Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Бельгияда Global Gateway форумы өтті

Бельгияда Global Gateway форумы өтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Global Gateway» стратегиясы («Жаһандық портал») — 2021 жылы іске қосылған Еуропалық одақ бастамасы. Ол ЕО мен әлем елдері арасындағы инфрақұрылымдық және экономикалық байланысты нығайтуға, сонымен қатар тұрақты даму, сапа стандарттары, демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге және тәуелділікті азайтуға бағытталған.

«Жаһандық портал» серіктестерінің географиясы Африка, Латын Америкасы, Азия елдері мен әсіресе Орталық Азияны қамтиды.

«Жаһандық порталдың» негізгі мақсаты — ЕО-мен серіктес елдерде сандық, энергетикалық және көлік салаларындағы «ақылды, таза және қауіпсіз» байланыстарды күшейту, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім және ғылыми зерттеулер жүйелерін нығайту.

Биыл форумда Еуропалық одақ пен аталған бастама аясындағы серіктес елдердің көшбасшылары бас қосты. Қазақстаннан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қатысты.

Фото: x.com/@EBRD

Е.Ақкенженов ЕО басшылығымен және Еуропаның ірі қаржы институттары өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Ол ЕО-ның халықаралық серіктестік жөніндегі комиссары Йозеф Сикела және кеңею мен тату көршілік саясаты мәселелері жөніндегі комиссар Марта Коспен кездесті. Кездесуде тараптар энергетикалық қауіпсіздік пен «жасыл» энергетиканы дамытуға бас назар аударды.

Министр Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді стратегиялық мақсат ретінде ұстанатынын растады. Ол еліміздің «жасыл» энергетикаға көшу процесіне сындарлы және теңгерімді көзқарас танытып отырғанын атап өтті.

Сапардың маңызды бөлігі инвестиция мәселелеріне арналды. Министр Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен, Францияның даму агенттігі (AFD) директоры Сириль Бельэмен, италиялық Cassa Depositi e Prestiti (CDP) қаржы тобы өкілдерімен кездесті.

- Кездесулер нәтижесінде ЕҚДБ және Еуропалық инвестициялық банкпен (EIB) ынтымақтастық туралы меморандумарға қол қойылды. Құжаттар Қамбар ата СЭС-1 құрылысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және электр желілерін жаңғырту сияқты өңірлік энергетикалық жобаларға инвестиция тартуға бағытталған, - деп атап өтті Қазақстанның Энергетика министрлігінен.

Форум аясында Орталық Азиядағы серіктестік диалогы өтті. Іс-шараны Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның энергетика саласының өкілдері қатысты. Онда Ерлан Ақкенженов Қазақстанның электр энергиясы саудасын аймақтық деңгейде дамыту, гидроэнергетикалық әлеуетті бірігіп пайдалану, жаңартылатын энергия көздері үшін бірыңғай техникалық стандарттар жасау мәселелеріндегі ұстанымын атап өтті.

- Брюссельге сапарымыз энергетикалық серіктестікті тереңдетуге екіжақты қызығушылықтың жоғары екенін растады. Қазақстан сенімді энергия ресурстары жеткізушісі және Еуропа үшін «жасыл» энергетика, маңызды материалдар мен «жасыл» сутегі өндірісі бойынша стратегиялық серіктес болуға дайын. EIB және EBRD-мен қол қойылған келісімдер еуропалық бизнесі үшін Қазақстанның тұрақты болашақта ұзақмерзімді инвестицияларға келешегі зор әрі қауіпсіз алаң екендігінің тікелей белгісі саналады», — деді Энергетика министрі.

Ал Көлік вице-министр Талғат Ластаев еуропалық әріптестерімен кездесуде Қазақстанның көлік инфрақұрылымына 35 млрд доллар инвестиция салғанын, 2030 жылға дейін тағы 15 млрд доллар инвестиция құю жоспарланғанын айтты. Шығыс-Батыс бағытындағы жүк тасымалының 58 пайызы Қазақстан арқылы өтетіндігіне назар аудартты.

Қазақстанның ЕО-дағы елшісі Роман Василенко еліміздің бұл бастамаларға қатысуының маңызын атап өтті.

- Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия аймағы «құрлықпен тұйықталған» емес, «құрлықтарды байланыстырушы» өңірге айналуға мүдделі. Сондықтан Ұлы Жібек жолын жаңғырту мен осындай бастамаларға қатысу — еліміздің стратегиялық мақсаты», — деді елші.

Р.Василенконың айтуынша, осыдан 2 жылға жуық уақыт бұрын Брюссельде Орталық Азия инфрақұрылымын дамытуға арналған инвестициялық форум өтті. Онда ЕО алдағы уақытта 10 млрд еуроға дейін қаржы салуға уәде берген. Бүгінде ЕО қолдауымен бөлінген несие көлемі шамамен 800 млн долларға жетіп отыр.

Оның атап өтуінше, барлық тарап процестің жылдамдауына мүдделік танытып отыр. Өйткені, Еуразия арқылы құрлықпен жүк тасымалдау геосаяси тұрақсыздық жағдайында маңызды бола түсуде.

- Сол себепті Орта дәліздің құны бірнеше есе артты және де бұл бағыттағы жүк тасымалының еселене түсуі кездейсоқтық емес — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Еурокомиссия президенті У. Ляйен «Global Gateway» бастамасына 2027 жылға дейін 400 млрд еуродан астам инвестиция тарту көзделгенін мәлім еткен болатын. Ал 2021 жылы, бастапқыда бұл жобаға 300 млрд еуро инвестиция құю жоспарланған еді.

- Біздің бастапқы мақсатымыз 5 жылда 300 млрд еуро жұмылдыру болған еді. Дегенмен, бүгінде бұл мқсатқа қол жеткіздік. 4 жылдың ішінде 306 млрд еуродан астам инвестиция жұмылдыра алдық. Енді 2027 жылға дейін 400 млрд еуродан да көп қаржы тартатынымызға сенімдімін, — деді ЕК президенті.

Сонымен қатар, ол «Global Gateway» инвестициялық орталығы құрылатынын жария етті. Ол инвестор компаниялар үшін бірыңғай платформа ретінде жұмыс істемек.

Осыған дейін Қазақстан мен Еуропалық Одақ «жасыл» энергетика саласындағы жаңа келісімдерге қол қойғаны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 23:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see132

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see129

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see129

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see126

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see125

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see115

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see114

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see112

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see110

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see110

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see110

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see109

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see108

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see108

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see108

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see108

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары