Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Ауруханаға түскен пациенттердің туыстарын хабардар етудің бірыңғай арнасы құрылады

Ауруханаға түскен пациенттердің туыстарын хабардар етудің бірыңғай арнасы құрылады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Пациенттердің жақын туыстарына ауруханаға жатқызу мәртебесі туралы уақтылы және дұрыс хабар беру – денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын арттырудың, жанжал жағдайларын азайтудың және азаматтардың медициналық көмекке деген сенімін қамтамасыз етудің маңызды элементі. Бүгінде медициналық ақпараттық жүйелерде пациенттер мен олардың заңды өкілдерін көрсетілетін медициналық қызметтер, аруханаға жатқызу фактілері, тағайындалған тексерулер мен рәсімдер туралы хабардар етудің жекелеген элементтері іске асыруда. Атап айтқанда, «Damumed» мобильді қосымшасында емдеуші дәрігердің бастамасы бойынша жансақтау бөлімінде жатқан пациенттің туыстарына оның денсаулық жағдайы туралы хабарлама жіберу функциясы енгізілген, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пациенттердің туыстарын хабардар етудің орталықтандырылған сервисін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселесін қарастырып жатыр.

Аталған жоба:

– пациенттердің туыстарын аруханаға жатқызу мәртебесі (бөлімшеде, реанимацияда, отада болуы, басқа бөлімшеге ауыстырылуы және т.б.) туралы хабардар етудің бірыңғай арнасын құруды;

– мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен цифрлық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өтініш берушіні сәйкестендіру және оның өкілеттіктерін растау тетіктерін қамтамасыз етуді;

– сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен біріктіру, өтініштерді тіркеу және ақпаратқа қолжетімділікті шектеуді;

– медициналық ұйымдардың пациенттердің туыстарымен байланыс жасауына арналған бірыңғай регламенттер мен стандарттарды әзірлеуді көздейді.

– Пилоттық жобаны жекелеген өңірдің медициналық ұйымдары базасында (Астана қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері пилоттық жобаға қатысуға дайын екендігін білдірді) іске асыру жоспарланып отыр. Кейін нәтижелері бағаланып, республика деңгейінде кеңінен енгізілетін болады. Пациенттердің туыстарын хабардар етудің жүйелі және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілген тетігін енгізу медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға, жанжал жағдайларын барынша төмендетуге, сондай-ақ дәрігерлік құпия мен жеке деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Qalqan платформасы арқылы медициналық қызмет сапасы мен қаржыландыру барысы толық бақылауға алынатынын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 13:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары