Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бакуде Президент Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Бакуде Президент Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Іс-шара 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Қазақстанның Бакудағы елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге академиялық орта, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел, Милли Мәжіліс депутаты, АДА университетінің проректоры Фариз Исмаилзаде, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Таза энергия орталығының атқарушы директоры Айсель Ягубова, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Сүлейменова, Әзербайжан Республикасы СІМ Климаттық дипломатия департаментінің директоры Эльчин Аллахвердиев, Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының басшысы Серік Ахметов, Әзербайжан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшысы Назим Махмудов, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, сондай-ақ экология, су мәселелері және климаттық дипломатия саласындағы басқа да жетекші сарапшылар сөз сөйледі.

Фото: ҚР СІМ

Ә. Байел өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология мәселелеріне айрықша мән беретінін атап өтті. 

— 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде референдум өтеді. Ата заңның жаңа жобасында азаматтардың табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыпты қарау жөніндегі міндеттері алғаш рет айқындалған. Ал мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді, — деді ол.

Сондай-ақ, елші дөңгелек үстел қатысушыларын сәуір айында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Дипломат Қазақстан көшбасшысы Қ. К. Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы мәлімет берді.

А.Ягубова Каспий теңізінің таяздану себептері мен оның жағалаудағы мемлекеттер үшін салдарларына тоқталып, бұл мәселеге халықаралық қауымдастықтың назарын аудару қажеттігін атап өтті. З.Сүлейменова Каспий мәселелерін талқылау бастамасына жоғары баға беріп, бүгінгі күні теңіздің таяздануын тек циклдік үдерістермен байланыстыруға болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теңіздің жағдайына жаһандық жылыну елеулі теріс әсер етіп отыр. Сондай-ақ, З. Сүлейменова Қазақстанның табиғатты қорғау шараларындағы жетістіктері туралы айтып берді.

Э.Аллахвердиев Каспий маңы елдерін теңіздің экологиялық мәселелерін шешу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырып, таяздану алғаш рет тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық проблемаларға да әкеп отырғанын атап өтті. С. Ахметов қатысушыларға Каспий теңізінің онжылдықтар бойынша экологиялық жағдайы туралы презентация ұсынып, су үнемдеу технологияларын енгізуді қоса алғанда, мәселенің ықтимал шешімдерін ұсынды.

Фото: ҚР СІМ

Жалпы, дөңгелек үстел барысында өңірдегі экологиялық дағдарыстың себептері талқыланып, ықтимал шешімдер бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесіп шешу жолындағы Қазақстан мен Әзербайжанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Осыдан бұрын Бакуде Қазақстан-Әзербайжан ғылым және білім орталығы қызмет ететінін жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 01:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары