Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Астанада көктайғақтан ауруханаға түскендер қатары көбейді

Астанада көктайғақтан ауруханаға түскендер қатары көбейді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кәрі құда қыстың әлегі аз болмайтын тәрізді.

Өйткені қар мен қоса жаңбыр жауып, артынша аяз болатыны ешкімге таңсық емес. Бұл әрине көлікке де, жүргіншіге де қиын. Астаналық жолшылар қазір қардан бұрын мұзбен алысып әлек.

Ал мұндайда оқыстан жарақат алатындар көбейеді. Кейінгі күндері Астанадағы травматологиялық бөлімшелерде адам толы.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Астанада ауа райы күрт құбылып тұр. Толассыз қар жауды, ақтүтек боран соқты. Тіпті қар аралас жаңбыр да жауды. Салдарынан жолдың бәрінде сірескен көк мұз пайда болды. Сондықтан барыс-келісті барынша азайтқан абзал. 

Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында дәрігерлерге дамыл жоқ. Қыс басталғалы бері тәулігіне кемінде 100 шақты адам травматологтың көмегіне жүгінеді. Олардың жартысынан көбі көктайғақ салдарынан жарақат алған. Бірінің аяқ-қолы сынса, енді бірінің бас-миы зақымдалған.

Әділбек Жылқыбақов, Н. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының меңгерушісі:

- Биыл алғашқы көктайғақ кез қараша айында болды. Күн күрт жылып, күрт салқындаған. Сол кезде тәулігіне 150 шақты адам жарақат алды. Біз демалыссыз жұмыс істедік. Қазір тәулігіне 90-100 адам келеді. Бұл да аз емес. Біз бәріне бірдей шұғыл көмек көрсетіп, бақылауымызға алып жатырмыз.

Бұл орталыққа Алматы, Байқоңыр және Нұра аудандарының тұрғындары келеді. Ал өзге аудандарда қосымша травматологиялық пунктер жұмыс істеп тұр. Яғни, көктайғақ салдарынан жарақат алғандар бұдан да көп болуы мүмкін. 

"Астана Тазалық" кәсіпорыны күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Енді олар 4 ауысыммен еңбек етеді. Жаяу жүргіншілер жолын күтіп-ұстаудың өзіне 70 шақты техника мен 200-дей адам жұмылдырылған. 

Еркебұлан Ерғалиев, "Астана Тазалық" ЖШС учаске басшысы:

- Жоспарланған күйде жұмыс атқарылып жатыр. Яғни бірінші кезекте аялдамалар мен жаяу жүргіншілер және әлеуметтік нысандардың аумақтары, яғни мектептер, балабақшалар, ауруханаларда жұмыс атқарылады. Таңғы 06:00-ден күндізгі 15:00-ге дейін, таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін, 12:00-ден 20:00-ге дейін және 20:00-ден таңғы 05:00-ге дейін 4 ауысыммен жұмыстар атқарылып жатыр. 

Жолдың бәріне бұрынғыдай тұз емес, енді арнайы тұз қоспасы төгіліп жатыр. Ол мұзды тез ерітеді және адам денсулығына, жол мен көліктерге айтарлықтай зиян келтірмейді, дейді мамандар.

Қазгидрометтің болжауынша, Астанада осы апта бойы қар жауып, боран соғады. Сондықтан коммуналдық кәсіпорынның жүктемесі әзірге жеңілдей қоймайтын сыңайлы. Ал дәрігерлер тұрғындарға сақтық шараларын естен шығармауға кеңес береді. Яғни асықпай жүру, қолды қалтаға салмау және аяқ киімге арналған қорғаныш бұйымдарын қолдану керегін айтты.

Еркебұлан Смадияров, Марат Диқанбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары