Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Еуропада электркарларға сұраныс артты

Еуропада электркарларға сұраныс артты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еуропа жұрты электр қозғалтқышы бар гибридті көліктерге қатты қызығады.

Бұл үрдіс кәрі құрлықтағы басты автокөрмелердің бірі «Брюссель мотор шоу 2026-да» айқын байқалды. Еуропалықтар тағы қандай темір тұлпарларды таңдайды? Құрлықтағы нарық бәсекесінде кім жүйрік? 

Еуропа дизель және жанар маймен емес, гибридті және толығымен тоқпен жүретін көліктерге ауысып жатыр. Іштен жанатын қозғалтқышы бар дәстүрлі көліктер ешқайда жоғалып кетпейді, бірақ бұрынғыдай зор сұранысқа ие емес. Олар ескіше бензинмен жүре бергісі келетіндердің таңдауы болып қала бермек.

Нарықтағы соңғы деректерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ЕуроОдақта электрлі автомобильдердің үлесі шамамен 17%, ал гибридтердікі – 35% болған. Бензин мен дизельдің жиынтық үлесі болса шамамен 36%-ды құрайды. Брюссельдегі автосалон да технологиялық өзгеріс кезең-кезеңімен жүріп жатқанын көрсетеді. Еуропалықтардың автомобиль таңдаудағы талғамы біртіндеп өзгеруде.

Анук Ван Влиет, Еуропалық автоөндіруші өкілі:

- Біз сатып алушылардың гибридті модельдерге деген қызығушылығының жоғары екенін көріп отырмыз. Кейбірі қашық жерлерге электрлі көлікпен бару қауіпті деп санайды. Дегенмен біз ұсынған модельдердің арасында қуаты 400, тіпті 700 шақырымға дейін жарайтындары бар. Мақсатымыз – тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру.

Көрмеде Қытай автокомпаниялары да ерекше назарда болды. Олар баға, жабдықталу деңгейі және мықты электрлі модельдері арқылы бұқаралық сегментке нық сеніммен кіріп жатыр. Бұл еуропа көшелерінде де байқалады. Халықаралық сараптамалық компаниялардың дерегінше, өткен жылдың мамыр айында Қытай өндірушілерінің Еуропадағы үлесі 6%-ға жуықтап, бір айда шамамен 66 мың көлік сатылған. Мұнда тек баға емес, технология да шешуші факторға айналып келеді.

Ральф Ван Мер, Қытай автоөндірушісінің өкілі:

- Бүгінде бастысы тек көлік емес, оның қозғалысы мен цифрлық мүмкіндіктері болып тұр. Қазір сатып алушылар заманауи технологияларға көбірек мән береді. Ал Қытай инновациялар бойынша көш ілгері. Сондықтан еуропалық клиенттердің көңілі бізге ауып тұр.

«Брюссель мотошоуы» осымен 102-рет өткізіліп отыр. Пандемия кезінде жабылып қалған Женева автосалоны жұмысын жаңғыртқан соң, Брюссель Еуропадағы басты автопремьера алаңдарының біріне айналды. Көрмеге барлығы 64 бренд қатысты. Мұнда келушілер жай көрермен болып қана қоймай, нақты таңдау жасауға дайын. Көбіне көліктің ішіне отырып, саралап, сервистік шарттары мен бағасын нақтылайды.

Эрик Глад, сатып алушы:

- Мен жаңа көлік іздеп жүрмін. Мұнда өте ыңғайлы. Көптеген брендті бір жерден табуға болады. Барлығын салыстыруға мүмкіндік бар, автосалондарды жеке-жеке аралап шығудың қажеті жоқ.

Көрмеде «Еуропаның жыл автомобилі» де анықталды. Үздік темір тұлпарлар өз деңгейіне қарай сараланды. Қазылар алқасының бүйрегі өз елінің брендтеріне бұрды: француздар Citroen C5 Aircross моделін, ал италиялықтар Fiat Grande Panda-ны таңдады. Бірақ көп сарапшылар Mercedes CLA-ны жеңімпаз деп тапты. Бұл модель гибридті және электрлі нұсқада ұсынылған. Соңғысы тиімділігі және қолжетімді бағасымен ерекше. Құны шамамен 30 млн теңгеден басталады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 20:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары