Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Астанада жаһандық инвестициялар форумы өтті

Астанада жаһандық инвестициялар форумы өтті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

150 млрд доллар. Алдағы төрт жылда елге осыншама инвестиция тарту көзделген. Ақмола облысында астықты терең өңдеу кешені сол қаражат есебінен салынатын жобалар қатарында. Мұны іске асыру бойынша стратегиялық келісімге қол қойылды. 2030 жылға дейін жүзеге асатын бұл бастама аясында экологиялық таза энергия өндіретін жылу электр орталығы және заманауи астық өңдеу зауыты салынады. Инвесторлар мен өңір басшылары Астанада өткен жаһандық инвестициялар форумында келісім жасасты.

2029 жылға дейін Қазақстанға 150 млрд доллар инвестиция тарту көзделген. Бұл жоспар қазірдің өзінде 60%-ға орындалды. Мұны Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті хабарлады. Жыл аяғына дейін елге 25 миллиард доллардан астам қаржы тарту жоспарланған. Қазақстанның жері Еуропа мен Азияны жалғайды. Қазақстан арқылы 1,5 млрд тұтынушысы бар Азия нарығына шығуға болады. «Бұл – еліміздің географиялық артықшылығы», - дейді сарапшылар. Шетелдік компанияларды логистикалық мүмкіндіктермен қатар түрлі жеңілдіктер де қызықтырады. 

Олжас Бектенов  ҚР Премьер-Министрі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық бастамаларды іске асыру қажеттігін баса айтты. Ел Үкіметі ұлттық экономиканы трансформациялау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі әрі бірегейі - Транскаспий халықаралық көлік бағыты. Бұл жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін стратегиялық маңызға ие. 

Осы іспетті ірі бастамалар шетелдік капитал мен халықаралық қаржы институттарының қатысуымен іске асуда. Бұған қоса Мемлекет басшысының жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Озық шешімдерді енгізуге және стартаптарды одан әрі жеделдетуге бағытталған Alem.ai жасанды интеллект орталығының құрылуы - осы сөзімізге дәлел.

Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы:

- Бізде салықтық және кедендік преференцияларымыз бар. Жер салығынан, корпоративтік салығынан, мүлік 8-10 жылға босатамыз. Кедендік жеңілдіктер береміз. Біз тегін жер бере аламыз, инвестиционный контракт арқылы. Осы пакетті есептесек, бұл инвесторларға өте тиімді. Келіп бізден зауыт ашса, ол жұмыс орындар құрылады және сол зауыттың айналасында шағын және орта бизнес дамиды. 

Форум аясында бірқатар келісімге қол қойылды. Мәселен, Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауыты іске қосылады. Кәсіпорын лимон қышқылы, биоэтанол және азықтық концентраттар өндіреді. Инвестициялық жоба аясында аймақта жылу электр орталығы да салынбақ. Жобаның жалпы құны — 1,5 миллиард АҚШ доллар. Ал Абай облысында төрт инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Форум аясында тиісті келісімдерге қол қойылды. 

Ербол Садыр, Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Оның біріншісі, алтын өндіру бойынша Түркияның компаниясымен. Бұл жерде 485 млн доллар инвестиция келеді. Шетелдік инвестиция. Екінші, ірі кәсіпорнымыз Самал компаниясымен. Бұл жерде улы химиялық зауыт құрылысы. 320 млн доллар көлемінде инвестиция жоспарланып отыр. Одан кейін ауыл шаурашылығын дамыту бойынша 20 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі бойынша үлкен жоба жоспарланып отыр және сонымен қатар аяқ киім тігетін фабрика ашу жөнінде жоба қарастырылу үстінде.

Сарапшылардың пайымдауынша бұл жобалар ел экономикасына мол қаржы әкеледі. Әрі жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болады. Жалпы инвестициялық форум аясында құны 7 млрд доллардан асатын 50-ге жуық келісімге қол қойылды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ғалымжан Абдылахат

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 20:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары