Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! соңғы құқықтық оқиғаларға депутаттардың пікірі

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! соңғы құқықтық оқиғаларға депутаттардың пікірі

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Соңғы уақытта ел ішінде журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыстық істердің жиілеуі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ақпарат өкілдерін полицияға шақырту, кейбірінің қамауға алынуы қоғамда түрлі пікір туғызуда. Осыған байланысты тілшіміз Мәжіліс депутаттарының пікірін сұрап білді.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков әрбір жағдайды жеке қарастыру қажет екенін айтты. Оның сөзінше, заң алдында барлығы тең, ал құқық қорғау органдарының әрекеті заң шеңберінде жүзеге асуы тиіс.

«Егер кімде-кім заңсыз әрекет жасаса, полиция оны тергеуге шақырып, мән-жайды анықтайды. Бұл – қалыпты процесс», – деді депутат.

«Жалпы адам өз аузына ие болуы керек»

Ал депутат Самат Нұртаза кез келген айтылған ақпарат дәлелмен расталуы керектігін атап өтті. Оның пікірінше, әр адам өз сөзіне жауап беруі тиіс.

«Дәлелдей алсаңыз – дұрыс, дәлелдей алмасаңыз, жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Жалпы адам өз аузына ие болуы керек», – деді ол.

Сондай-ақ депутат ресми органдардың қорытындысын күтудің маңызын атап өтті.

«Данышпансып қатты ақыл айтудың қажеті жоқ»

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай журналистерге кәсіби жауапкершілік жүктелетінін айтты. Оның сөзінше, соңғы уақытта «тексерілмеген жалған ақпарат тарату» айыбы жиі тағылып жатыр.

«Журналист өз атынан ештеңе қоспауы керек. Әртүрлі пікірді беру арқылы бейтараптықты сақтау маңызды. Ақпаратты тексермей тарату – мәдениетке жат», – деді ол.

Сонымен қатар депутат журналистер арасында ауызбіршіліктің де маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде жақында үйқамаққа тоғытылған журналист Ботагөз Омароваға қатысты істі еске алып, Омарованың әріптестері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуін жоғары бағалады.

Есте болса Қазақстандық журналистер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы («көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша күдікті ретінде танылған журналист Ботагөз Омароваға қатысты істі жеке бақылауына алуын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабын қылмыстық жауапкершіліктен алып тастау, яғни декриминализациялауға бастамашылық етуді сұрап үндеу жасаған болатын.

Осы ретте тілшіміз кәсіби журналист, қазіргі күні Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдан Қылмыстық кодекстің 274-бабын декриминализациялау туралы журналистердің ұсынысына қатысты пікір сұрады. Өз жауабында депутат журналистер бейтарап позицияны ұстанып, кәсібилікті күшейтуі қажет екенін айтты.

«Біз масс-медиа туралы заң қабылдадық қой. Екінші тарапқа жауапты қалдыруға болады. Өз аттарыңыздан қоспаңыздар, данышпансып қатты ақыл айтудың қажеті жоқ. Журналист деген қашан да бейтарап болуы керек. Бейтарап позицияны ұстансақ, сол дұрыс болады. Кәсібилік жетіспей жатыр», – деді Толықбай.

«Қандай да бір баптарды жеңілдету, құқық бұзуға мүмкіндік бермеуі тиіс»

Мәжіліс депутаты болып отырған тағы бір журналист Нартай Сәрсенғалиев нақты істер бойынша баға беру үшін тергеу материалдарымен танысу қажет екенін айтты.

«Құқық қорғау органдарының әрекетіне баға беру үшін толық ақпарат керек. Қазір бұл мүмкін емес», – деді ол.

Сонымен бірге депутат 274-бапқа қатысты ұсыныстар бұрыннан айтылып келе жатқанын, оларды халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жан-жақты қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Қандай да бір баптарды жеңілдету, түптеп келгенде, құқық бұзуға мүмкіндік бермеуі тиіс. Біз әріптестеріміздің құқығын қорғау үшін көптен бері күресіп келеміз. Масс-медиа туралы заң аясында бірқатар нормаларды қайта қарап, артық талаптарды алып тастадық. Былтыр журналистер үшін салық мөлшерлемесі 16 пайызға дейін көтерілген еді, нәтижесінде оны 10 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Сондай-ақ мерзімді баспасөздің шығындарын да барынша азайттық. Яғни, бұл бағытта нақты нәтижелер бар», – деп отыр депутат.

Сәрсенғалиев сондай-ақ заңнамалық өзгерістер кешенді жұмыс арқылы жүзеге асатынын жеткізді. Оның айтуынша, журналистердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған.

«Бұл мәселені зерттеп, сарапшылармен бірге қарауымыз керек. Егер сіздердің тараптарыңыздан нақты ұсыныстар болса, бірге жұмыс істеуге дайынмын», – деді депутат.

Сонымен қатар, еске сала кетейік, ақын Танагөз Толқынқызының Facebook парақшасындағы қазіргі қазақ қоғамы туралы жазбасы желіде қызу талқыға түскен. Ақын жазбасында «қазақ тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген еді. Кейін ақын осы жазбасы үшін полицияға үстінен шағым түсіп, 31 наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрағанын хабарлаған.

Танагөз Толқынқызының өзі: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Бұл – дала заңы. Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына.

Осы мәселеге қатысты да пікір білдірген Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ақынның шығармашылығымен таныс екенін, оған құрметпен қарайтынын, қоғамдағы белсенді азамат ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Мен Танагөз ханымды ерекше сыйлаймын. Ол тек шығармашылықпен шектелмей, түрлі қоғамдық мәселелерде азаматтардың құқығын қорғап жүрген қайсар тұлға. Үнін ешқашан жасырып қалған емес», – деді Сәрсенғалиев.

 Дегенмен оның айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздігіне күмән келтіруге негіз жоқ.

«Біздің мемлекетіміздің іргетасы берік, шекарасы айқын, халықаралық деңгейде мойындалған ел. Сондықтан тәуелсіздікті сақтай алмайды деуге болмайды», – деді депутат.

Депутаттың пікірінше, туындаған жағдай құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Ол ақынға қажет болған жағдайда тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселе заң аясында реттеледі деген үміт білдірді.

Еске салайық, жуырда журналист Ботагөз Омарова «көрінеу жалған ақпарат тарату» күдігімен үйқамаққа алынған еді, ақын Танагөз Толқынқызы әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты полицияға шақырылды. Сонымен қатар жақында блогер Әділхан Молдахан да ақпарат таратуға қатысты жауапкершілік мәселесі бойынша қамауға алынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары