Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Әскердегі жауынгерлер айырылмас досқа айналады

Әскердегі жауынгерлер айырылмас досқа айналады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Отан алдындағы белгіленген мерзімді қызметін адалдықпен, абыроймен және жоғары тәртібімен өткерген сарбаздарға құрмет көрсетіп, олардың ата-аналарына алғысхаттар тапсырылды.

Жедел стратегиялық командалық-штабтық «Айбалта – 2025» оқу жаттығуында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде жауынгерлік әзірліктің жоғары нәтижесін көрсеткені үшін қатардағы жауынгерлер Рамазан Төлен мен Юсуф Уринбаев ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың мақтау грамоталарымен марапатталды.

Сонымен бірге қатардағы жауынгерлер Рүстем Сидаков, Бекзат Аяпов, Дидар Аушев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Жеңіс Мараловтың алғысхатын алды. Әскерден естелік ретінде сарбаздың біріне құлаққап, біріне сағат пен Абайдың қара сөздері жазылған қалта кітабы тарту етілген. Жалпы, оларға қандай сыйлық табыстайтынын  әр рота командирі өзі шешеді.

Бітіруіне аз қалған сарбаз қостанайлық Дидар Аушев әскери өмірдің ұнағанын айтты. «Бір жыл өтті де кетті. Әскерде ерте тұруды, тапсырманы уақытында орындауды, өз артыңды жинауды, үй ішін сыйлауды, тәртіпке үйретті. Оған қоса, физикалық тұрғыда шынығып, қару қолдануды үйрендім. Әскерге келгеніме еш өкінбеймін. Көп дос таптым. Біздің топта 44 бала бар. Бәрі дос емес, бауырымдай болып кетті. Қазір солар шет-шетінен үйлеріне кетіп жатыр. Тіпті, қимайсың», – деді Мотостар бөлімі 2-ротасының бөлімше командирі.

Қабанбай батыр атындағы 11-танк бригадасының 10810 әскери бөлімінен басталған баспасөз-туры 10181 әскери бөлімінің оқу корпусында жалғасты. Мұнда танкіге қарсы басқару құрылғысы туралы 10810 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, лейтенант Қуаныш Сәлімбеков айтып берді.

Оның сөзінше, қолданылатын ракетаның екі түрі бар. «Соның бірі – 9 м 113 ракетасы. Салмағы – 22 келі, ұшу қашықтығы – 4 шақырымға дейін. Бұл қаруды әскери техникада да, жерден де атуға болады», – дейді Қуаныш Сәлімбеков.

Танк ішінде нысананы көздеу, оған дәлдеп ату бойынша сарбаздар әуелі теориялық сабағын өтіп, оқу-жаттығу кешенінде жаттығады.

–  Жаңадан келген сарбаз сабақ кестесіне сай әуелі бір ай бойы теория жүзінде оқиды. Кейін оқу-жаттығу кешенінде танк жүргізіп, атқызып үйретеміз. Жауынгер толыққанды дайын болғанда ғана әскери көлікке отыра алады. Міне, сол кезде тапсырма да беріледі, – деді подполковник Әділет Идришев.

10810 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары, подполковник Әділет Идришевтің айтуынша, оқу тренажері Т72 танкісінің көздеп атушы танк командирі және механик-жүргізуші мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.

– Жауынгер 1 500, 1 600, 1 700 метр қашықтықта тұрған үш нысананы өздері есептеп, дәлдеп, көздеп атуы тиіс. Сол үшін үш оқ-дәрі беріледі. Қателік жіберген жағдайда радио желісі арқылы оператор айтып түсіндіреді. Одан соң әрі қарай жүруге рұқсат етіледі. Бастысы жанар-жағармайдың, оқ-дәрінің және мотосағаттың еш шығыны жоқ. Теориялық жағынан дайын болған соң тапсырманы оқу полигонында жауынгерлік машинада орындайды, – деді ол.

Осы дайындықта жүрген қатардағы жауынгерлер Манғазы мен Амангелді бір-бірінен ажырамас досқа айналған. Екеуі Семейдің тумасы. Десе де, алғаш Семей қаласындағы әскери  комиссияда танысқан.

–  Қазір екеуміз 1-танк батальоны 1 танк ротасындамыз. Екеуміз бір танкіні басқарамыз. Ол – менің командирім, мен оның маман көздеушісімін. Шынын айтқанда, бір үйдің баласындай боп кеттік. Өз басым, әскерге келгеніме еш өкінбеймін. Теледидар мен кинодан көріп жүрген танкті бүгінде өзім жүргізіп, нысананы көздейтін болдым, – дейді қатардағы жауынгер Манғазы.

Журналистер механик-жүргізушілер мен зеңбірекші-танк операторлары әрі жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын дайындау процесіне де қатысты. 10810 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Такижан Тохтиев әскери техника мен қару-жарақты қысқы пайдалану кезеңіне көшірудегі әзірлік деңгейін баяндап берді.

«Т72 – кеңес үкіметінен келе жатқан танкі. Оған қажетті құрал-сайманды 32388 жөндеу әрі қалыпқа келтіру базасы негізінде әскери қоймадан алынады. Қазір паркте 100-ге жуық танк бар, оның істеп тұр», – деген подполковник Такижан Тохтиев әскери техникаға қажетті ұсақ-түйек құрал-сайманын өздері дайындап алатынын да жасырмады.

Қатардағы жауынгер Әділет Жақсыбаев Жөндеу ротасы автомобиль взводының жөндеу маманы ретінде істегеніне 11 айдан асқан.

– Бірінші танк батальонының тапсырысы бойынша қаруға платс жасап шығару керек. Яғни, әскери техникада қаруды орнатқан кезде оның астына қойылатын құрал. Әзірге бұрғы құрылғысының төртеуі дайын, енді біреуі қалды, – дейді  Әділет Жақсыбаев.

Аягөз гарнизонындағы баспасөз-туры «Оңтүстік» әскери қалашықты да ұмыт қалдырмады. Елімізге белгілі әскери қалашықта әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігі түгелдей қамтылған. Оның аумағында 18 көпқабатты тұрғын үй,  спорттық кешен, төрт мектеп, балабақша мен әскери емхана бар.

«Әйгерім» би ансамблінің меңгерушісі, хореограф сарбаздардың өмірі тек әскери тапсырмамен шектелмей, адам жанына сыйлайтын рухани кештердің өтетінін сөз етті. Жақын арада өткен республика күніне мерзімді қызмет әскерилері мен «Әйгерім» би ансамблі бірлесе концерттік кеш өткізген.

– Біздің ансамбльге тек қызметкерлердің балалары қатысады. Әскери қызметшілердің балалары бос қалмау мақсатында ұйымдастырылғандықтан, мұнда бәрі тегін. Әр байқауға қажетті киімді балалардың ата-аналары өздері тіктіреді. Біз талай республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атандық. Мысалы, биыл Астанада өткен байқаудың жолақысын, жатын орнын генерал-майор Мереке Көшекбаев көтерді. Сөйтіп, Түркия, Латвия елдеріне жолдаманы жеңіп алдық. Қазір соған қызу дайындық жүріп жатыр. Оның үстіне, әскери гарнизон әскери қалашақ ішінен бізге дайындық залын, яғни студиясын ашып беріп, қолдау көрсетіп отыр, – дейді Әйгерім Омарбекқызы.

Қазір ансамбль құрамында 64 баладан құралған 4 топ бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 20:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары