Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Конституциялық реформа: Президент Тоқаевтың бастамалары шетелдік БАҚ назарында

Конституциялық реформа: Президент Тоқаевтың бастамалары шетелдік БАҚ назарында

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды және бұл реформаны «өте маңызды мәселе» деп атап, асығыстықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды The Times of Central Asia.

Фото: Скриншот

Басылымның мәліметінше, биыл 15 наурызда азаматтар шамамен жарты жыл бойы әзірленген жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Бастама бастапқыда Парламентті қайта құрылымдаудан басталып, кейін Ата заңның жаңа жобасын дайындауға ұласты. Жұмыс тобы 2 мыңнан астам ұсынысты қарастырды, ал 2026 жылғы қаңтарда 130 мүшеден тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Қорытынды жоба сайлаушыларға: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қояды.

Басылым атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев «ешкім қолданыстағы Конституцияның маңызын төмендетуді мақсат етпейді» деп мәлімдеп, оның Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданғанын және «біздің мақсаттарымызды, құндылықтарымызды және қағидаттарымызды жаңарту аса маңызды» екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы протекционизмнің күшеюі мен геосаяси өзгерістерге назар аударып, «негізгі оқиғалар әлі алда» екенін ескертті. Басылым қазақстандық саясаттанушы М. Шибұтовтың пікірін келтіріп, «қауіпті әрі тұрақсыз кезең жаңа саяси жүйені талап ететінін» жазған.

Euronews: Қазақстан жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум өткізеді

Euronews та Қазақстан 15 наурыз күні жаңа Конституция бойынша референдум өткізетінін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия түпкілікті жобаны ұсынғаннан кейін тиісті жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

— Ұсынылып отырған түзетулер өкілеттіктерді қайта бөлуге, тепе-теңдік жүйесін нығайтуға және ең бастысы, барлық саяси институттардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деді Қ. Тоқаев.

Ел Президенті қазіргі Конституцияның соңғы 30 жылдағы рөлін жоғары бағалай отырып, бұл құжат «Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының алғашқы қиын жылдарының ізін сақтап отырғанын» және «еліміздің мақсаттары, құндылықтары мен қағидаттарын жаңарту уақыты келгенін» атап өтті.

Фото: Скриншот

Жоба вице-президент лауазымын қалпына келтіруді, билік сабақтастығы ережелерін өзгертуді және неке мен халықаралық құқыққа қатысты ережелерді қайта қарауды көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды өкілетті Парламенті бар президенттік республикаға көшіруге бағытталған конституциялық реформалар туралы жариялады. Бұл өзгерістер шамадан тыс орталықтандырылған атқарушы билік моделінен өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейді, деп хабарлайды Yeni Şafak.

Басылымның жазуынша, Қазақстан «суперпрезиденттік» жүйеден бас тартып, ауқымды саяси реформаны жүзеге асырып жатыр. Сейсенбі күні Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ықпалды Парламентке сүйенетін президенттік республикаға көшу бағытын айқындады. Бұл — соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан реформалардың жалғасы.

Фото: Скриншот

Тоқаев ұсынылып отырған конституциялық түзетулер «күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген «мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін» қалыптастыруға бағытталғанын мәлімдеді. Ол өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, өкілеттіктерді қайта бөлуге, сондай-ақ барлық саяси институттардың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Yeni Şafak басылымының бағалауынша, Президент жаңа жобаны 2022 жылғы конституциялық реформаларға сүйенетін Қазақстанның саяси эволюциясындағы заңды қадам ретінде таныстырды. Қ. Тоқаевтың айтуынша, түзетулер 2019 жылдан бері ел ұстанып келе жатқан «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатын одан әрі нақтылай түседі.

Anadolu Agency: Қазақстан «суперпрезиденттік» басқару формасынан бас тартады — Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні елдің «суперпрезиденттік» жүйеден бас тартып, ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu Agency.

Астанада сөйлеген сөзінде Қ. Тоқаев «Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартып, ықпалды әрі беделді Парламенті бар президенттік республикаға көшетінін» мәлімдеген.

Фото: Скриншот

Ел Президенті ұсынылып отырған конституциялық түзетулер — 2022 жылғы конституциялық өзгерістермен басталған саяси реформалардың жалғасы екенін түсіндірді. Жаңа Конституция жобасы «күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» формуласы негізінде билік тармақтарының теңгерімін қалыптастыруға бағытталған.

Тоқаев өзгерістер тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтып, өкілеттіктерді қайта бөлетінін және саяси институттардың тұрақтылығын арттыратынын атап өтті. Сонымен бірге, 2019 жылдан бергі саяси бағытты айқындайтын « адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты нақты мазмұнға ие болғанын айтты.

Eurasianet: Тоқаев жаңа Конституцияны жоспарлауда, 15 наурыздағы референдум, билік сабақтастығы

Eurasianet мәліметінше, Қазақстан 1993 жылдан бері үшінші Конституциясын қабылдауға бет алды. Басылымның жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңғыру атқарушы және заң шығарушы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, мемлекетті жаңғыртатынын мәлімдеді. Ол Ұлттық құрылтай отырысында «ірі, түбегейлі өзгерістердің уақыты келгенін» айтып, 2026 жылды «тағдыршешті» жыл деп атаған.

Фото: Скриншот

Жоба бір палаталы Парламент енгізуді және вице-президент лауазымын қайта қалпына келтіруді көздейді. Тоқаевтың айтуынша, вице-президент институтын қайтару «басқаруды тұрақтандырып», «мемлекеттік иерархияға айқындық енгізеді». Жаңа Конституция қабылданған жағдайда (бұл ықтималдығы жоғары деп бағалануда) вице-президент Қазақстанды халықаралық аренада таныстырып, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасайтын болады.

Қазақстан Конституциясындағы алдағы өзгерістерді ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да белсенді түрде жарияланып жатыр. Ресейлік Известия газеті «Қазақстандағы саяси реформалардың мәні неде? Шолу» атты талдамалық мақала жариялап, онда ұсынылып отырған өзгерістерді қарастырған.

Фото: Скриншот

Мақалада жаңа Конституция ең алдымен экономикалық және инфрақұрылымдық дамуға басымдық беруі қажеттігі аталған. Үкіметке өсу стратегиясын әзірлеу, инфляцияны төмендету және мұнай өңдеу саласын жаңғырту тапсырылған. Сонымен бірге, ел мал шаруашылығындағы жүйелі проблемаларды шешуге және мұнай-химия саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге назар аударған.

Ұсынылған барлық түзетуді жалпыұлттық референдум арқылы қабылдау жоспарланып отыр.

Бұған дейін елімізде апта ішінде болған маңызды кадрлық тағайындауларға шолу ұсынған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Ақпан 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары