Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Ауыл жастарына жаңа мүмкіндік: білім гранты мен 60 мың теңге шәкіртақы беріледі

Ауыл жастарына жаңа мүмкіндік: білім гранты мен 60 мың теңге шәкіртақы беріледі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері әлеуметтік санаттардың біріне жататын болса, арнайы білім беру грантына үміткер бола алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Грантқа төмендегі санаттағы талапкерлер қатыса алады:

- жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар;

- мүгедектігі бар азаматтар;

- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары;

- ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.

Грант иегерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?

Білім беру гранты бойынша оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Бұдан бөлек, студенттерге оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы беріледі. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, жылына 10 ай бойы төленеді.

Грант қалай беріледі?

Үміткерлердің тізімін бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орны немесе оның филиалы қалыптастырады. Конкурсқа ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына түсу үшін белгіленген ең төменгі өту балын жинаған талапкерлер қатысады. Шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері де ескеріледі.

Үміткерлердің қорытынды тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде бекітіледі.

Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, бөлінген гранттар саны және гранттарды беру тәртібі туралы толық ақпарат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми сайтында жарияланған:qazaqstanhalqyna.kz.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Тамыз 2026 12:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары