Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

Тбилиси Астана рейсінде британиялық жолаушы темекі шегіп, айыппұл арқалады

Астауға сұраныс артты, бұл халықтың әл ауқатының артқанының белгісі шебер

Астауға сұраныс артты, бұл халықтың әл ауқатының артқанының белгісі шебер

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Солтүстікқазақстандық қолөнершінің ағаштан ұлттық нақышта бұйым жасап жүргеніне 20 жылдан асты.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Болатбек Қалдыровтың қолындағы әр сайман - ойдың жалғасы, әр қимылы - табандылық пен төзімнің көрінісі. Ол ағашты асықпай, бабымен ояды. Себебі бұл өнерде дәлдік пен сабыр ғана нәтиже береді.

Қолөнерге деген қызығушылық Болатбекке бала кезінен дарыған. Ол үш ағасының қасында жүріп, өнердің қыр-сырын бойына сіңіріп өсті. Ағалары кезінде Ресейдегі қазіргі Кунгур мемлекеттік көркемөнер-өнеркәсіп колледжін тәмамдап, суретші-сәндеуші мамандығын игерген. Жастайынан шығармашылық ортада өскен Болатбек бұл жолды саналы түрде таңдады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Шебердің дүниетанымында ұлттық құндылықтар терең жатыр. Атасы ағаш пен теріден ат әбзелдерін жасаған, әжесі киіз басып, алаша тоқыған. Әкесі сурет салса, анасы тоқымашылықпен айналысқан. Осындай қазақы тәрбие алған Болатбектің әр бұйымында ырым мен сенім, әулеттен қалған дәстүрдің ізі бар.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы Фото: Ақерке Дәуренбекқзы

- Шеберханада ілініп тұрған бұл бас сүйектер бұйым жасау барысында қалыптан ауытқымау үшін керек. Мысалы, сүйектің құрылымына қарап, көзінің, құлағының, танауының қай жерде орналасқанын, қандай ойықтары барын еске түсіреміз. Жұмыс барысында кейде ұмытып кететін сәттер болады, сондықтан осындай үлгілер бізге бағыт-бағдар береді.

Ауылдағы үлкен ағамда бүркіттің бас сүйегі бар. Сонымен қатар борсықтың, түлкінің, қасқырдың да бас сүйектері сақталған. Соларға қарап отырып, «осыларды бір күні панноға айналдыруға болар ма екен?» деген ой келеді. Болашақта сүйек ою өнерін меңгеріп, ағаш пен сүйекті үйлестіріп бұйым жасау жоспарда бар. Мұндай идеялар көп, тек соның бәріне уақыт жетпей жатыр, - дейді Болатбек.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Бүгінде Қалдыровтар әулетінде қолөнермен төрт ағайынды айналысады. Бірі қамшы өрсе, енді бірі майлы бояумен сурет салады. Ал Болатбек пен Оразбек негізінен астау жасаумен шұғылданады. Бұл - ұзақ әрі күрделі процесс. Бір астауды толық дайындауға кемінде бір ай уақыт кетеді.

Болатбек бұйым жасауға, әсіресе астауға негізінен қайың ағашын қолданады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Оның айтуынша, қайың - тірі, жылы әрі төзімді материал. Алайда оны жел өтінде немесе күн көзінде ұзақ қалдыруға болмайды, әйтпесе жарылып кетеді. Шебер сау қайың мен бұйра қайыңды ажыратып, сапасына қарай пайдаланады. Бұйра қайыңнан жасалған бұйым анағұрлым мықты келеді.

- Астау таңдағанда ең алдымен ағаштың тазалығына, тұтас болуына мән беру керек. Одан кейін оның өңделу сапасына, дұрыс ойылуына, өңделуіне назар аударылады. Қазір кейбіреулер астаудың ішіне күнбағыс майын жағып жатады. Бұл дұрыс емес. Себебі күнбағыс майы химиялық жолмен өндіріледі. Уақыт өте келе тағамға қышқыл дәм береді.

Дұрысы табиғи майларды - жылқының майы немесе қаздың майын қолдану. Ал олар болмаған жағдайда астауды араның балауызымен ыстаймыз. Мұның бәрі — табиғи өнімдер. Сапаға ерекше мән беру қажет. Өйткені мұндай бұйымдар өмірде бір-ақ рет алынатын, немере-шөбереге мұра болып қалатын заттар. Сондықтан таңдағанда ең дұрысын алу керек. Жалпы бүгінде астауға сұраныс өте жоғары. Бұл халқымыздың жағдайының жақсарғанының бір белгісі, - дейді шебер.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Астаулар тек тұтас ағаштан ойылады. Желім қолданылмайды. Болатбектің әр жасаған бұйымынан шебердің өзіне тән қолтаңбасын көруге болады. Астау жылқының, бүркіттің, қошқар немесе арқардың басы бейнеленген ұлттық ою-өрнекпен безендіріледі.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

- Қолмен жасаған бұйым қашанда құнды ғой, мұндай жұмысқа жан кіреді. Желімдеп жасалған астау ұзаққа бармайды, бәрібір бір күні жарылады. Ал ағаш — жылы, тірі материал. Ол үнемі «қозғалыста» болады. Негізі, кез келген материалда бұл қасиет бар, тіпті металдың өзі де ойнайды. Сондықтан астауды тұтас бір ағаштан ойып жасау қажет, - дейді Болатбек Қалдыров.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Панно, түрлі кәдесыйлар, бесік, ер-тұрман. Қалдыровтар жасаған бұйымдарды түрлі көрмелерден көруге болады. Сондай-ақ олардың туындыларын сыйлық ретінде шетелдерге алып кететіндер де аз емес.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Шебердің айтуынша, өнердің өміршеңдігі халықтың қолдауына байланысты. Қоғам ұлттық құндылыққа бет бұрғанда ғана мәдениет те, тіл де, дәстүр де сақталады. Табиғи, сапалы әрі мағыналы дүниеге деген сұраныс бүгінде артып келеді. Бұл — ата кәсіптің қайта жаңғырып келе жатқанының айқын белгісі.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында қуыршақ жасайтын шебер Ирина Самойлова туралы жазған едік.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы Фото: Ақерке Дәуренбекқызы Фото: Ақерке Дәуренбекұызы
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қаңтар 2026 15:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see166

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see164

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see164

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see162

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see157

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see151

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see147

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see145

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see144

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see143

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see137

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see136

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see131

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see130

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see126

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see122

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see119

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see115

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

10 Қыркүйек 2026 09:33see111

Тбилиси Астана рейсінде британиялық жолаушы темекі шегіп, айыппұл арқалады

08 Қыркүйек 2026 16:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары