Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Астаналықтар судан тарықпайды

Астаналықтар судан тарықпайды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елорда суқоймасындағы ахуал

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұйым­дас­ты­руы­мен бір топ журналист қала ірге­сіндегі екі стратегиялық нысанды аралап, құрылыс барысымен танысты.

Ақпарат құралдары өкілде­рі­нің алғашқы аялдаған нысаны – Аршалы ауданындағы Астана (Вячеслав) суқоймасы. Қаланы үздіксіз ауызсумен қамтып отырған суқоймасы сонау 1970 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы сыйымдылығы – 410,9 млн текше метр, қазір судың пайдалы көлемі – 375,4 млн текше метр. Су айдынының ауданы – 60,7 шаршы шақырым. Топырақтан тұр­ғызылған бөгеттің ұзындығы ша­мамен – 1,2 шақырымды, биіктігі 30–32 метрді құрайды. Ал тасқын су өткізгіші секундына 1 920 тек­ше метрге дейін су жібе­ру­ге қабі­летті екен.

Енді осы нысанға қайта жаң­ғыр­ту жұмысы жүргізілмек. Бірақ оның маңайында техника­лардың, жұмысшылардың жоғын байқап, құрылыс әлі басталмағанын аңғар­дық. Мән-жайды Су ресурстары және ирригация министр­лігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев түсін­діріп берді.

– Біз суқоймасының жай-күйін ескере отырып, алдымен реконструкция жобасын әзірлеуге кірістік. Яғни әлі құжаттары түгел дайын болған жоқ. Жоба келешекте Есіл өзе­нінің ағынын реттеуге әрі су тас­қынына қарсы қор­ғанысты күшейтуге бағыт­талып отыр. Осылайша, елорда тұрғында­рын ауызсумен үздіксіз, сапалы қамтамасыз етеміз. Жоба аясында бүкіл гидроторапты кешенді түрде жаңғырту жоспарланып отыр. Соның аясында бөгет, тасқын су өткізгіш, бөгет жотасымен өтетін ұзындығы шамамен бір шақырым болатын автомобиль жолы мен көпір – бәрі-бәрі қайта жаңарады. Гидротораптың жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жабдықтардың барлығы ауыстырылып, бөгеттің іргетасы берік бола түседі. Әрі оның техникалық жай-күйін үздіксіз бақылап тұратын заманауи бақы­лау-өлшеу аспаптарын орнат­пақшымыз. Бұған қоса, суды басқару, есепке алу мен бөлудің авто­маттандырылған жүйелері, бейне­бақылау, мониторинг, ақау­ларды ерте хабарлау жүйе­ле­рі түгел енгізіледі, – деді А.Жақанбаев.

Мамандар суқоймасындағы бөгеттің еңісін реконструкциялау жобадағы ең күрделі кезеңдердің бірі дейді. Себебі құрылыс жұ­мысы бүкіл қалаға су жеткізіп тұрған стратегиялық маңызды гид­ро­торапта жүргізілмек. Мұн­дай­да мамандар инженерлік бақы­лауды дәл ұйымдастыра отырып, конструкцияларды нығайтудың арнайы технология­ларын қолданады. Жұмысты кезең-кезеңімен үйлестіреді. Түсін­­геніміз, ірі жобаның мерзімі ұзақ­қа созылуы мүмкін. Бірақ  суқоймасынан қалаға жіберілетін су мүлде тоқтамайды.

– Осыдан 10 жыл бұрын қала тұрғындары жылына 90 млн текше метр су пайдаланса, қазір халық санының көбеюіне байланысты 110 млн текше метр су тұтынады. Әрине, су қоймасында су қоры жеткілікті. Тек климаттық өзгерістерге байланысты 2–3 жыл су аз келсе, судың құрамы бұзылуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін әкімдік тарапынан Қ.Сәтбаев атындағы стратегиялық каналдан Астанаға қосымша су беру қарастырылған. Біз енді Астана су арнасын жаңғыртсақ, мұндағы судың нақты көлемі қанша екенін біле аламыз. Себебі 50 жылдан астам уақытта судың түбіне лай шөккен соң, ондағы су 410 млн текше метр болмауы да мүмкін. Осы ретте былтырдан бері Астана суқоймасының табанын тазалау жұмысы басталды, – деп сөзін түйіндеді А.Жақанбаев. 

Тасқыннан қорғайтын бөгет

Қайтар жолда Қарағанды тас жолына тағы шығып, елорда ірге­сіндегі Астананы су тасқы­нынан қорғайтын бөгетке тоқ­тадық. Климаттың өзгеруі­не, су тасқындарының жиілеуіне бай­ланысты қазір елдегі гидро­тех­никалық инфрақұры­лым­дар кезең-кезеңімен жаңарып келеді. Жиі-жиі қайталанатын су тасқынына дайындықты алдын ала бастап, ертеден қамданғаннан ұтылмайтынын билік түсінген тә­різді. Астана қаласының қор­ғаныс бөгетін реконструкциялау жобасы да осындай тосынан келетін тасқынға төтеп беріп, суды басқаруға көмектеседі. Жұ­мыс барысында апатты су тас­тағыш пен су бұру арнасы салынып, дәл осы нысан елорданы су тасқынынан қорғайтын заманауи жүйенің негізіне айналмақ. Сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға көп көмегі тиеді. Бүгінде мұндай тәсіл әлемнің көптеген елінде қолданылып келеді. Онда жеке гидротехникалық құрылыстарды салумен шектелмей, бөгеттерді, реттеуші құрылыстарды, су бұру арналары мен цифрлық мониторингті, халықты ерте хабардар ету жүйесін біріктіретін кешенді қорғаныс жүйелері құрылады. Осындай қағидаттар Нидерландтағы Delta Works, Ұлыбританиядағы Thames Barrier, Италиядағы MOSE, Канададағы Red River Floodway су тасқынына қарсы кешендерінің жұмысында қолданылады.

Бөгеттегі жұмыстың барысы туралы Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков былай деді: «Жоба қаланың даму жоспарын, за­манауи гидрологиялық есеп­теу­лер мен су тасқыны қаупін бас­­қарудың халықаралық тәсіл­де­рін ескере отырып әзірленді. Қазір қол­даныстағы контррегуля­тор 450 млн текше метр­ге де­йінгі тасқын суын жинақтап, қа­ланы тасқын судан қорғауға мүм­кіндік береді. Жоба аясын­да қолданыстағы қор­ғаныс бө­геті реконструкция­ланып, ұзын­дығы 4,2 шақы­рым­нан асатын жаңа бөгет салынады. Бұл нысан жаңа авто­мат­­тан­дырыл­ған жүйелермен жаб­дық­­тала­ды. Нә­ти­жесінде, ірі кө­лем­­­дегі су ағын­дарын қала­лық ин­фра­­­құры­лымға қауіп төндір­мей өт­кізуге мүмкіндік беретін көп­дең­гей­лі қорғаныс жүйесі қалып­тасады».

Көп кідірмей, Қосшы қа­ла­сына қарай бет бұрып, Қызыл­­жар ауылына таядық. Осы маң­да апатты тасқын жағда­йын­да Есіл өзенінен келетін су­ды қабылдайтын канал­дың құ­ры­лысы қызу жүріп жатыр.

Бұл канал 2020 жылы пайда­лануға берілсе, былтыр жо­баның іргесін кеңейту басталған. Құрылысқа жауапты – «Unex stroy» серіктестігі. Біз барғанда ауыр жүк көліктерінің көмегімен жұмыс­шылар каналдың іргесін ұңғып, кеңейтіп жатыр екен. Қазір құрылыс басында 103 адам жұмыс істеп жүр. Көпір жөндеу секілді шаруалар басталғанда жұмысшылар бұдан да көбейеді.     

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте: «Елдің бас қаласын сумен тұрақты қам­тамасыз ету – техникалық мін­дет қана емес. Бұл – ұлттық қауіп­сіздік мәселесі. Мұнда ұсақ-түйек нәрсе болмайды, барлығын алдын ала ойластырып, уақтылы жасау қажет», деген еді.  Ұлттық статистика бюросы ұсынған ресми есепке сүйенсек, Астанада 1 674 699 адам тұрады. Қазіргі қар­қынға қарап, елордада құры­лыс бәсеңдемейтінін, халық саны азаймайтынын ескерсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске аса бастаған өте ауқымды жобалар бас қаланың келешегі үшін баянды болмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 09:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары