Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Балалардың қауіпсіздігі үшін Kundelik платформасына прокуратураның блогын қосылды

Балалардың қауіпсіздігі үшін Kundelik платформасына прокуратураның блогын қосылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бас Прокурор Берік Асылов барлық өңір прокурорларының балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аудара отырып, Алматы облысының прокуратурасы Kundelik платформасымен меморандум жасасқанын айтты. Енді қосымшаның басты бетінде прокуратураның блогы іске қосылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов жыл қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында сөз етті. Жиында  балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс прокурорларының баяндамалары тыңдалды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық тәуекелдерді анықтауға және азайтуға бағытталған «Қауіпсіз өңір» жобасын ұсынды.

Айтуынша, жоба қауіпті учаскелерді абаттандыруды, көшелерді жарықтандыруды, инфрақұрылымды мониторингтеуді, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдау негізінде профилактикалық және патрульдік жұмысты күшейтуді көздейді. Қазір әжептеуір нәтижелер бар: бірқатар қауіптер төмендетілді, балалардың мектепке баратын жолында инфрақұрылым қамтамасыз етілді, буллинг фактілері анықталып, жедел шаралар қабылданды.

- Аталған жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы болып саналады деген талаптарына сәйкес келеді. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі  әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды.

Барлық өңір прокурорларына балалар қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, осындай жұмысты жүргізу тапсырылды. Қауіпті учаскелерді анықтау, жарықтандыру мен патрульдеуді күшейту, жергілікті атқарушы органдармен және полициямен нақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету прокурорлардың алдағы кезеңдегі негізгі міндеті.  Балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және олардың өмірі үшін қауіпсіз, сенімді орта қалыптастыру барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысының сөзсіз басымдығы болуы тиіс, - дейді Бас Прокурор.

Берік Асыловтың айтуынша, Алматы облысының прокуратурасы Kundelik платформасымен меморандум жасап, қосымшаның басты бетінде прокуратураның блогын іске қосқан. Блог балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

- Құқықтық негіздерді тиімді қабылдау үшін өзара іс-қимылдың 4 негізгі тетігі қарастырылған.  Материалдар (фото, видео, мәтіндік форматтар және вебинарлар) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалып, күрделі құқықтық мәселелер түсінікті тілде беріледі, ұсынымдар мен кеңестерді қамтиды және оқу процесінде қолданылады. Балалармен кері байланыс QR-кодтар, сондай-ақ мессенджерлер арқылы анонимді өтініш беру мүмкіндігімен қамтамасыз етілген. 

Kundelik платформасымен ынтымақтастық құқықтық ақпаратты жеткізумен қатар, қолда бар мәліметтерді талдауға, оларды «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында пайдалануға, сондай-ақ тәуекел тобындағы балаларды және баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарды уақтылы анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 16 мыңнан астам бала тиісті медициналық қызметтермен қамтылды, 4 мыңнан астам ата-анаға заңда көзделген әлеуметтік төлемдер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, қамқорлықсыз қалған үш жасар балаға жедел көмек көрсетілді: әкесі жазасын өтеп жатқан, ал анасы қоғамға жат өмір салтын ұстанған. Анасы маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеуге жіберіліп, бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тиісті күтім мен бақылауға алынды. Бұл - атқарылған жұмыстың бір бөлігі ғана, - дейді ол.

Бас прокурор балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі прокурорлар жұмысын жүйелеу, сондай-ақ балалар мен ата-аналарды ақпараттандыру тиімділігін арттыру мақсатында Kundelik платформасымен осындай интеграцияны жүзеге асыру тапсырылды. Бұл балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған прокуратура жобаларын біріктіруге және жүйелеуге; нақты балалар мен ата-аналар топтарымен жұмысты бірыңғай әрі үйлестірілген тәсілде жүргізуге; қолайлы әрі кеңінен қолданылатын цифрлық құрал арқылы құқықтық тәрбиені және заңға бағынатын азаматты қалыптастыруды күшейтуге мүмкіндік береді.

"Аталған жұмыстардың барлығы балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын профилактика, уақтылы көмек көрсету және әрбір баланың құқығын қорғау арқылы іс жүзінде іске асыруға бағытталған", - дейді Бас Прокурор Берік Асылов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары