іздеп келуге жағдайы болмады. Ауыл мен мектептің арасы кәдімгідей қашық болатын. Өзім жалаң аяқ кетсем, аяғымды үсітіп алатынымды жақсы білдім. Сөйтіп мектепте жалғыздан-жалғыз қала бердім. Сөйтіп, тастай суық әрі қараңғы мектептің ішінде жалғыз қалдым.

Далада да қою түн. Бұрыштағы партаның үстінде бүрісіп, жылап отырмын. Бірақ даусымды шығаруға қорқамын, бір артық қимыл жасамаймын. Өйткені сәл қимылдап қойсам, парта да сықырлап кетеді. Оның даусын естіп, жан-жақтан шайтандар жүгіріп келетіндей әсердемін. Оларға "мұнда адам барын білдірмеуім керек" деп өз-өзімнен қорқып отырамын. Көзіме неше түрлі нәрсе елестейді. Ұйқы қашқан, таңға дейін көз ілмедім. Адам баласының бойында қандай сезімдер болса, сол түн менің бар сезімімнің оянған түні болды. Қысқасы, бұл менің өмірімдегі ең азапты түн болды. Бұл түн – бір ғасырға тең болды. Алайда осы түн мені қатты есейтіп жіберді. Ойламаған нәрсем жоқ, әкемді сағындым, шешеме жаным ашыды, өзімнің әлсіздігіме налыдым. Әйтсе де болашаққа үміт арттым. Бәрінен бұрын әдемі, жаңа аяқ киім киетін күнімді көз алдыма елестетіп, қатты армандадым.

Асанәлі ӘШІМОВ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары