Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Алматыдағы тұрғын алаптарының бірінде қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды.
Полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркілеп, оның қоқыс арасына қалай түскенін анықтады.
Белгілі болғандай, тіркелген мылтық жеке қоймада сақталған. Оның иесі Астанада тұрады. Ал қойманы оның күйеу баласы сатып жіберген.
"Жаңа қожайындар ғимаратты қоқыстан тазарту кезінде мылтықты да қажетсіз заттармен бірге лақтырып жіберген. Енді осы іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді полиция.
Оның ішінде қаруды тиісті жағдайда сақтауға міндетті иесінің және мылтықтың қоқысқа тасталуына жол берген адамның жауапкершілігі қаралады.
Алматы полициясы күдік тудыратын заттар туралы дер кезінде хабарлау ықтимал қауіптің алдын алып, оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін еске салады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2026 13:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















