Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Соғым маусымы: жылқыға сұраныс артты

Соғым маусымы: жылқыға сұраныс артты

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін қыстың алғашқы күні. Қазір бірде жылымық, бірде бұлтты. Көп аймақта қар түспегенімен, жұрт соғымын қамдап жатыр. Қазақтың жыл есебінде «қарашаның 20-сы желтоқсан кіреді». Ал желтоқсанды орталағанда соғым басталады. Осы пайымға қарасақ, соғымбасы келіп те қалды.

Тек қазір Арқада бұрынғыдай алай-түлей боран жоқ. Тіпті қар да тұрмайтын болған. Қыс бойы күн әлсін-әлсін жылып, қар жиылмайды. Десе де ел: «Желтоқсанның қары болмаса да, қыстың қамы болсын», – деп базар жағалап жүр.

Соғым маусымы басталысымен жылқыға сұраныс артқан. Жабағы, тай, құнан, дөнен – әрқайсысының салмағы мен бағасы әртүрлі. Мәселен, 1,5 жасар мал орта есеппен 150-160 келі береді. Ал ірі жылқылар 250 келіге дейін жетеді.

Батырбек Қошқарбаев, кәсіпкер:

- Шағын отбасы болса 3-4 адамдық болса жабағы дейді, жабағы деген биылғы құлын ғой. Енді шамамен 120 келі болады. Сол қаладағы 3-4 адамға жеткілікті деп ойлаймын. Ал, мысалы, ата-енесімен, бауырлары бар көп отбасы болады. Олар көбінесе байтал алуға тырысады. Байталдың салмағы 200 келі шамасында.  Бір қысқа, көктемге дейін жетеді.

Соғым көбіне желтоқсанның алғашқы жартысында сойылады. Қазақ жазда қой-ешкіні талқажау етсе, қыста жылқы мен сиырды құп көреді. Білетін жұрт қолға байлаған малды емес, далада тебіндеп жүрген малды таңдайды. «Жылқыны қар бастырып, бір аяз көрсетіп барып пышаққа жығады», – дейді этнограф.

Батырхан Жұмабай, тарихшы, этнограф:

- Алғашқы қар түскен соң алғашқы бір суық өтеді ғой, бір суық өткен соң ғана сояды. Өйткені қатты суық болған кезде жылқы малы малдың ішіндегі өте бір сезімтал мал ғой. Ол ішкі майын сыртына шығарады. Яғни қабырғасының сыртына қазысына шығарады. Қысыр қалған, үйірге қосылмаған, айғырға қосылмаған ұрғашы малдарды, байталдарды, биелерді сойған.

Батырбек Қошқарбаев, кәсіпкер:

- Жылқының семіздігін әркім әртүрлі анықтайды. Біріншіден, жуас мал болса, ұстатса, жалынан қарауға болады. Жалы қалыңдап, тікірейіп тұрады. Жылқыда умасынан қарайды дегеніміз асты, кіндік тұсы ғой, міне. Кіндігінің төмен жағы бос болып салбырап тұрады. Май жинайды. Сол жерінен бастап майы қалыңдаса, қазысы бар деген сөз. Мынау, мысалы, қазір семіз. Қазір сойсаң, бармақ қазы береді.

Соғымды әдетте қар түсіп, аяз күшейгенде сояды. Оған себеп жалқының еті қызуы жоғары болғандықтан бусанып, бұзылып кетуі мүмкін. Дегенмен қазір әркімнің үйінде мұздатқыш болғандықтан, ертедегі дәстүр қалған. Әркім көрпесіне қарай көсіліп, күн суытқан мезгілде соя береді. Сондықтан қызылсырап отырған жұртқа «соғымыңыз шүйгін болсын» дейміз.

Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Диас Ковланбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 11:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары