Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Қазақстан әлемдік БАҚ назарында: шетелдік басылымдар Тоқаевтың Шанхайға сапарын қалай бағалады

Қазақстан әлемдік БАҚ назарында: шетелдік басылымдар Тоқаевтың Шанхайға сапарын қалай бағалады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Президентінің Шанхайға сапары мен оның Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференциядағы (WAIC) сөзі әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері мен Азия, Еуропа және Таяу Шығыс басылымдарының кең назарын аударды. Шетелдік БАҚ Астананың жасанды интеллектіні басқару саласындағы бастамаларына, құны 15 миллиард доллардан асатын экономикалық келісімдер топтамасына және Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық әрі көлік-логистикалық көпір ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 15 шілдеде Шанхайға келді. 16 шілдеде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, 17 шілдеде «Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы әріптестік» ұранымен өткен WAIC конференциясының ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Астананың жасанды интеллект саласындағы бастамалары

Қазақстан Президенті көтерген бастамаларды ең жан-жақты талдаған басылымдардың бірі – Сингапурда шығатын In Diplomacy.  Басылым Тоқаевтың технологияны ең алдымен даму құралы ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның пікірінше, жасанды интеллект «геосаяси бәсекелестіктің емес, бейбітшілік, ортақ өркендеу және ұзақ мерзімді тұрақты дамудың игілігіне қызмет етуі тиіс».

Басылым Президент ұсынған бастамалардың қатарында «Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі» жобасын, өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен енгізуді, сондай-ақ жасанды интеллектіні реттеу, стандарттар мен этика мәселелері бойынша тұрақты халықаралық сарапшылар платформасын құруды атады.

Түркияның Anadolu агенттігі Президенттің сөзінен тікелей үзінді келтірді.

Ұсынылған қағидаттар технологиялық прогресс баршаға ортақ игілікке қызмет етуі үшін біздің бірлескен күш-жігеріміздің негізіне айналуы тиіс деп есептейміз, – деді Тоқаев «Жасанды интеллект – игілік үшін, жасанды интеллект – баршаға» қағидатын қолдай отырып.

Сондай-ақ ол:

Бүгінде әлемдегі жасанды интеллект зерттеушілерінің жартысынан астамы Қытай Халық Республикасының өкілдері, – деп атап өтті.

Ресейдің МИР 24 телеарнасы Президенттің технологияларға әділ қолжетімділік туралы пікіріне назар аударды.

Әрбір мемлекет өз адами капиталын, цифрлық инфрақұрылымын және институционалдық әлеуетін дамыту мүмкіндігіне ие болуға тиіс... Сонымен қатар жасанды интеллект әрдайым адамның сауатты әрі саналы бақылауында қалуы қажет, – деген сөзін жариялады.

Ал Интерфакс агенттігі оның мына үндеуін ерекше атап өтті:

Барлық қатысушы мемлекеттер мен мүдделі тараптарды жасанды интеллект саласындағы реттеу, стандарттар мен этика мәселелері бойынша тұрақты сарапшылар платформасын құруға шақырамын.

Америкалық сараптамалық Timesca басылымы Астананың халықаралық ережелерді қалыптастыруға ұмтылысын ерекше бағалады.

Басылым Президенттің:

«Ешбір мемлекет жасанды интеллектінің жай ғана тұтынушысы болып қалмауы керек», – деген сөзін келтіріп, Қазақстан жаңа Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының (WAICO) алғашқы отырысын өткізуге және оның Орталық Азиядағы кеңсесін өз аумағында орналастыруға дайын екенін атап өтті. Осылайша, Қазақстан технологияны пайдаланушы ғана емес, жаңа халықаралық қағидалардың қалыптасуына үлес қосушы ел болуға ниетті деген қорытынды жасалды.

15 миллиард долларлық экономикалық келісімдер

Іскерлік бағыттағы Intellinews  басылымы сапардың коммерциялық бөлігіне кеңінен тоқталды.

Басылымның жазуынша, жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым, көлік, өнеркәсіп, энергетика және стратегиялық маңызды минералдар салаларын қамтитын жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісім мен меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар басылым Қытайдың Орталық Азия елдері алдындағы міндеттемелерді тұрақты түрде орындап келе жатқанын, ал Ресей, АҚШ және Еуропалық одақ тарапынан мұндай ауқымды келісімдердің сирек жасалатынын атап өтті.

Негізгі жобалардың қатарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Huawei компаниясымен стратегиялық әріптестігі, Екібастұзда қуаты 1 ГВт болатын Data Center Valley жобасы және Орталық Азиядағы алғашқы аккумулятор зауытының CATL компаниясымен бірлесіп салынуы аталды. Басылымның мәліметінше, CATL Қазақстанды «ұзақ мерзімді маңызды серіктес» ретінде қарастырады.

Еуропалық Euronews Си Цзиньпиннің мына сөзін жариялады:

Ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Алдағы уақытта оны одан әрі дамытуға мүмкіндік мол.

Сондай-ақ басылым Тоқаевтың елдің технологиялық бағытын айқындаған сөзін келтірді:

Бүгінде тек табиғи ресурстарға сүйену жеткіліксіз. Бәсекеге қабілеттілік технологиялармен, деректермен және жасанды интеллектімен айқындалады.

Түркияның TRT телеарнасы 2027–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен жол картасына қол қойылғанын атап өтті.

Басылымның жазуынша, Тоқаевтың пікірінше, соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси диалог айтарлықтай нығайған, ал Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді.

Еуразияның көлік-логистикалық хабы

Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетіне Euronews пен Anadolu да ерекше назар аударды.

Екі басылым да Президенттің:

Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен жалғайтын басты көлік-логистикалық хабқа айналуға тиіс, – деген сөзін келтірді.

Бұл пікірді нақты деректер де қуаттайды. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол транзитінің шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ел 13 халықаралық көлік дәлізіне қосылған, ал соңғы 15 жылда көлік инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам инвестиция салынған.

Сонымен бірге Бақты – Аягөз теміржол желісі, жаңа шекаралық өткізу бекеті, жылына 15 миллион тоннаға дейін жүк қабылдайтын Құрық терминалы және Smart Cargo цифрлық платформасы да аталып өтті.

Технологиялық коалициялар арасындағы бірегей орны

Reuters агенттігі Қазақстанның ерекше мәртебесіне назар аударды.

Басылымның мәліметінше, Қазақстан Қытай бастамасымен құрылған WAICO ұйымына да (29 мемлекет), АҚШ қолдайтын AI Opportunity Statement бастамасына да (35 мемлекет) бірдей мүше болған жалғыз ел.

Бұл дерек Астананың көпвекторлы саясаты мен екі ірі технологиялық орталықпен қатар ынтымақтастық орната алатынын көрсетеді.

Британдық Financial Times  Си Цзиньпиннің Қазақстан Президентіне арнаған сөзін жариялады:

Қытай Қазақстанның цифрлық трансформациясына қолдау көрсету үшін цифрлық экономика мен жасанды интеллект саласындағы технологияларымен бөлісуге дайын.

Қытаймен әріптестік жаңа деңгейге көтерілді

Қытайдың мемлекеттік Синьхуа агенттігі Си Цзиньпиннің мына бағасын жариялады:

Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік жоғары деңгейде дамып келеді және өзара ықпалдастықтың зор әлеуеті мен болашақтағы кең мүмкіндіктерін көрсетіп отыр.

China Daily басылымы Тоқаевтың Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі ретінде қарастыратыны туралы сөзін келтірді.

Ресейлік Pravda.ru қазіргі кезеңді «алтын отыз жылдық» деп бағалап, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағытын айқындағанын жазды.

Ал Global Times Қытайдың автономды көлік жүйесі Baidu Apollo Go қызметінің Қазақстан нарығына шыққанын хабарлады. Бұл – Орталық Азиядағы қытайлық жүргізушісіз көлік технологиясының алғашқы жобасы.

Жалпы алғанда, шетелдік басылымдар Қазақстанды жаһандық технологиялық күн тәртібіне белсенді қатысатын мемлекет ретінде сипаттады. Олар елдің ірі инвестициялар тартумен қатар, жасанды интеллектіні басқару саласында өз бастамаларын ұсынып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды көлік және цифрлық торап ретіндегі орнын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 19:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see140

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see114

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары