Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Атырау облысында Көрісу дәстүрі қалай сақталып келеді

Атырау облысында Көрісу дәстүрі қалай сақталып келеді

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Көрісу-қазақ халқының ұлттық мейрамы. Бұл дәстүр, әсіресе Қазақстаннның батыс өңірінде кеңінен тарап, кейін республикада айтулы күн болып тарады. Көрісу не үшін керек, кім қалай тойлайды, маңызы неде сұрақ төңірегінде сауал өрбітіп көріп едік. 

Қайша Кенжеғалева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Мен 1936 жылы дүниеге келіппін, тамыз айында 90 жасқа толамын. Өмір бойы теміржол саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққанмын. Жолдасым Мұқсим Ұлы Отан соғысына қатысып, өмірге бір қыз, ұш ұлды дүниеге келтіргенмін. Өз әкем де соғысқа бастан аяқ қатысып, 90 жасқа қарағанда өмірден озды, жалпы ұзақ жасауәулетімізде бар. Бүгінде немере, жиендер, шөпшек сүйіп отырған бақытты әжемін. Ал көрісу бұрыннан бар, менің бала кезімізден қалыптасқан мейрам. Анам ол күнге қыстай дайындалатын, қанша азық-түлік қат болса да, етін сүрлеп сақтап, құрт, сүзбе, тарысын бөлектеп тығып қоятын. Тәттінің көзі жоқ, бар болса да қолға түсе бермейді, қант шақпақ күйде болды. Жұтшылық болмағанмен қазіргідей астатөк тағам бола бермейді, өйткені төрт жыл соғыстың өзі елді тұралатып кеткен, бірақ адамдар өте мейірімді еді. Ал көрісу күні шешем «тығындыларын» шығарып, ас әзірлейді. Адамдар топ-топ болып келе береді, есікке тыным болмайтын, бірақ көңілдеріміз таза, жоқ деп сөкпейміз, барына қанағат. Киіз үйлер тігіліп, ат шаптырып бәйге ұйымдастыратын. Қазір көрісу мәні өзгерді, бірі кіріп, бірі шыға бермейді, бір үйге жиналып шақырысады. Ендігі тілек, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып ұрпағымыз өсе берсін. 

Маран Шығыр, Жылыой ауданы Құлсары қаласыны тұрғыны:

-Көрісу тек амандасудың рәсімі емес, халықтың бір-бірімен бауырмалдығын арттыратын, жақындық пен татулықты нығайтатын мейрам. Бұл күннің тарихы тереңде жатыр, көне түркі дәуірінен бастау алған дейді. Қыстан аман-есен шығып, бірі-бірімен қауышқан. Тағы бір тәрбилілік мәні-кішінің үлкенге келіп сәлем беріп, батасын алуы. Көрісу таңертеңнен басталады, бір-бірінің үйіне кіріп, қол алысып, төс қағыстырып амандасады. Тағы бір ерекшелігі егер ренжісіп жүрсе, бір-бірімен татуласып, көңілдері табысады. Менің қазір жасым 72-де. Бұл күнге ерекше дайындалатын едім жыл сайын. Бір жабағы жылқымды қыстай баптап, семіртіп сол күні соямын. Биыл ісек малын сойып, дайындалып отырмын. Әулеттің үлкені болмағанымен кішілер келіп көріседі. Мағынасы осы, ұлттық мейрам мен үшін ерекше. 

Мансур ҚУАНЫШАЛИЕВ, Құрманғазы ауданы Мәслихатының депутаты, Балқұдық ауылының тұрғыны:

-Көрісу күні дейді, амалы дейді, бір мағына. 22 наурыз жыл басы болып саналған. Көрісу де сол мезгілде болған ау деймін, өйткені қазақ бұрын отырықшы болмаған, көшпендіге жатады. Қыс қыстау, жаз жайлау деп көшіп отырған. Қыстан аман шығып, көктемге жетуі ерекше мейрам болып саналып, бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болған. Сол себептен 14 наурыз көрісу деп белгіленуіне келіспейтін тұсы бар, себебі жыл басы наурыз болып саналса бәрі бір күнде болуы тиіс. «Бір жасыңмен», «жаңа жасқа шығуыңмен» деп жатады, ал оның мағынасы тереңде жатыр. Қазір 14-і көрісу, 22 наурызды жыл басы деп атап жүрміз. Осыны бір күнге тоғыстыратын кез келді. Біз Қазақстанда уақытты да өзгертіп, бір жүйеге келтірдік қой. 

Дегенмен ауылдың үлкені болғандықтан бір қойымды сойып, әзірлеп қойғанмын. Сол күні келінім дастарханды мол етіп жазып, бауырсағын пісіріп, қазы-қартасын қойып, асын салып күтіп отырамыз. Менен кішілер келіп, қауышып жатады.   

,

Рафиғат Тажиденова, Исатай ауданы Қамысқала округінің әкімі:

-Көрісу күні халқымызды рухани жаңғыруы, өткенге құрметі, болашаққа деген сенімнің белгісі болып табылады. Осы ерекше күнді ауылымыз жыл сайын тойлайды, бастап та кеттік десе болады. Ауылда 3860 тұрғын бар, басым көпшілігі үлкендер. Бұл күні ұлттық киімімізді киіп, киіз үй құрып, мерекелік шараларға орын береміз. Кішілер үлкендерге құрмет көрсетіп, қауышып жатады. Бұл күні ұлттық тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі өтеді. Өнерпаздар әннен шашу шашып, күйді күмбірлетеді. Ауылда көрісуге ерекше дайындалып, осындай шаралар ұйымдастырылады. Барша ауыл халқын Көрісу күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке тілеймін.        

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:53

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 12:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары