Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Әуедегі 10 сағаттық қарбалас: Отандық дәрігер өзбекстандық жолаушыны аман алып қалды

Әуедегі 10 сағаттық қарбалас: Отандық дәрігер өзбекстандық жолаушыны аман алып қалды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өзінің отыз жылдық мансабында Ерсін Жүнісов 10 мыңға жуық ота жасаған, талай науқастың аяғынан тік тұруына себепші болған. Әсіресе ең танымал ота — 2016 жылы Жамбыл облысында ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға жасалған еді.

— Азаматтық авиация саласындағы ауыр жарақаттан аман қалу жағдайларын тұтас әлем жүйелі түрде зерттейді. Әсемнің жағдайы да кезінде көпшіліктің назарында болды. Бұл оқиға, біріншіден, оның өмірге деген жігері мен төзімділігін көрсетсе, екіншіден, отандық медицинаның деңгейін айқындады. Сол аралықта біз республикалық санитарлық авиация қызметін жаңадан іске қосып жатқан едік. Оған дейін тәуелсіздік алғалы алғаш рет халықаралық озық тәжірибелер мен клиникалық тұжырымдамаларды енгізген болатынбыз. Дәл осы тәсілдер ауыр, күрделі жарақат алған науқастарды аман алып қалуға мүмкіндік берді. Әсеммен әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз. Жалпы, науқастар сауығып, қалыпты өміріне оралған соң, асқыну болмаса, дәрігерге жиі келе бермейді. Өзіміз ғылыми бақылау аясында белгілі бір уақыт аралығында науқастарды қадағалап отырамыз және ғылыми зерттеулерімізге қосамыз, — деді дәрігер.

Биыл да 9 наурызда Ерсін Жүнісов Нью-Йорк — Ташкент бағытындағы рейсте кенеттен есінен танып қалған жолаушының өмірін құтқарып қалған. Дәрігер оған әуеде шамамен 10 сағат бойы көмек көрсетіп, жердегі әріптесімен үздіксіз байланыста болған.

— Біз АҚШ-та өткен ортопедтер конгресіне қатысып, Нью-Йорк — Ташкент рейсімен елге қайтып келе жатқанбыз. Ұшақ көтерілгеннен кейін шамамен үш сағат өткенде бортта «Дәрігер қажет» деген хабарландыру жасалды. Сөйтсек, 19 жастағы жігіт есінен танып қалыпты. Мұндай жағдайда әдетте бірнеше маманның көмегі қажет. Науқастың жүрек соғысы тұрақсыз болды: бірде соғады, бірде тоқтап қалғандай, ал пульсі өте жиі соғып тұрды. Бірақ ұшақта 246 жолаушы болса да, менен басқа дәрігер табылмады. Жақын маңда қону мүмкіндігі де болмады. Себебі Гренландия аумағының үстінде ұшып келе жатқанбыз, ең жақын әуежайға дейін тағы 2-3 сағат уақыт бар еді, — деп еске алды дәрігер.

Дәрігер ұшақтың Wi-Fi желісіне қосылып, өзінің курстасы, кардиоритмолог Аян Әбдірахмановқа хабарласқан. Оның нұсқауымен науқастың жағдайын бақылап, есін жиған сәттерде тыныс алуын реттеген.

— Мұнда тілдік кедергі де болды. Өзбек жігіті орыс тілін білмейді, сондықтан борттағы өзге жолаушылар менің сөзімді өзбек тіліне аударып отырды. Кейін анықталғандай, жолаушының бұрыннан жүрек ауруы болған. Соңғы 1-2 аптада мазасыздық көбейіп, емделу үшін Өзбекстанға бара жатқан екен. Ұшақ Ташкентке шамамен 9 сағат 20 минутта қонды. Сол жерде науқасты жедел жәрдем қызметіне тапсырып, әрі қарай мамандардың бақылауына бердік, — деді Е. Жүнісов.

Қазір Ерсін Жүнісов Астанада ота жасауға қажетті медициналық құрылғылар өндіретін зауыт ашып, отандық өндірісті дамытуға күш салып жатыр. Онда операциялық үстелге арналған қосымша құрылғылар, спицалық аппараттарға арналған жартылай квадраттар, түрлі фиксациялық және арнайы медициналық бөлшектер шығарылады.

— Травматология мен ортопедия — қолданбалы ғылым. Біз әртүрлі құрал-жабдықтар мен сүйекті бекітетін конструкциялар әзірлейміз. Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда мұндай өндіріс бұрын болмаған. Бірқатар шәкірттерім өздері ойлап тапқан құрылғыларды Польша, Қытай, Түркия елдерінде жасатып жүрді. Тіпті Польшада жасалған бір құрылғыға Германия қызығушылық танытып, өндірісті қолға алуға ниет білдірді. Сол кезде «Неге өзімізде өндірмеске?» деген ой келді. Өйткені бұған дейін ортопедия саласындағы барлық құрал-жабдық толығымен импортпен келетін. Соңғы үш жылда осы бағытты жүйелі түрде қолға алып, өндірісті жолға қойдық. Астана әкімдігі мен салалық министрліктің қолдауымен зауытты іске қостық. Қазір өнімдер аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларға жіберіліп жатыр. Орталық Азияда алғаш рет ашылып отырған өндіріс болғандықтан, біздің басты мақсат — сапалы әрі қолжетімді өнім ұсыну, — дейді Ерсін Жүнісов.

Айта кетейік, елімізде инфаркттан болатын өлім 3,2%-ға, инсульттан өлім-жітім көрсеткіші 25%-ға азайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 22:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see134

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see121

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары