Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ата Заң мәтінінің 84 пайызы өзгеруі мүмкін

Ата Заң мәтінінің 84 пайызы өзгеруі мүмкін

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңартылған Конституция жобасының сұлбасы дайын. Реформа арқылы Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгеруі мүмкін. 

Бұл туралы Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында мәлім болды. Барлық бөлімінде жаңашылдық бар. 77-бапқа түзету енгізіледі. Оның ішінде билікті де, бұқараны да қамтитын ауқымды бастамалар жетерлік. Алайда мемлекеттің біртұтастығына қатысты норма өзгеріссіз қалады. Нақты ұсыныстарды келесі бейнематериалдан білейік. 

Жаңартылған Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Осылайша, жаңашылдық Ата Заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетілді. Бұл − Конституция мәтінінің 84%-ы. Комиссия жұмысында білікті заңгерлер мен лингвистер белсенді жұмыс істеп жатыр.  Олар әр сөздің мәні мен маңызын сақтауға күш салады.

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары, конституциялық комиссияның мүшесі:

Конституцияның Преамбуласы жаңа жалпыұлттық құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-қателерлерді ескере отырып, толықтай басқа редакцияда ұсынылады. Онда негізгі заңды қабылдаудың іргелі мақсаттары, қағидаттары, құндылықтары мен уәждері айқындалған. Мемлекеттің миссиясы, оның тарихи сабақтастығы мен қоғамдық бағдарды айқындайтын мәдени ерекшеліктері көрсетілген. Бұл ережелер жиі қайта қарауға жатпайды және ұзақмерзімді перспективада өзектілігін сақтайды.

Сонымен жобада мемлекеттің мәртебесі анық. Қазақстан Республикасы − демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондай-ақ елдің егемендігін, аумақтық тұтастығын және басқа да маңызды қағидаттарды бекітетін негізгі ережелер көрсетілген. Оған қоса билікті бөлу қағидаты туралы норма жаңаша тұжырымдалып, мемлекет пен діннің өзара іс-қимылын реттейтін ережелер жетілдіріліп жатыр. Иә, өзгеріс көп. Десе де қазіргі Конституциядағы кей норма сақталады. Бақыт Нұрмұханов жекелеген өңірлерге арнайы құқықтық режим белгілеуге қатысты бастаманы айтып, ел аумағының тұтастығы туралы нормаға назар аударды. 

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары, конституциялық комиссияның мүшесі:

- Жекелеген өңірлерде Конституциялық заңдар арқылы қаржы саласына қатысты арнайы құқықтық режим белгіленуге негіз көзделеді. Осындай тәртіппен «жедел қарқынмен дамитын қала» арнайы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін. ол экономиканы тиімді ілгерілету мақсатында жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар Астана Халықаралық қаржы орталығы мен Алатау қаласын дамытуға байланысты. Бұл нормаларды Конституцияның басқа баптарымен тығыз байланыста қарау керек. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен белгіленеді деп бекітіледі. Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады.

Комиссия мүшелеріне жаңартылған Конституцияның бірінші жобасы берілді. Алайда бұл соңғы нұсқа емес. Ұсыныстар әлі де түсіп жатыр. Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Азимова 13 тұлға өз ойын білдіргенін айтып, барлық бастама мұқият зерделенетінін еске салды. 

Эльвира Азимова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы, конституциялық комиссияның төрағасы:

- Дайындалған Конституция жобасының мәтінін мұқият қарау керек болады. Сондықтан қазір мәтінмен топтарда жұмыс істейміз. Сол бойынша нақты тұжырымдалған норма редакцияларымен бірге ұсыныстар беруді сұраймын. Біз оны топтық жұмыс аясында талқылайтын боламыз. 

Осылайша, комиссияның төртінші отырысы Конституция жобасының сұлбасына арналды. Бұл бастамалар тағы бір сүзгіден өтіп, таразыға салынады. Ал келесі отырыс 29 қаңтарда, яғни ертең өтеді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары