Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Астаналықтар бейтаныс адамдармен мұңын шағу үшін кездеседі. Не болып жатыр?

Астаналықтар бейтаныс адамдармен мұңын шағу үшін кездеседі. Не болып жатыр?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кейінгі апталарда Астана саябақтарында ерекше кездесулерді байқауға болады. Бір-бірін танымайтын адамдар шағын топтарға жиналып, ішкі толғанысын, шаршағаны мен өзекті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай формат "нытинг" деген атауға ие болып, елорда тұрғындарының назарын тез аударды. Tengri Life тілшісі осындай кездесулердің біріне қатысып, оның ұйымдастырушысы Софиямен сөйлесті және адамдардың нытингке не үшін келетінін білді. Сонымен қатар біз психологпен тілдесіп, бұл форматқа кәсіби тұрғыдан баға беруді сұрадық.

Нытинг деген не?

Шілденің басында Астана тұрғыны София әлеуметтік желіде ерекше хабарландыру жариялады. Ол бейтаныс жандарға Ботаникалық бақта кездесіп, көңіл-күйлерін бөлісуді және бір-біріне қолдау көрсетуді ұсынды. Бұл идея күтпеген жерден қолдау тауып, кездесулерге ондаған адам келе бастады.

Скриншот: Threads

Софияның айтуынша, нытинг - бұл адамдар өз уайымын ашық айта алатын кездесу. Бұл ретте ешкім жеке басындағы оқиғасын бөлісуге міндетті емес.

"Нытинг - бейтаныс адамдар өз басындағы жағдайлары мен жан ауыртар мәселелерін бөлісетін және бір-біріне демеу болатын кездесу форматы. Яғни, бұл - адам өз мұңын айтып, тыңдалатын және қолдау табатын орта", - дейді қыз.

Ұйымдастырушы нытингтің психотерапия емес екенін және маман кеңесін алмастыра алмайтынын ерекше атап өтті. София психолог емес және кәсіби кеңес бермейді.

Фото: Threads

Кездесу қалай өтеді?

Әдетте нытинг Астана саябақтарында өтеді.

Алғашқы қатысушы келгенде София онымен танысып, кездесуге не себепті келгенін сұрайды. Кейін біртіндеп басқа адамдар қосылады. Егер қатысушылар саны көп болса, олар бес–жеті адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

"Үлкен топта шу көбейіп кетеді. Адамдар іштегісін айтқысы келеді, бірақ өз кезегін ұзақ күтуге мәжбүр болады. Шағын топтарда барлығына жайлы. Кейде қатысушылар өз бетінше екі-үш адамнан бөлініп кетеді", - деп түсіндірді София.

Кездесу басталмас бұрын ұйымдастырушы бірнеше қарапайым ережені еске салады. Қатысушыларға бір-бірін балағаттауға және айыптауға, ішімдік ішуге, темекі шегуге және адамдарды келісімінсіз суретке немесе видеоға түсіруге болмайды.

Жақында София Telegram-арна ашып, онда келесі кездесулер туралы ақпарат жариялап тұрады. Әзірге тұрақты кесте жоқ, барлығы ауа райына, ұйымдастырушының бос уақытына және қатысушылардың тілегіне байланысты.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Astana (@tengri.astana) жарияланымы

Уақыт өте келе формат өзгере бастады. Жақында София аналарға арналған бөлек нытинг өткізді, онда әйелдер ана болудың қиындықтарын, шаршағанын және жеке толғанысын талқылады. Тағы бір идея - қатысушылар араласып қана қоймай, заттарымен алмасқан нытинг-барахолка болды.

Осындай кездесулер Қазақстанның басқа қалаларында, соның ішінде Алматыда өткізіле бастады. Бұл ретте София оларды ұйымдастыруға қатыспайтынын нақтылап өтті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы

Идея қалай пайда болды?

Софияның айтуынша, нытинг идеясы оның өміріндегі қиын кезеңде пайда болған.

Бұдан сәл бұрын қыз жұмыстан шығып кетіп, эмоционалдық тұрғыдан ауыр жағдайды бастан кешкен.

"Мен жақында жұмыстан шықтым, маған өте қиын болды. Күйзелісте жүрдім. Бір күні оянып, ештеңе істегім келмейтінін, бірақ бұл күнді бәрібір өткеруім керек екенін түсіндім. Сол кезде ішімдегіні біреуге айтып тастауым керек екенін сезіндім. Мені тыңдайтын, түсінетін және бәлкім, өзі де осындай жағдайға тап болған адаммен сөйлескім келді. Сондықтан әлеуметтік желіде осындай жазба жарияладым. Адамдар бірден жауап қатты", - деді София.

Фото: Tengrinews.kz

"Нытинг" атауын София өзі ойлап тапқан жоқ. Оның айтуынша, бұл сөзді ол бірде блогерлердің бірінен естіп қалған.

Адамдар нытингке не үшін келеді?

Ұйымдастырушының бақылауынша, әркімнің себебі әртүрлі.

Кейбіреуі әлеуметтік желідегі видеоларды көріп, қызығушылықпен келеді. Енді біреуі іштегісін айтқысы келеді. Ал үшіншісі - өзгелердің хикаяларын тыңдау немесе бейтаныс жандарға қолдау көрсету үшін келеді.

Софияның пікірінше, нытингттердің танымал болуы бүгінде көптеген адамға қарапайым адами қарым-қатынас жетіспейтінін көрсетеді.

"Біздің мәдениетімізде шағымдану, сезіміңді немесе мәселелеріңді бөлісу құпталмайды. Көбіне адамға "сен шағымдана бересің" немесе "бәрі де солай өмір сүріп жатыр" деп айтады. Бірақ адамдар робот емес, олардың да жаны ауырады. Сондықтан менің өз мұңымды айтқым келді және басқаларды тыңдағым келді, осылайша біз бірігіп, бір-бірімізге қолдау көрсете алар едік. Қазір көбіне осы жетіспейді, нытингтер соның дәлелі болды", - деп түйіндеді София.

Бұл туралы психолог не дейді?

Біз психолог Жадыра Сабыровадан нытингтердің танымал болуына қатысты пікір білдіруін сұрадық.

Оның айтуынша, мұндай кездесулер адамдардың эмоционалдық қолдауға және өз сезімі туралы ашық айта алатын қауіпсіз ортаға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін көрсетеді.

"Біз үнемі өнімді болуды талап ететін мәдениетте өмір сүріп жатырмыз, мұнда адамның құндылығы көбінесе оның жетістіктерімен, жылдамдығымен және тиімділігімен өлшенеді. Соның салдарынан көбі созылмалы күйзеліске, эмоционалдық қажуға және жалығуға тап болады", - деп атап өтті маман.

Психологтың айтуынша, кейде тоқтап, іштегіні шығару немесе жай ғана үзіліс жасауға деген ниетті автоматты түрде әлсіздік немесе жалқаулық деп санауға болмайды.

"Психологиялық тұрғыдан алғанда, кейде ештеңе істемеуге деген құлшыныс - бұл психиканың қалпына келуге деген табиғи қажеттілігі. Адам өзіне тоқтауға, ақпарат ағынын азайтуға және нәтижелерге ұмтылу жолындағы үздіксіз жарыстан бас тартуға рұқсат бергенде, жүйке жүйесі ресурстарын қалпына келтіруге мүмкіндік алады", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар сарапшы салауатты демалысты шынайы мәселелерден қашу әрекетімен шатастырмау маңызды екенін атап өтті.

"Егер адам мұндай форматты жауапкершіліктен немесе өз қиындықтарын шешуден жалтару тәсілі ретінде пайдаланса, бұл одан да үлкен үрей мпен кінә сезіміне әкелуі мүмкін. Сапалы демалысқа, серуендеуге, тыныштыққа және ішкі ресурстарды қалпына келтіруге үнемі уақыт тауып отыру әлдеқайда пайдалы", - деді психолог.

Жадыра Сәбированың пікірінше, нытингтердің танымал болуы тереңірек мәселені аңғартады.

"Қазіргі заман адамдарына жетістік пен психологиялық әл-ауқатқа қамқорлық жасау арасындағы тепе-теңдік жетіспейді. Бұл жай сәнді әуестік емес, керісінше өмір салтын қайта қарау қажеттілігі туралы белгі", - деп түйіндеді ол.

Жадыра Сәбирова - кеңесші-психолог, Qazaq Expert Club сарапшысы. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "педагог-психолог" мамандығы бойынша бітірген, Қыдықова академиясында "кеңесші-психолог" бағыты бойынша кәсіби қайта даярлаудан өткен.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 15:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары