Атырау облысында бизнеске арналған электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысының прокуратурасы өңірдегі ірі инвесторлардың құқығын қорғап, электр энергиясы тарифін төмендетуге қол жеткізді.
Атап айтқанда, құны 10 млрд теңге болатын құс фабрикасын салып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС-не «Атырау Жарық» АҚ тарапынан заңды жеңілдіктер берілмегені анықталды.
Прокурорлық қадағалаудан кейін тариф қайта қаралып, инвестор ай сайын 600 мың теңгеден астам қаражатты үнемдейтін болды. Сонымен қатар, құны 800 млн теңгелік жобаны іске асырушы тағы бір кәсіпкерге осындай қолдау көрсетілді.
Жалпы алғанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауар өндіретін 15 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Бұл қадам ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізбек.
Бүгін, 11:25
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 12:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















