Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Google-де жұмыс істеу көпшілікке қол жетпес арман болып көрінеді. Бұл қабілетсіздіктен емес, жолдың ұзақтығы мен талаптың жоғары болуынан. Атырау тумасы Жазира Ғариполла осы жолды еңсеріп, бүгінде әлемдегі ең танымал IT компаниялардың бірінде бағдарламашы-инженер болып еңбек етіп жүр.

«Ақ Жайық» газетінің тілшісі Жазирамен мамандық ауыстыру, мансаптағы серпілістің құны және жалақының  жоғарыболуы тыныш өмір сүруді білдірмейтіні жайында сұхбаттасты.

Жазира

- Мен қазір АҚШ-та, дәлірек айтқанда, Вашингтон штатының Бельвью қаласында тұрып жатырмын. Бұл – осы штаттағы көлемі жағынан бесінші ірі шаһар. Атақты Сиэтл қаласына жақын орналасқан. «Google» компаниясында IT-программист болып еңбек етемін. Бүгінде жұбайыммен бірге бір ұл өсіріп отырған бақытты анамын, — деді ол.

АҚШ-қа қоныс аударғанға дейін Жазира Атырауда тұрып, жұмыс істеген. 2018 жылы университетті бітірген соң мұнай компаниясына жұмысқа орналасыпты.

- Сол кезде ай сайын 650 АҚШ доллары көлемінде жалақы алып жүрдім. Бірақ, маған білім ешқашан артық етпейтін. Өзімді бір ғана жұмыспен шектегім келмейтін. Сондықтан 2019 жылы ІТ-технология бағытында iOS-әзірлеуші мамандығын меңгеріп алдым. Міне, соның арқасында атақты компаниядағы абыройлы қызметке жолдама алдым. - дейді ол. 

«Мұнда қазақстандықтар өте аз»

Жазира әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, өмірі мен жұмысы туралы бөлісіп отырады. Оның айтуынша, бұл жазбаларға қызығушылықтың себебі өте қарапайым.

- Мен секілді әлемге әйгілі компанияда қызмет етіп жатқан қазақстандықтар саусақпен санарлық. Сондықтан мен әлжеліге қандай жазба жарияласам да, лезде көптеген қаралым жинайды. Менің парақшама тіркелгендердің көбісі – Қазақстан азаматтары. Арасында өзіңіз секілді атыраулықтар да бар. Көп жағдайда Америкада өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері туралы жазбалар жариялаймын.  

Жұртшылық Google-де жұмыс істеуді көбіне жоғары табыспен байланыстырады. Ал Жазира болса, бұл сандарға иллюзиясыз қараған жөн дейді.

- Бұл жерде еңбекақы қызмет деңгейіне байланысты төленеді. Мәселен, мен үшінші деңгейдегі (L3) инженер-бағдарламашымын. Бұл – жұмысқа жаңадан алынған адамның деңгейі. Яғни, жас маман деген сөз. Бұл қатардағы қызметкерлердің тәжірибесі тым аз болып есептеледі. Ендеше, жалақысы да соған сай, - деп түсіндіреді ол. 

Оның айтуынша, жалпы алғанда, аталған деңгейдегі қызметкерлерге жылына 135 414 доллар төленеді. Одан бөлек, 19 912 доллар қосымша төлемдер мен премия тағы бар. Соның барлығын қосқанда, 155 326 долларды құрайды. Қазақстан валютасымен алатын болсақ, 70 млн теңгеден асады. 

— Айлық табысқа шаққанда шамамен 6 миллион теңге табыс түседі. Бірақ, бұл елде жалақы қаншалықты жоғары болса, тұрмыстық шығындар да соншалықты көп, — дейді Жазира.

«Күніне шамамен 100 доллар жұмсалады»

Жақында әлжеліде ол «Google» бағдарламашылары бір күнде қанша ақша жұмсайтыны жөнінде жазба жариялаған еді. Бұл желі қолданушылардың арасында үлкен резонанс тудырды. 

- Мысал ретінде өзімді алсам, мен түске дейін үйде отырып жұмыс жасаймын. Таңғы ас 2 долларға шығады. Ал, кеңсеге дейінгі 11 шақырымдық жолды санағанда, 2 долларды жанармайға жұмсаймын. Есесіне, жұмыста түскі ас тегін беріледі. Кофе де солай. Кешкі асқа қажетті азық-түлік бағасы 75 долларға шығады. Осылайша, барлық шығын шамамен 100 долларға жуықтайды.

Әлеуметтік желілерде Жазира Google кеңсесінің ішкі көрінісін де көрсеткен. Қазақстандықтар үшін мұндай кадрлар көбіне тосын әрі үйреншікті емес.

— Шын мәнінде ол жерде ешқандай ерекше нәрсе жоқ. Бұл – адамдарға жұмыс істеуге кедергі келтірмейтін үлкен кеңістік қана. Кеңсенің әр қабатында асхана («micro kitchen») бар. Онда әртүрлі ұлттың дәстүрлі тағамдары дайындалады. Сол сияқты, спорт залы, аналар бөлмесі, дұға жасауға арналған орындар да қарастырылған, — дейді ол.

- Бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай жасалған десеңізші?

— Мен мұны ерекше нәрсе деп айта алмаймын. Жұмысқа өзіңізбен бірге итіңізді де ала келуіңізге болады. Оларға ойыншық толы жәшіктер қойылған. Кеңсенің кеңдігі соншалық, мұнда қызметкерлер самокатпен де жүреді. Жұмыс барысында әріптестермен сөйлесетін, керек болса, массаж алатын да арнайы кабинеттер бар. Жұмыстан шаршаған шақта бильярд немесе компьютерлік ойындар ойнауға мүмкіндік берілген. Ұйқыңыз келсе, оған да орын бөлінген.

Сырт көзге бұл курорт сияқты көрінуі мүмкін, бірақ Жазираның айтуынша, әңгіме ойын-сауық туралы емес. Мұнда адамның сегіз сағат бойы үстел басында отырып, назарын сақтап отыра алмайтынын жақсы түсінеді. Біреуге серуендеу керек, біреуге жалғыз қалу қажет, ал біреуге аздап қозғалу маңызды. Мұндай жағдайлар артықшылық емес, жұмыс үдерісінің қалыпты бөлігі ретінде қабылданады.

АҚШ пен Қазақстандағы жұмыс тәжірибесін салыстыра отырып, Жазира ең алдымен көзқарастардағы айырмашылықты атап өтеді. 

— Мұнда алдымен адамның күнделікті қалай жұмыс істейтініне мән береді, содан кейін ғана нәтижені бағалайды. Жалпы, озық елдерде ең алдымен еңбек адамының денсаулығына қатты көңіл бөлінеді. Содан кейін ғана еңбек өнімділігіне назар аударылады. Сондықтан қызметкерлер іске кіріспес бұрын әуелі қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі. Қазақстанға да осындай еңбек мәдениеті жетіспейді, көбіне барынша жоғары талап қойылады. Айырмашылық бірден сезіледі. Бұл олқылықтың орнын толтыру алдағы уақыттың еншісінде деп ойлаймын, — дейді Жазира.

«Google адамды табысты қылмайды»

Қорытындылай келе, Жазира ірі корпорациядағы жұмысты романтикалық тұрғыдан қабылдамаған жөн дейді.

— Google адамды автоматты түрде табысты етпейді. Бұл ертегі де емес, тыныш өмірдің кепілі де емес. Мұнда үлкен жауапкершілік пен үздіксіз оқу керек. Компания адамды кім екеніңді және неге қабілетті екеніңді өте жылдам көрсетеді, — дейді ол.

Әрине, осы оқиғаның басты түйіні де осында. Мәселе тек елде, кеңседе немесе жалақы мөлшерінде емес. Кез келген мықты орта ерте ме, кеш пе адамнан өз-өзімен ашық сөйлесуді және таңдаған жолы үшін жауапкершілік алуға дайын болуды талап етеді.

Сұхбаттасқан: Әділет АМАНГЕЛДІ 

Сурет: Жазира Ғариполла

Бүгін, 12:46

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары