Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Кәсіподақтар федерациясының форумы өтті

Кәсіподақтар федерациясының форумы өтті

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Еліміздегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы қарсаңында Кәсіподақтар федерациясының форумы өтті. Басқосуға кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына үлес қосқан ардагерлер, еліміздің әр өңірінен келген белсенділер, жастар және әлеуметтік әріптестер қатарынан 300-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форумның ашылуында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қонақтарды мерекемен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының тарихи белестеріне тоқталды. Сол жолда еңбек еткен кәсіподақ ардагерлеріне алғыс айтты.

«Бұрын еңбек адамдары ең қарапайым құқықтары үшін күресті. Жұмыс күні 14 сағаттан аспасын, әйелдер мен балалар еңбегі аяусыз пайдаланылмасын деді. Ол кезде мұндай талаптар батыл бастама саналды. Ал бүгінде бұл – қалыпты нәрсе. 120 жылдық кәсіподақ қозғалысының даңқты жолы мен әділет туын 35 жыл бойы абыроймен көтеріп келе жатқан федерацияның тарихы – бұл еңбек адамдарының рухын биіктеткен даңқты шежіре. Құрметті ардагерлер, сіздер – еліміздегі барлық ұлы өзгерістердің куәгері әрі тікелей қатысушысысыздар. Сіздер 80-90-жылдардағы ереуілдерді жақсы білесіздер. Сол уақытта жұмысшылар алғаш рет әділеттілікті ашық талап ете бастаған еді. Қазір соның жемісін бүгінгі буын көріп отыр. Еңбек адамына деген сенім, жақсы ниет пен адалдықтарыңыз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз», деді Сатыбалды Дәулеталин.

Иә, қиын-қыстау кезеңдерде бұрыннан қалыптасқан жүйе күйреді. Өмірдің үйреншікті тәртібі бұзылған шақта жұмысшы құқығын қорғау да оңай болмады. Кәсіпорындар жабылып, жалақы айлап берілмеген шақтарда кәсіподақ қозғалысы жұмысын жалғастырды. Халықтың сенімін сақтап қалды. Форумда өмірден өткен кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділерінің рухына құрмет ретінде бір минут үнсіздік жарияланды. Осыдан соң Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымның жетістіктеріне тоқталды.

«Біз кәсіподақтарды сақтап қана қоймай, олардың беделін де арттыра алдық. Бүгінде миллиондаған еңбеккердің құқығын қорғайтын берік тірекке айналды. Кәсіподақтар федерациясы – елдегі ең ірі қоғамдық ұйым. Оның құрамында екі миллионға жуық адам бар. Яғни, еліміздегі әр үшінші еңбеккер – біздің кәсіподақтың мүшесі. Федерация құрамына 24 салалық, 18 аумақтық бірлестік және 16,5 мың бастауыш ұйым кіреді. Онда күн сайын мыңдаған еңбеккердің тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдануда. Бұл – екі мың штаттық кәсіподақ қызметкері мен 90 мың белсендіден құралған үлкен қауымдастық. Олардың барлығы Кәсіподақтар федерациясының бірыңғай жүйесінде жұмыс істейді», деді кәсіподақ көшбасшысы.

Бүгінде кәсіподақтары бар ұйымдардың 97%-дан астамы ұжымдық шарттармен қамтылған. Кейінгі жылдары олардың саны 40%-ға артыпты. Бұл – әрбір еңбеккер өз еңбегінің қорғалғанын сезінеді деген сөз. Сосын, кәсіподақтардың ықпалы айтарлықтай кеңейді. Қазір макроэкономикалық бастамалардан бастап, нақты салалар деңгейінде әсер етіп отыр.

Халықаралық деңгейдегі маңызды жетістіктердің бірі – 2021 жылы Орталық Азиядағы жаңа аймақтық кәсіподақ платформасының негізі қаланып, 2023 жылы Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымы құрылды. Осы жылдар ішінде бұл құрылымдар сараптамалық алаңнан аймақтық ықпалды күшке айналды. Бұл дегеніміз, бүгінде әрбір қазақстандық жұмыскердің артында тек салалық кәсіподағы ғана емес, бүкіл әлемдік ынтымақ қозғалысы тұр деген сөз.   

Өкінішке қарай, жыл сайын елдегі өндіріс орындарында 1300-ден астам адам жарақат алады. Оның шамамен 200-і қайтыс болады. Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу – кәсіподақтың да міндеті. Сол себепті кәсіподақ жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттырып, Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын толық іске асыру және Халықаралық еңбек ұйымының №176 Конвенциясын ратификациялау қажет. Сондай-ақ федерация басшылығы жұмысшыларға әділ еңбекақы төлеу, бейресми секторда жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және цифрлық сервистерді енгізу сынды бағыттарда жұмысты күшейтуге ниетті.

Форумда Мәжіліс төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтауын партия хатшысы Дәулет Кәрібек жеткізді. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің құттықтауын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова оқыды. Ізінше, федерацияның әлеуметтік әріптестеріне «Үздік әлеуметтік әріптес» медалі табысталды. Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚРКФ-ның 35 жылдығына орай Кәсіподақтар федерациясының  «Тарихқа – тағзым, Бүгінге – өзгеріс, Болашаққа – сенім» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Форум аясында ҚРКФ ұйымдастырған «Мамандық үздігі» республикалық байқауының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Олардың қатарында мұнай, тау-кен, құрылыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, машина жасау, білім беру және пошта салаларының үздік өкілдері бар. Осы күні кәсіподақ ардагерлері, кәсіподақ қозғалысының жетекшілері мен белсенділері, сондай-ақ еңбекші жастардың үздік өкілдері кәсіподақтың арнайы марапаттарымен және «Қазақстан кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары