Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

Астанада 11 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Астанада 11 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Астананың денсаулық сақтау басқармасы алдағы 4 жылда 11 медициналық нысан салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы басқарма басшысы Айнұр Төлеуова 2025 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында хабарлады.

Оның сөзінше, елордалық медициналық ұйымдарға айтарлықтай жүктеме түсіп, мекемелер жоспарлы қуаттылығынан артық қызмет көрсетуде.

"Елорда халқы жыл сайын орта есеппен 100 мың адамға өсіп отырғанына байланысты қазіргі денсаулық сақтау инфрақұрылымы үлкен жүктемені көтеруде. Одан бөлек, әрбір бесінші шақырту қала емханаларына тіркелмеген өзге өңір тұрғындары мен шетел азаматтарына тиесілі екенін де атап өткен жөн", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Мемлекет бекіткен елорданың Бас жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай қала халқының болжамды саны 2,3 миллион адамға жетеді деп болжанған.

Аталған мәселені шешу мақсатында бірқатар медициналық ұйымның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 2 перинаталдық орталық, заманауи көпбейінді жаңа аурухана, 6 жаңа толыққанды емхана (оның ішінде 2 мемлекеттік), сондай-ақ 2 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы салу көзделген.

Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында №2 Көпбейінді қалалық аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталады. Бұл тек екі корпусты біріктіру ғана емес, ірі флагмандық медициналық орталық құру.

Кешен құрамында көпфункционалды жансақтау бөлімі, кеңейтілген қарқынды терапия палаталары, жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістері қарастырылған.

Еске салсақ, өткен жылы аталған мәслені шешу мақсатында Нұрлы жол ауданында бір ауысымда 350 қабылдауға арналған жекеменшік емхана ашылған болатын. Ал биыл Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында Нұра және Есіл аудандарының балаларына қызмет көрсететін балалар травматологиялық пункті ашылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see146

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see139

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see137

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see131

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see129

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see129

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see128

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see126

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see126

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see126

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see120

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see118

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see118

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see117

Әлемде әр жетінші адам психикалық бұзылыспен өмір сүреді ДДСҰ

10 Қазан 2026 11:42see116

Инфрақұрылым кезек күттірмейтін мәселе

10 Қазан 2026 08:07see114

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see113

Түркістанда жол үстінде қауіпті маневр жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

09 Қазан 2026 20:40see112

Емхана басшысы жұмыстан әрең шығарған қызметкерін қайта жұмысқа алуға мәжбүр болды

09 Қазан 2026 22:56see111

182 миллион теңгенің алтынын Қазақстан арқылы аяқ киіммен өткізбек болған

10 Қазан 2026 11:05see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары